ҚОС ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Аудан экономикасының маңызды буындарының бірі – теміржол саласы. Бұл салада көптеген жерлестеріміз табысты еңбек етуде. Жемісті жұмыс атқара жүріп, жалпы ел экономикасының, оның ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлестерін қосуда. Түрлі бағытта қызмет көрсететін теміржол кәсіпорындары арасында Шу жол дистансасының маңызы айрықша. Өйткені, мұндағы еңбеккерлер пойыздардың қауіпсіз қозғалысы үшін аянбай тер төгеді. Ал, пойыздың қауіпсіз қозғалысы дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, сол пойыздағы жолаушылардың бас амандығы, тасымалданатын халық шаруашылығы жүктерінің межелі жерлеріне түз - түгел бұзылмай, бүлінбей жеткізілуі.
Қиындығы мен сындарлы сәттері мол осы салада талмай, қажымай, адал еңбек ете жүріп, өзінен кейінгі жас буын өкілдеріне өнегелі өмір жолдарын үлгі етіп, еңбек тәжірибесін үйретуден жалықпай еңбек демалысына шығып, бүгінде бейнетті ғұмырдың зейнетін көруге қадам басқан жандар жетерлік. Олардың қатарынан Қанат Дөнбайұлы Сүгірбай мен Нұрымхан Молдақұлұлы Шагилбаевты атап айтуға болады.
1953 жылы Жамбыл ауылында дүниеге келген Қанат Дөнбайұлы 1979 жылы Алматы теміржол көлігі институтын бітіргеннен кейін, Алматы темір жолында еңбек жолын бастап, кейін Шу жол дистансасында жол бригадирі, жол шебері, аға жол шебері сынды қызмет сатыларынан өтіп, шыңдалған.
1983-1985 жылдары Алматы темір жолы Шу бөлімшесінің жол бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарады. 1985-86 жылдары Шу жол дистансасы бастығының орынбасары, 1986-88 жылдары Шу жол дистансасының бастығы, 1988-94 жылдары Алматы темір жол бөлімінің № 161 жолды өлшеу вагонының бастығы, 1994-98 жылдары Алматы темір жолы Жамбыл бөлімшесінің жолаушылар тасымалының ревизоры болып еңбек етті. 2000-2014 жылдары «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Шу жол дистансасы филиалының директоры, 2014-2016 жылдары Шу жол дистансасы филиалының бас инженері міндеттерін де лайықты атқарған.
Қанат Дөнбайұлы өзінің қызмет еткен жылдарында Қазақстан теміржолындағы жолды техникалық тұрғыдан жетілдіруге баса назар аударып, Шығанақ - Шу, Жамбыл - Шу- Отар жүрдек пойыздарының жылдамдығын сағатына 130 - 140 км/сағатқа дейін көтеру үшін күрделі жұмыс атқарып, осы іске өз біліктілігімен сүбелі үлес қосты. Темір жол саласындағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі еленіп, «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен, Қазақстан темір жолының 100 жылдық мерекелік медалімен марапатталды.
Ал, келесі кейіпкеріміз –Нұрымхан Молдақұлұлы Шагилбаев 1951 жылы ауданымыздың Еңбекші ауылында дүниеге келген. Алматы теміржол институтын инженер мамандығы бойынша бітірген соң, алғашқы еңбек жолын 1980 жылы Шығанақ жол дистансасында бастап, аға жол шеберіне дейінгі қызмет сатыларынан өтеді. 1981 жылы Шу жол дистансасына бас инженері болып тағайындалады. Осы жерде 2015 жылдың қыркүйек айына дейін жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады.
Теміржол саласындағы көп жылғы еңбегі еленіп, Қазақстан теміржолының жүз жылдық мерекелік медалін иеленген. Сондай-ақ, есімдері аталған екі азамат та қызмет еткен жылдарында облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен, теміржол саласы басшыларының түрлі сыйлықтарымен марапатталған.
Осындай ерен еңбектің иелері жуырда тағы да зор құрметке бөленді. Атап айтқанда, саладағы ұзақ жылғы әрі жауапты еңбектері еленіп, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Теміржолшы ардагерлерінің орталық кеңесі төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Астана қаласынан арнайы жеткізілген марапатты Шу жол дистансасы мекемесінде Шу стансасы торабы теміржолшылар ардагерлері кеңесінің төрағасы Халық Тұрсынбай Нұрғалиұлы қос зейнеткерге салтанатты түрде табыс етіп, қарияларға шапан жауып, ізгі тілегін жеткізді.
Ал, Шу жол дистансасының басшысы Ғалымбек Тұрғанбекұлы ұжым атынан ақ дастархан жайып, ардагерлерге құрмет көрсетілді. Дастархан басында құрметке бөленген қос ардагер шойын жол бойындағы жұмыстың кейбір сындарлы сәттерімен, өз тәжірибелеріндегі қилы кезеңдерге толы естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ, өздеріне көрсетіліп жатқан құрмет үшін ұйымдастырушыларға зор алғыстарын білдіріп, алдыңғы толқынның ізін жалғап келе жатқан ұжым қызметкерлеріне толағай табыстар тіледі.

Динара БАТЫРХАИРОВА,
журналист.
Шу ауданы
журналист.
Шу ауданы
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)