АРДАГЕРЛЕРДЕН АЛАТЫНЫМЫЗ КӨП
Теміржол – экономиканың күретамыры, жүк тасымалы болсын, жолаушылар тасымалы болсын, «отарбаның» атқаратын тірлігі ауқымды. Бұл ретте «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясы Жамбыл бөлімшесі еліміз бойынша шешуші рөл атқаратын тораптардың санатында. Күн-түн демей толассыз ағылып жатқан жолаушылар пойыздары, аса маңызды халық шаруашылығы тауарларын тасымалдаушы эшелондар ел экономикасының дамуына үлес қосып жатқаны айтпаса да түсінікті.
Кезінде алып держава КСРО-ның шығысы мен батысын жалғаған күретамыр – Түрксіб теміржол құрылысына мемлекет және қоғам қайраткері, ұлтының ұлы перзенті, ұрпағының мақтанышы Тұрар Рысқұлов атамыздың ересен еңбек сіңіріп, үлкен үлес қосқаны тарихтан белгілі.
Әңгімені әріден қозғап отырғаным, салада атқарылған, жүзеге асырылған тірліктің сыртында оны орындаушы еңбек адамдары тұр. Болат жолдың бойында уақытпен санаспай жұмыс істеп жатқан теміржолшылардың мамандықтары құрметті. Соны бағалауымыз және өз ісінің шебері, кәсіби мамандар дайындауымыз керек. Бұл мерейлі міндетті Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі мінсіз жүзеге асырып келеді. Колледж директоры Ұлжан Қайыпбекқызы Кенжебаева білім беру үдерісін үйлестіре білуі арқасында жұмысты жақсы жолға қойған.
Теміржолшылардың бірнеше ұрпағына кәсіби білім беріп қанаттандырып ұшырған колледжде қазір білімгерлер 4 мамандық бойынша білім алуда. Оларды білімді, білікті ұстаздар кәсіби шеберлікке баулып жатыр.
Бүгінгі әңгіме осында ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарған ардагер ұстаздар туралы.
Жуырда солардың бірқатарына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатын тапсыру рәсімі болып өткен. Бұл жолы осындай құрметке ие болғандар - «КСРО кәсіби - техникалық білім үздігі», «Ыбырай Алтынсарин», «Құрметті теміржолшы» төсбелгілерінің иегерлері, ардагер ұстаздар Зұлбыхар Серікбаев пен Хасан Махамбетұлы Құрбанов ағалар.
Осы оқу орнын 1957 жылы бітірген Зұлбыхар аға 1966 жылдан өзі түлеп ұшқан кәсіби мектепте өндірістік оқыту шебері, аға шебер, директордың орынбасары қызметтерінде мол тәжірибе жинақтап, 1978 -2004 жылдары директор лауазымында жұмыс істеген. Ұзақ жылдар кәсіби - техникалық білім беру жүйесінде тер төгіп, соңғы уақыттарда осы колледждің директоры болған Хасан Махамбетұлы қандай құрметке де лайық.
Колледж оқытушылары мен білімгерлер, басқа да сыйлы қонақтар қатысқан басқосуда оқу орны бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляйля Нұрланқызы Ералиева ардагер ұстаздарға аталмыш Алғыс хаттар мен сый-сияпаттарды салтанатты түрде тапсырып, аға буын ағалар мен аталарға жақсы тілектер арнады.
Өмірден көргендері, көңілге түйгендері көп ардагерлердің жас жеткіншектерге айтар ақыл-кеңстері мол. Зұлбыхар мен Хасан аталары білімгерлерге Отанды сүю, ата-ананы, үлкендерді құрметтеу, мамандыққа машықтану туралы тағлымды дәріс бергендей әңгіме өрбіткен.
Өмірлері – өнеге, істері – үлгі, іздері – ілгері апаратын алтын соқпақ қазыналы қариялардың естеліктері есте қаларлықтай, өмірлік сабақ боларлықтай әсерлі шықты. Жастар тәрбиесінде рөлі зор осындай келелі кездесулерді алдағы уақытта жиі ұйымдастыратын боламыз. Өйткені, ардагерлеріміздің бізге берері, біздің ақылман ақсақалдардан алатынымыз көп.

Гүлжан Керменбаева,
колледж бастауыш ардагерлер
ұйымының төрайымы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)