Бәсекелестік – белсенделікке бастайтын жол

Меркі ауданында өткен облыстық семинарда Ақтоған, Сұрат ауылдық округтеріндегі бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмыс тәжірибесі кеңінен талқыға түсті, осы ауылдардағы ардагер кәсіпкерлер Қанат Шайхиевтің, Мақсұт Несіпбаевтың, Бөрібай Кендірбаевтың ардагерлер ұйымдарының жұмыстарына жанашырлықпен араласып жүргеніне куә болдық. Ауданда ардагерлерді сауықтыру бағытында атқарылып жатқан тындырымды істерді көрдік.
Біз өз қызметімізде жаңаша жұмыс істеуді бағыт етіп алдық. Соның бір дәлелі – аймақтық «Аялы әже» форумының өтуі болды. Оған өңіріміздің 1000-ға жуық аналары мен әжелері қатысты. Аналар алқаларының қызметін тиімді ұйымдастырып жүрген біздің белсенді ардагерлеріміз Хадиша Оспановаға, Нұркүл Оспанбековаға, профессор Жанат Сарыбековаға, Шырын Каппароваға, Қайнарқүл Тәттіғұловаға, Назым Қуанышеваға және басқаларға ризашылығымызды білдіреміз.
Талас ауданының Ойық ауылдық округінің ардагерлер ұйымының бастамасымен өткен облыстық семинардың тағылымдық маңызы зор болды.
Бастауыш ардагерлер ұйымы қолға алып жатқан «Елдіктің тоғыз бағыты - жас ұрпаққа бағдар» жобасы біздің бүкіл идеологиялық жұмысымыздың өзегі болуға лайық десем артық айтқандық болмас.
Жиын соңынан «Елдіктің тоғыз бағыты - жас ұрпаққа бағдар» жобасына байланысты бүкіл облыс халқына арнап Үндеу қабылдадық.
Үндеуді барлық аудандарда, Тараз, Шу қалаларында жергілікті атқарушы, өкілетті билік өкілдерімен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесе талқылап, тұрғандар арасында үгіт-насихат жүргізіп, аста-төк ысырапшылыққа, даңғазалыққа жол бермеу жағын көп болып қарастырдық. Шу ауданы мен Шу қаласының ардагерлер кеңестері құқық қорғау органдары мен дін қызметкерлерін қатыстыра отырып, үлкен жиын өткізді. Бұл жиын жөнінде өзіміздің «Ғұмыр-Дария» газетінде кеңінен жазылды.
Ардагерлер ұйымдарының бастама-сымен облысымыздың 12 ауылдық округінде қазіргі кезде бузақылық жасау күрт төмендеді, оларда ішімдік сатуға тоқтам салынды. Аймақта ақсақалдардың бастамасымен асарлатып үй салу ісі жалғасын табуда, бұл сауапты істің басында біздің ардагерлер жүр. Қордай ауданында 47, Шу ауданында 12, Жамбыл ауданында 10, Т. Рысқұлов, Байзақ аудандарында 7 үйден салынып, мұқтаж адамдарға берілді.
Е. Солтыбаев өзінің баяндамасында ардагерлер ұйымдарының сан-салалы қоғамдық қызметіне кеңінен талдау жасады. Шешен батагөйлер арасында бәсекенің соңғы жылдарда кең қанат жайғанын, өскелең ұрпақты аға буынның ерлік және еңбек даңқы дәстүрлері рухында тәрбиелеу ісінің жүйелі жолға қойылғандығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына әзірлік жан шақты жүргізіліп жатқандығын атап көрсетіп, қарт адамдардың денсаулығына мұқият қарау, оларды сауықтыру мекемелеріне жіберудің жүйелі жолын қарастыру жөнінде алда қыруар міндеттер тұрғандығын тілге тиек етті.
Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (0)