Талас ауданы Тұрымқұл ауылында ауыз су жүйесі іске қосылды
➤ Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
➤ Тұрымқұл ауылында 230-ға жуық халық тұрады.
- Мерекеге орай таза ауыз суға қол жеткізіп, мерейіміз тасып отыр. Бұған дейін құдықтан су тартып, әбігерге түсетінбіз. Таза ауыз су – ұлт саулығының кепілі! Барша ауылдастарымды ортақ қуанышпен құттықтаймын! – деген ауыл қариясы Тұрсан Бастаубаев көпшілікке ақ батасын берді.

➤ Айта кетейік, биыл Жамбыл облысындағы 37 ауылдық елді мекенге (АЕМ) тіршілік нәрі тартылады. Оның ішінде 22 АЕМ-ге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, 15 АЕМ-ге кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 98,1 пайызға (2023 ж. - 94,9%) жетеді.
Обсудить
Блок в статье:
Ене мен келін – бір шаңырақтың шырағы
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Ұстаз. Қайраткер. Шежіреші
30 сентябрь 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)









