ТҮЛЕКТЕР СЫЙЫ
Берекелі Бірлікүстем ауылы ауыз бірліктің арқасында кейінгі жылдары өсіп көркейіп келеді. Ауылымыздың көшелеріне түгел асфальт төселіп, барлық көшелерге жарық, газ, ауыз су тартылған. Ауылымыздың бұдан басқа кем-кетігін мектеп бітіруші түлектер жыл сайын ауыл ақсақалдарымен ақылдаса отырып, өз күштерімен толықтыруда. Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл болған түлектер өте жақсы сый жасады. «Туған жерге туыңды тік» демекші ауылға кіре беріске «Бірлікүстем» қақпасын орнатты. Оның бір ерекшелігі түнде жарық шамдары жанып тұрады.
«Бірлікүстем» қақпасының ашылу салтанатына 83 жастағы қариямыз Алтай Смайлов ағамыз ақ батасын беріп, Бірлікүстем ауылының қақпасының лентасын қиды. Қазақ дәстүрі бойынша Үметаева Отынкүл және Алипбаева Мариякүл апайлар ақ тілекпен шашуларын шашты.
Келесі кезекте жиналған көпшілік Домалақ – Ене мектебіне келді. Түлектердің демеушілігімен мектепте жөндеу жұмыстары жүргізіліп , мұғалімдер бөлмесі жабдықталды. Ауыл қариялары мектептің ішкі көрінісі сондай әдемі болғанына риза болды. Мектеп директоры Раушан Қойбағарова түлектерге алғысын білдірді.
Түлектер бірге оқып, дүниеден өткен құрдастарына, ұстаздарына арнап құран бағыштап, ас берді.
Сол күні түлектеріміздің демеушілігімен ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Көкпар, аударыспақ, бұқа тартыс және гир көтеру жарыстары тартысты өтіп, жеңімпаздарға қомақты жүлделер табысталды. Мөңке би айтқандай «Сараң үйге кісі түспесін, Парақор биге ісің түспесін» демекші ауыл түлектерінің туған ауылына қамқорлығы келешек жастарға үлгі болады деп сенемін. Өйткені, түлектеріміздің өз ауылына жасаған жақсы амалдарының нәтижесіне қариялардың батасын алып, мейірімі мен шапағатына бөленді.

Азимхан ТАШМЕТОВ,
Бірлікүстем ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)