Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ардагерлер ұлттық спортты дәріптеуде

Ардагерлер ұлттық спортты дәріптеуде

03 август 2024, Суббота
87
0
Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Кеңес ауылдық округінде ұлттық спортты дәріптеуге және ардагерлер кеңесінің жұмысын сараптауға арналған семинар өтті.
Семинарға ішкі саясат бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов, аудандық ардагерлер кеңесі мен ауылдық округтің жергілікті қауымдастық мүшелері және ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. 
Алдымен Кеңес ауылдық мәдениет үйінде мәдени іс-шара өтіп, ол Мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен басталды. Мәдениет үйінің кіреберісінде Жамбыл облысының тарихына, ауыл азаматтарының жетістіктері мен белігілі тұлғаларына арналған көрме қойылып көпшілікке таныстырылды. 
Содан соң концерттік бағдарламаға ұласып, ауыл өнерпаздары ұлттық күйлер мен әндер орындаса, ауыл әкімі Бек Қойшыбеков ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жұмыс жоспарлары туралы баяндады. 
Сондай-ақ, ауыл ақсақалы Жармұхан Нұрмахамбетов ауыл ақсақалдары мен жергілікті қауымдастықтың жұмысы туралы айтып өтті. 
Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы баяндап, жастарға патриоттық тәрбие беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында аудан ардагерлерінің атқарып жатқан жұмыстарын айтып, осы жолда еңбегі сіңген бірқатар ардагерге аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың марапаттарын табыстады.
Осы күні Кеңес ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, аудан ардагерлері де тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. 
Іс-шара ары қарай спорттық жарыстарға ұласып, қол күресі, гір көтеру, күрес және футбол түрлерінен аудандық жарыстар өтті. Спорттық жарыстарға ауылдың спортшыларымен қатар, көрші ауылдардан және ауданнан келген командалар қатысып, өз ара мықтыны анықтады. 
Содан соң аудандық ардагерлер ауыл жұртшылығының ауызбіршілігімен атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кеңес ауылының жастары мен азаматтары ортақ қор жинап, ауыл орталығынан заманауи үлгіде спорт кешенінің құрылысын қолға алыпты. Бұл – болашақты ойлайтын үлкендері, оларды тыңдайтын жастары бар, ауызбіршілікті ағайынның жарқын көрінісі екені сөзсіз.

Меркі ауданы
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры