ӨЗ ТӨРІНЕН ТӨМЕНДЕМЕЙ ҚАРТАЮ - ДАНАЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ
Сағындық Ордабеков – елімізге кеңінен танымал қаламгер. Қолынан қандыауыры түспей, адам жанына аршашы болып келе жатқан білікті, білімді дәрігердің қаламы да өткір, жазғандары ойлы. Адам өмірінің соқтықпалы қиыр-шиыры көп өмірінің қырлары мен сырларын, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды терең талдап, өз оқырмандарына жеткізіп жүрген қаламгер-қайраткер. қандырауырын ұстай жүріп қаламы қолынан түспей келе жатқан жан. Ол – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Сақаң қаламгерлік мәртебесін өзінің дәрігерлік асыл кәсібінен кем көрген емес. Сондықтан ертеңгі еліміз бойынша аталып өтетін журналистердің кәсіби мерекесі – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтай отырып, ғалым дәрігер, қаламгер-қайраткер әріптесімізге шығармашылық табыс тілеуді жөн көрдік. Сағындық Ордабеков жазған тың туындыны мерекелік көңіл-күймен оқи отырыңыздар.
Қазақ сонау ықылам заманнан-ақ денсаулық мәселесін бірінші орынға қойған. Сондықтан болар «Басты байлық– денсаулық» деген сөз ел арасында жиі айтылады. Шынында да, ой таразысына салсақ, мына әлемдегі бар дүние, ғылымдағы жетістік адам үшін, адамның денсаулығы үшін қызмет етеді. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік хәл-ахуалы ондағы халықтың денсаулығы және өмір жасының ұзақтылығымен бағаланады. Өйткені, адам – мемлекеттің басты байлығы. Біздің егеменді елімізде адам денсаулығына әркез ерекше мән беріліп келеді.
Елімізде қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» бағдарламасына сай әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау іс-шаралары жүзеге асып келеді. Елімізде адамдардың орташа өмір сүру жасы едәуір өсті. Ғалымдардың айтуынша адам үш түрлі қартаяды екен.
Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмі толқындарының шамадан тыс қалжырап, шаршап ескіруі. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік – тектік мүкілік салдары. Жалпы денсаулықтың ақаулығы, ауыр, созылмалы дерт зардабынан болады. Жеке бастың күтімсіздігі, өз денсаулығы мен тіршілігіне жауапсыздығы да аз әсер етпейді.
Қалыпты физиологиялық қартаю – егделіктен кейінгі жас жігі қапелімде байқала қоймайтын, созылып барып анық белгі беретін табиғи құбылыс. Бұл кезеңге дене қажып, күш-қуат кемігенмен сана мен сезім сергектігі тән. Төңірекке жіті көзқарас, ойға берілу. Байсалдылық, пайымдылық, шүкіршілік.
Рухани қартаю – тән мұқалуынан бұрын жан жұталуы, жүйке жүйе түтіліп, жад көмескіленуі. Қоғамдық ортадан оқшаулану. Танымдық сезім тұйықталған осы психологиялық үдеріс кей жағдайда парасатсыз, келеңсіз өмір сүруге организмнің қарсылығы деп түсіндіріледі. Қалай дегенде де, рухани қартаю өте сирек кездесетін құбылыс. Қартайғанда адамның денесі болбырап, қимыл қозғалысы баяулайтыны, іс-әрекеті шектеліп, қоғамдық ортадан қол үзері, жүйке сыр беріп, ой өрістің торығуы, ел өмірі мен төңірегін бұрынғы көзқарасы, дүниетанымымен шолатыны және түсінетіні анық. Бұл болымсыздық жеке бастың кемшілігі емес, жалпы ұзақ ғұмыр кешіп қартайғандардың барлығына ортақ көрініс.
Сәнімен қартаю – абырой. Бірыңғай отбасылық өмір қалпына көшкен соң ұлдары мен қыздарының, немерелері мен шөберелерінің, құдалары мен жиендерінің шаршы төрінде маңғаз отыру, кіршіксіз ықыластары мен ақ ниетті қамқорлықтарын сезіну, ешнәрсеге мұқтажданбау, ауыл-аймақтың үлкендері мен жастарының инабатты сәлемі мен арнайы сыбағасын қабылдау, ақ батасын беріп, баршасын ризалау үлкен ғанибет. Өз төрінен төмендемей, сыны мен сыйын қаштырмай, әдемі қартаю өнеге. Ұлық жасын қадірлеу үлгі. Тек Жаратушы ием осы салиқалықтан жазбасын!
Ел өмірінің төрін иеленген қарттық – құрметті этикалық ұғым. Болмысы тұрғысынан бұны екі өлшеммен қарастыруға болады. Адамның жарық дүниеде ғұмыр кешкен ұзақ жылдары – сандық өлшем болып есептеледі де, сол сындарлы жылдарда ел игілігіне, халық мүддесіне еткен елеулі еңбегінің молдығы – сапалық өлшемдер болып табылады. Екі өлшем сабақтасып, бірін бірі толықтыруы, әрлеуі мен нәрлеуі өткен, қарттыққа жеткен адам өмірінің құндылық сипаты. Адам баласының баршасының пешенесіне жазылмаған, бір бөлігіне ғана бұйырған өмір сыйы, мархабаты. Сәнімен жеткен ұлық жасында бір-ақ берілетін өмірдің мәні мен маңызын терең түсінуге, қилы-қилы құбылыстарын, сан-алуан қырлары мен сырын жақсы тануға, оларды қоғамдық өмірдің үдемелі дамуында ұтымды пайдаланудың төте жолдарын іздеуге, өнерлі істе ізгі еңбек үлесін қосуға, қандай да бір өшпес із қалдырып, кейінгілерге өнеге тұтқызуға, қатал сыннан өткен шынайы тіршілік үлгілерін ұрпағына дарытып үлгеруге берілген мұра, мінсіз атқарар маңызды міндеті мен асқан жауапкершілігі айқындалған, тұнып тұрған тарихты тұтас бір дәуір, еш уақытта ортаймайтын, уақыт өткен сайын толыға түсетін ақыл-кеңес қазынасы; адам ғұмырының түйінді бөлігі, бір ұрпақ өмірімен шектелмейтін, жалғасы үзілмейтін, ғасырдан ғасырға асып, асыл қасиеттері жетіле, кемелдене, киелене түсер феномен. Жалпы, биологиялық, медициналық, әлеуметтік тұрғыдан алғанда, біздің қазіргі кездегі өмір сүру сапасының артып келе жатқандығын атап айтқан жөн. Бұған медицина саласының соңғы жетістіктері оң септігін тигізуде. Солардың ішінде геронтология мен гериатрия ғылымдарының айтарлықтай дамып келе жатқандығы қуантады.

Геронтология – адамның организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия деп аталатын бөлімі зерттейді. Адамның өмір сүруіне биологиялық сипаттама берсек, барлық тірі табиғаттың, сонымен қатар адам организмінің уақыт өте келе қартая беретіндігі заңды, биологиялық құбылыс екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, қартаюдың өліммен аяқталатыны да құпия емес. Адамдардың мейлінше ұзақ өмір сүруіне қатысты мәселелер талай жылдардан бері ғалымдарды ойландырып келеді. Енді әлеуметтік сипаттамасына тоқталсақ. Бүгінде көптеген елдерде адамдардың өмір жасының ұзаруына байланысты қарт адамдардың саны өсуде, денсаулық сақтау мекемелерінің жетіспеушіліктерімен қатар, бала туудың төмендеуі сияқты әлеуметтік үдерістер көрініс беруде.
Гериатрия және геронтология ғылымдары, әсіресе, өткен XX ғасырдан бері терең демографиялық өзгерістердің пайда болуына байланысты ерекше мәнге ие болып отыр, себебі, кейбір экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған елдерде, өмір сүру уақытының ұзаруымен тікелей байланысты егде тартқан және кәрі адамдардың қатары артуда. Баршамызға ортақ заңдылық болса да, әрине, ешкім де кәрі болғысы келмейді. Алайда, бұның біздің шамамыздан тыс екені, оған ешкімнің әмірі жүрмейтіні мәлім. Өмір бір орнында тұрмайды және ешкім де күннен-күнге жасарып немесе бірқалыпты кейпін сақтай алмайды. Дегенмен, геронтологиялық зерттеулердің адам өмірін ұзартудағы маңызы зор. Бұл бағытта біраз елдердің ғалымдары зерттеу-іздену жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде жас жағынан ең ұзақ өмір сүрушілер жапондықтар деп саналады. Базібір мәліметтер бойынша, қазір 50 мыңнан астам жапондық 100 жылдық ғұмыр жас межесінен емін-еркін, емен-жарқын аттап өтіп отыр екен. Енді 15 жылдан кейін бұл елдегі ұзақ жасаушылар саны миллионнан асып жығылмақ. Мұндай ғажап көрсеткіш әлемнің басқа ешбір елінде жоқтың қасы. Таңғаларлық көрсеткіш емес пе? Бұны Жапон елінің жақсы дамып, қол жеткізген керемет жетістігі деп қабылдауымыз керек.
Қазіргі уақытта адамның орташа өмір сүру ұзақтығы қайта қаралып жатыр. Канадалық ғалымдар адамның орташа өмір сүру ұзақтығы бұрынғы өлшеммен қарағанда ұзақ екенін мәлімдеді. Макгилла университеті ғалымдарының бұл зерттеу нәтижесі Nature мерзімді басылымында жарық көрді. Мамандар мұндай тұжырымға адамның ұзақ өмір сүруіне барынша жағдай жасалған АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Жапония секілді дамыған елдерде жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйеніп келгендігін айта кету керек. Бұл зерттеуде 1968 жылы дүниеге келген адамдардың өмір сүру ұзақтығы есепке алынды.
— Біз адамның жас шегін білмейміз. Жақын болашақта адамның барынша өмір сүру ұзақтығы арта беретін болады, – деді аталмыш зерттеуге атсалысқан Зигфрид Хекими есімді ғалым. Осылай дей келе ол осыдан 300 жыл бұрын өмір сүргендердің қысқа ғұмыр кешкенін тілге тиек етті. Ғалымдардың тұжырымы бойынша бүгінгі таңда жекелеген адамдардың өмір сүру ұзақтығы 115 жылды құрайды. Тағы бір деректер бойынша, Үндістан мен Пәкістанның шекарасында орналасқан Хунза өзенінің жағасында тіршілік ететін тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 110-120 жылды құрайды, тіпті, жасы 160-тан асқан хунзалықтар да бар екен. Сондықтан ол алқап «жастық жазирасы» деп аталады. Хунза тайпасының өкілдері 15 градус суықтың өзінде салқын мұзды суға түседі, 100 жасқа дейін дене қимылын қажет ететін ойындар ойнайды. Жаз бойы олар жас жеміс-жидекпен, көкөніспен азықтанса, қыс айларында өсірілген дәндер мен қойдың сүтінен жасалған ірімшікті ас етеді екен. Әлі жеміс піспеген кезде хунзалықтар кептірілген өрік жемісінен жасалған шырынды ғана ішеді.
Қоғамның қартая бастауы салдарынан болатын проблемалар біздің елімізді де айналып өткен жоқ.
Қазіргі кезде егде тартқан адамдарда жүрек-қан айналымы жүйесінің аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, тыныс алу жүйесінің аурулары, тірек-қимыл аппаратының аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардың қарт адамдардағы ерекшелігі – осы кеселдердің бірнешеуінің бір ғана адамда болуы және асқынған түрде болуы геронтолог мамандарды ойлантады. Геронтологияны терең зерттеп жатқан ғалымдардың қорытындысына жүгінсек, қартаюға тек регрессивті құбылыс деп қарамау керек екен. Ғалымдар қартаю дамудың бір кезеңі екенін дәлелдеді. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары ішкі жан дүниесінің өте терең болатындығы, сонымен қатар сезімталдығының артатындығын ғалымдар алға тартады. Сондықтан сырқат адамды тұрғылықты емханаларда, ауруханаларда, пансионаттарда, қарттарға арналған интернаттарда, хоспистерде, күндізгі ауруханаларға жатқызып, медициналық тексеруден өткізіп, оларға қажетті ем-дом жүргізу – өзекті мәселе. Бұл іс жергілікті медицина қызметкерлерінің қаперінде болып, уақтылы жүргізілген профилактикалық-емдік іс-шаралар ортамыздағы қарттардың өмірін ұзартудың басты факторларының бір деп түсінгеніміз жөн.

Сағындық ОРДАБЕКОВ,
медицина ғылымдарының докторы, профессор,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі..
Тараз қаласы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)