Қымбатқа түскен ана тағдыры
Биыл екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 81 жыл.
81 жыл... Бүтін бір ғұмыр, бүтін бір дәуір. Ұлы Отан соғысының кермек дәмін татқан, ауыр зардабын жүрегімен көтерген, бейбіт өмір үшін еңбек еткен тыл ардагері анамыз Рғынбайқызы Нұрғалишаның еңбегі мен өмір жолдарынан сыр шертпекпін.
Қанша уақыт өтсе де адамзаттың жүрегінде соғыс салған жара қара қотырланып әлі де жазылған жоқ.
Өйткені сол жылдары әрбір шаңырақтың үкілі үміті үзілді, әрбір ананың жүрегі езіліп, көз жастары көл болды. Бала жетім, ана жесір қалып, қаншама боздақ жер жастанып, туған жерден бір уыс топырақ бұйырмай, атаусыз, белгісіз жерде, майдан даласында көмусіз қалды.
Бұл қасірет біздің шаңырақты да айналып өтпепті. Аяулы анам соғыс басталар алдында 18 жасында Құсайын Жаңбыршыұлына тұрмысқа шыққан екен. 1940 жылы ерін әскерге шығарып салғанда аяғы ауыр болып, 1941 жылдың көктемінде Тілектес деген бауырымыз дүниеге келіпті. Ары қарай соғыс басталып кетіп аяулы жары қан майданнан бірақ шығады. Соғыстан ара-тұра хат келіп тұрған, сосын хат та, қара қағаз да келмеген. Бір хатынан үзінді:
– Мен жүрмін Стерлитамак қаласында,
Зеңбірек, атылған оқ арасында.
Жанымда бір досым бар Бекен деген,
Жауға қарсы оқ атуға болған бекем.
Ұлсүйер, Қақан атты қарындасым,
Сендердің ұзақ болсын өмір жасың.
Ата мен апамдарға қарарсыңдар,
Бармасам, құдай алды аманатым...
Өкінішке орай бұл хаттарды жоғалтып алдық. Есімде осы жолдар ғана сақталып қалыпты.
Иә, қиындыққа толы анамыздың өмірі соғыстың салған жарасындай терең еді. Жастық шағының ең жарқын күндері соғыс өртіне жұтылды. Жары– үмітінің жалғыз шырағы майдан даласынан қайтып оралмады. Өмірін жалғастырар деген жалғыз тұяғы Тілектес Құсайынұлы бауырымыз шешек ауыруынан 5 жасында шетінеп кетеді. Сол күннен бастап анамның жүрегінде өзегін өртеген сағыныш оты тұтанып, жан дүниесі шексіз мұңға батады. Көкірегін кернеген үміт бір ғана ұлында қалған еді. "Жалғызым аман болса екен" деген тілегімен жүргенде тағдыр бұл жұбанышын да көпсінгендей бүкіл бір үйдің шаңырағын күл-талқан етіп, ошағының отын осылай сөндірген екен. Анам байқұс тағдыр тауқыметін қанша тартса да еш үмітін үзбей, сынбай, қаншама жыл жолын тосып, бір жапырақ тілдей хатын, жазған өлеңдерін оқып, күңірене күрсінсе де көкірегін шер, көңілін мұң басса да ел үшін еңбек етті. Тылдағы әрбір күні – Отанға, бейбіт болашаққа арналған еңбек майданына айналды, тек еңбекпенен еңсесін тіктеді. Көз жасын ішіне жұтып, жүрегінің ауыр жүгін үнсіз көтере жан жарасын жұмысқа деген адал ниетпен емдегендей болды. Бүкіл өмірі – үнсіз күрес, үнсіз төзім, бітпес сағыныш пен баянсыз үміт еді. Анамның тағдыры – қайсарлықтың, төзімділіктің һәм ерен еңбектің шынайы үлгісі болып қалды. Алайда бұл қасірет – бүкіл халықтың басына туған қиын қыстау кезең еді. Жарғақ құлақтары жастыққа тимей, күн-түн демей, еңбек етті. Соғыс жылдарында тыл еңбеккерлерінің еңбегі орасан зор болды. Майдан мен тылдың бірдей қимыл-әрекеті, толассыз еңбегі Ұлы Жеңісті жақындатты. Сол кездерде соғыс өртінің шарпуы тимеген шаңырақ болмады. Майдан мен тыл деген атауы ғана өзгеше еді. Бірі – қолына мылтық ұстап соғыста, екіншісі – мылтықсыз майданда еңбек етті. Екеуі де жанкешті күрес болатын. Мен соғыс біткеннен кейін 12 жылдан кейін келген ұрпақ болғандықтан, сол тақсыреттің ызғары мен зардабын сезініп өстім. Анашымның өксікке толы өмір жолы еңбекке арналды. Бұл күнде ол кісі тыл ардагері, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30,40, 50 жылдық мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Еліне елеулі, халқына қалаулы болған анамыздың сол бір өнегелі еңбек жолын немере, шөберелеріне айтып, сағынышпен еске алып отырамыз. Ана тілегі «Тек бүгінгі ұрпақ мен көрген соғысты көрмесін, мылтықтың дауысын естімесін, боздаған аналарды, жетімдік пен жесірлікті көрмесін. Сендер бейбіт аспан астында еркін өссеңдер екен. Ең үлкен жеңіс – соғыстың болмауы»,-деп тілейтін. Анамның тағдыры – бүгінгі тыныш өмірдің қаншалықты қымбат екенін еске салатын үнсіз дастан. Өмірінің соңына дейін, көкрегінде өшпес сағыныш пен шексіз төзім қалды, ал артында қалған аманаты - бейбіт өмірге деген ұлы сенім!
Аслан Рғынбаева,
еңбек ардагері.
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
АНАҒА ТАҒЗЫМ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
12 май 2026, Вторник
Қымбатқа түскен ана тағдыры
12 май 2026, Вторник
Ғасырды әнмен тербеген абыз! (эссе)
12 май 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)