Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Даңқ

06 май 2025, Вторник
7
0
Сол тұстағы Қазақ даласындағы әрбір отбасы соғыс ауыртпалығынан тыс қалған емес. Шартарапты шарпыған соғыс өрті әрбір ауылдағы әрбір шаңыраққа қаралы ізін қалдырды. 
Солардың арасында менің атам, Байшора Қыздарбекұлы Өтешов те бар. 
Ол кісі – 1909-1942 жылдар аралығындағы өмір сүрді, майдангер. 
...Жалпы мен соғыс жайлы кинолар көргенді, кітап оқығанды ұнатамын. Әкем маған атам туралы қызықты әңгімелерді көп айтатын. 
Сондықтан да мен "майдангер, соғыс, бейбітшілік" деген сөздерге ерекше мән беремін.
Осы орайда әкем жарықтық Рекен Байшораев айтып отыратын. Байшора атам жайлы көп әңгімелейтін. Жеңіс күніне орай әкемнен естіген естеліктермен бөліссем деймін. 
Атам 1909 жылы Жамбыл облысы (Луговой) Тұрар Рысқұлов  ауданы Меңғұл ауылында туған екен. Меркі ауданынан 1942 жылдың 8 шілдесінде Ұлы Отан соғысына аттаныпты.  
Сол жылдың 11 желтоқсанында  Украинаның Кировоград облысы Александров ауданындағы Березовка деревниясы үшін болған ұрыста хабар-ошарсыз кеткен. Бар болғаны бес айдың көлемінде сүйегі майдан даласында қалған.  
Соғысқа кіргеннен кейін отбасына жазған хатын бұл күнде Сарысу ауданында тұратын ұрпақтары осы күнге дейін қастерлеп сақтап келеді. 
Сіздердің назарларыңызға майдангер атамның өлеңмен жазылған хатын ұсынғымыз келеді.
Ұлы Отан соғысы ел басынан күркіреп өткеніне сексен жыл өтсе де, оның жарасы мен жаңғырығы әлі күнге жанымызды ауыртып, жадымызда тұрады. Сол қанды қырғынның куәсіндей, төмендегі жазылған хатта - жауынгер азаматтың елге-жерге деген сүйіспеншілігі, аманат-арманы тұр. 
Онда майдан мен тылдың, соғыста жаумен шайқасқан ерлер мен елдегі үлкен-кішінің жанқиярлық еңбегі, сұрапыл кезеңнің көп сыры шертіледі.
Байшора, жол үстінде жазған хатым,
Бір Алла салғай бізге махаббатын.
Жүрегім еш нәрседен сескенбейді,
Жүргенде мені қолдап ата аманаты,
Арғы атам ту ұстаған батыр болған.
Шықпаған еш уақытта жаман аты.
Хан Кенемен болған жолдас,
Кіші жүз руы оның  Тама деген, 
Таманың тең жартысы болар Жөгі,
Кісіде кеткен емес, сірә, кегі.
Мен-дағы ата жолын қусам деймін,
Осындай қан майданда келсе жөні.
Туған соң адамзатқа бір өлім хақ,
Болады ер жігіттің сөзі мықты.
Көңілімді аздап менің қажытады,
Қолыма қалам алып жазамын хат,
Бір Алла, шыбын жаным, Сізге аманат.
Есекем, шешем менен бала-шаға,
Сіздерді аман көрсем сау-саламат.
Сіздерден амандықты сұрамадым,
Тәртіптен мойынымды бұра алмадым.
Барамыз аман болсақ бізде қайтып,
Ал, шеше, уайымдап жыламағын.
Күлжаным, сөз арнаймын осы тұста,
Жігітке жолдас көп қой көңілі қошта.
Шамаңның келгенінше баланы бақ,
Осымен сөз аяғын еттім қысқа.
Атаның аманатын келер ұрпаққа жеткізгім келеді. Өзімнің майдангердің ұрпағы болғанымды мақтан тұтамын.
Менің өмірдегі мақсатым – Отанды қорғай білетін азамат болып өсу және ұрпақтарымды жетілдіру. 
Ұлдарымды ел қорғауға, халқының жанашыр азаматы болуға бар күшімді саламын.
Майдангер Байшора Қыздарбекұлы Өтешовтің бүгінгі күнде 12 немере, 31 шөбересі бар. 

Төлеген БАЙШОРАЕВ,
майдангер ұрпағы
Сарысу ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Батыр Бауыржан 06 май 2025, Вторник
Саяхат 06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл 06 май 2025, Вторник

Похожие материалы:

Даңқ
06 май 2025, Вторник
Даңқ
ДАҢҚ
30 май 2022, Понедельник
ДАҢҚ
"АТАМНЫҢ АМАНАТЫ"
02 май 2025, Пятница
"АТАМНЫҢ АМАНАТЫ"
Ұлы Жеңіске 77 жыл
05 май 2022, Четверг
Ұлы Жеңіске 77 жыл
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры