Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Үлкенге құрмет – бір ғанибет

Үлкенге құрмет – бір ғанибет

11 август 2025, Понедельник
59
0

Үстіміздегі жылдың жазында Төле би ауылының тұрғыны, денсаулық сақтау қызметінің тарланы, қазір сый-құрметке бөленіп отырған ардагер анамыз Матария Абуева тоғыз белестің төрі – 90 жасқа толды. 
Матария Абуева 1935 жылы қазіргі Атырау облысы, Манаш ауылында дүниеге келіпті. Алғашқы білімді ауыл мектебінде алып, жоғарғы сыныптарда Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласында бітіріпті. Ұлы Отан соғысының алдындағы және соғыс жылдарындағы, тіпті соғыстан кейінгі қиын жағдайда халыққа түскен ауыртпалықты қабырғасы  қайысып көтергендердің бірі де Матария апамыз. Сол кезде халыққа аса қажет дәрігер мамандарының жетіспейтінін жанымен сезген өжет қыз қалай да адам жанының сақшысы болуға бел буады. Жастайынан кішкентай балалардың жұқпалы аурулардан көптеп шетінегенін  көзбен көріп өскен бойжеткен алға қойған мақсатына жету үшін бәрін салады.
Иә жас қыз 1953 жылы мектепті үздік бітіріп, бірден Алматы медициналық институтының балалар бөліміне оқуға түседі. 1959 жылы институтты ойдағыдай тәмамдаған жас маманды Шу аудандық ауруханасының бас дәрігері институтқа хат жазып арнайы шақыртып алады. Олай болатыны студент-практикант Абуева Матария дипломдық тәжірибесін Шу аудандық ауруханасында өткізіп, өзінің білімді, болашақта жақсы дәрігер болатындығын дәлелдеген екен.  
Алған бетінен қайтпай өзі таңдаған балалар дәрігерлігіне бүкіл өмірін арнады.  
1959-1967 жылдары балалар бөлімінде дәрігер, бас дәрігер, 1968-1972 жылдары бас дәрігердің орынбасары болып қызметін атқарады. Ал, 1980-1985 жылдары отағасы Жексенов Сабыртайдың «Тасөткел» кеңшарына директор болып қызметке ауысуына байланысты Тасөткел ауылында балалар дәрігері қызметінде болды. 
1986-1991 жылдары аудандық ауруханадағы перзентханада неанатолог, балалар бөлімінде меңгеруші,балалар дәрігері болып еңбек етті.
Абуева Матария Абуқызы 2000-2013 жылдары Шу аудандық ауруханада бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы, Шу ауданы ардагерлер кеңесінің nөралқа мүшесі болып, қоғамдық жұмыстар атқарады. 
1991 жылы зейнетке шыққан соң да  сүйген кәсібін 1998 жылға дейін жалғастырды. Медицина саласында дәрігер болып 63 жыл үзбей еңбек еткенде қаншама балаларға мейірім-шипасы тиді, қаншама ата-ана балалары үшін рахметін айтып, ізгі тілектерін арнап, батасын берді. 
Соншама көп алғыс, халықтың ықылас-ниеті болар 90 жаста әлі өзін тың сезінеді, жақсы естиді, сөзі де, ісі де ширақ. Немере-шөберелерінің ортасында бақытты өмір кешуде.
Қай заманда болсын ерен еңбек еленбей қалмайды, бұл кісі көптеген марапаттар иесі.  
Ол кісі "Ерен еңбегі үшін" медалмен,  «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталған, Шу ауданның Құрметті азаматы, Денсаулық сақтау саласының үздігі. 
Осы бір аяулы ананы, құрметті ардагерді Шу аудандық ардагерлер кеңесі назарынан да тыс қалдырған емес. Жақында ардагерлер кеңесінің төрағасы Ержан Өмірәлиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері А.Иманова, Д.Бейсенбаева, М.Балықбаев, К.Арғынбеков, Б.Көпжанов  ардақты ананың отбасына барып, 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұзақ өмір,  зор денсаулық тілеп, жақсы да жылы лебіздер айтылды, ол кісінің иығына камзол, басына орамал жауып, естелік суреттерге түсіп қайтты. Әншілер байқауының Республикалық жүлдегері Көшкінбай Арғынбеков домбырасымен бірнеше ән орындады. Бұл бір тамаша кездесу болды. «Тоқсанға келген маған рахмет, құттықтап келген сендерге рахмет» деп екі мәрте еңбек ері Жазылбек ата Қуанышбаев айтқандай апамыз да риза болды, біз де көңілді қайттық.

Мейрхан  Балықбаев,  
Шу аудандық 
әкелер кеңесінің төрағасы 

Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Біздің мақтанышымыз
29 декабрь 2024, Воскресенье
Біздің мақтанышымыз
ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕГЕН
13 октябрь 2022, Четверг
ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕГЕН
ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
13 декабрь 2024, Пятница
ҰСТАЗ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Жүз жасаған жауынгер
09 март 2022, Среда
Жүз жасаған жауынгер
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры