Қаланың экологиялық ахуалы алаңдатады
Жамбыл өңірінде химия кәсіп-орындарынан ауаға тарайтын зиянды заттардың жағымсыз әсерінен өңірде экологиялық ахуал ушығып, күрделеніп тұрғаны шындық. Облыс аймағында 7 ірі химия кәсіпорыны шоғырланған. Бұл кәсіпорындардың бәрі бірінші категориядағы экологиялық қауіпті объектілерге жатады.
Оның ішінде Жаңа Жамбылфосфор зауыты, минералды тыңайтқыштар зауыты жарты миллионға жуық тұрғыны бар облыс орталығы Тараз қаласының іргесінде орналасқан.
Бұл кәсіпорындарда тазарту қондырғыларының ескіруіне байланысты күкірт қышқылы цехтарындағы моногидратты сорғыш абсорберлердің жиі істен шығуынан және де техногендік апаттардың өндірістік процестер барысында орын алуынан нормадан тыс бөлінетін зиянды күкірт оксидтері, азот оксиді, күкірт ангриді және басқа да улы газдардың ауаға мөлшерден тыс таралуы жиі орын алуда.
Химия кәсіпорындарына жақын орналасқан Танты, Шайқорық, Төрткүл елдімекендерінде «Ұлы Дала» мөлтек ауданында экологиялық ахуал күрделі күйінде фқалуда.
Алайда, шынайы қалыптасқан мән-жайды жасырып, экологиялық ахуал қалыпты тұрақты жағдайда деп тұрғындарды тыныштандыру мақсатында «Казфосфат» ЖШС-нің экологтары Жамбыл облыстық экология департаментінің лабораториялық зерттеулерінің кейбір күдікті нәтижелерін алға тартып, ауаға тарайтын негізгі улы заттар, фтор сутегі, аммиак, аммофос шаңы, күкірт қышқылы, күкірт диоксиді, бейорганикалық шаң көлемдерінің концентрациясы белгіленген шекті нормадан артық емес деп көрсетіп, тұрғындарды алдаусыратып келеді.
Бұл, әрине шындыққа жанаспайтын тұжырымдар.
Қала тұрғындарының әлеуметтік желіде жария еткен мәліметтерінде қала аумағын таңғы сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін ауа райының жағдайына қарамастан ұдайы күнделікті тұман басып тұратыны айтылады.
Сондай-ақ қаланың батыс жақ тұсынан жел тұрған күні қала тұманданып,шектен тыс тау-тау болып жиналған 17 миллион тонна фосфогипс үйінділерінен «Казфосфат» кәсіпорындары маңында орналасқан елді мекендердің көшелерін топырақ басатыны үнемі айтылып келеді.
Қала аумағында болып тұратын кейбір қолайсыз метеорологиялық жағдайды пайдаланып «Казфосфат» ЖШС-і ауаға ластаушы зиянды газдарды шығарып отыратыны да тұрғындарды жиі мазалайды.
«Казфосфат» кәсіпордарының ауаны зиянды газдармен нормадан тыс мөлшерде улауының салдарынан қала тұрғындарының арасында тыныс жолдары мен жүрек аурулары,сондай-ақ балалардың әртүрлі ауруға шалдығуы көптеп орын алуда.
Табиғатты қорғау мақсатында кәсіпорындар маңында «жасыл белдеу» орнату жұмысы мүлдем жүргізілмейді.
Ауаға зиянды улы газдардың мөлшерден тыс бөлінуі салдарынан кәсіпорындар маңындағы топырақ құрамында мырыш, мыс, кадмий сияқты ауыр металдар шекті нормадан жоғары екені арнайы зерттеулермен анықталған.
Соған орай бұл аймақта егілген жасыл желектер қурап қалып жатады.Оны экологтар судың жетіспеуінен деп дәлелдегісі келеді.
«Казфосфат» ЖШС-і басшылығы зауыттарды модернизациядан өткізіп, өндіріс процессін улы газдардан залалсыздандыратын заманауи техно-логияларды енгізіп,фильтрлерді жаңартып ауаға тарап жатқан зиянды түтін көлемін азайтатын құралдармен жабдықтауға жеткілікті мөлшерде инвестиция бөлуді қарастырмай келеді.
Өкілетті органдардың «Казфосфат» ЖШС-не инвестициялық бағдарламарды орындамағаны үшін салған айыппұлдары бұл бағыттағы ахуалды жақсартуға әзірге оң нәтижесін беріп отырған жоқ.
Жалпы алғанда, Тараз қаласы тұрғындарының бас ауруына айналған күрделі экологиялық ахуал әлеуметтік желіде, Парламент депутаттары тарапынан ұзақ жылдар бойында ұдайы айтылып та, жазылып та келеді.
Соған қарамастан әзірге бизнес алпауыттары бұл мәселелерді түпкілікті шешуге оң көзқарас танытып отыр деп айта алмаймыз.
Осы тұрғыда менің айтайын дегенім:
– «Казфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасы экологиялық кодексінің 96 бабына сәйкес 2026 жылғы 28 сәуір күні сағат 10:00-де Тараз қаласы, Ниеткалиев көшесі 128, зауыт әкімшілігінің (мәжіліс залында) және 28 сәуірде сағат 15:00-де Ақбастау ауылдық округі, Бірлесу Еңбек ауылында әкімшілік кешенді экологиялық рұхсат алу үшін ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өтетіндігінен хабардармыз.
Болашақта дені сау ұрпақ өсіреміз,Тараз қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға ат салысамыз деген азаматтар осындай іс-шараларға белсенді түрде қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ашық айтулары керек.
Өмірбай САБЫРОВ,
еңбек ардагері, қоғам белсендісі
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
АНАҒА ТАҒЗЫМ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
12 май 2026, Вторник
Қымбатқа түскен ана тағдыры
12 май 2026, Вторник
Ғасырды әнмен тербеген абыз! (эссе)
12 май 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)