АНАҒА ТАҒЗЫМ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында ел ішінде «Қара кемпір» аталып кеткен Қали ананың үйі бүтіндей қайтадан жаңғыртылып мемориалдық музей ретінде қайта ашылды. Осыған орай, көпшілік алдымен Қостоған ауылындағы «Қара кемпір» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Іс-шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, Меркі жерінің тумасы, белгілі композитор әрі әнші, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, атақты ақын Жақсылық Сәтібековтің «Қара кемпір» деп аталатын балладасына халықтық ән жазған Алтынбек Қоразбаев, актер, режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, осы мемориалдық музей-үйінің реставраторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Берік Әлібаев және басқа да құрметті қонақтар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов өз сөзінде «Қара кемпір» ескерткішіне тағзым ету – Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласынан екі көздері сарылып ұлдарын, жарлары мен бауырларын күткен барша аналарға тағзым екенін атап өтіп, осы ескерткішті орнатуға бастамашы болған Алтынбек Қоразбаевқа және Қали ананың үйін қайта жаңғыртып, музей жасап берген Берік Әлібаевқа Меркі жұртшылығы атынан алғыс білдірді.
Алтынбек Қоразбаев бүгінде аты аңызға айналып кеткен «Қара кемпірдің» тағдырына тоқталып, ел ішінде осындай ауыр сынақтан өткен аналардың әр ауылда болғанын айтып, бұл іс барша аналарға деген құрмет екенін жеткізді. Ал, Тұңғышбай Жаманқұлов меркіліктердің бұл игі қадамын аналарға деген шынайы тағзым деп бағалады.
Қара кемпір – қос ұлын майданға аттандырып, олардың қазасына сенбей өткен қайсар мінезді Қали ананың бейнесі. Жексенқұл мен Қосшығұлын өмір бойы күтіп, үмітін үзбеген ананың жан қасіреті халықтың жүрегін тербеп, ұлттың ортақ трагедиясына айналды. Алтынбек Қоразбаевтың ақын Жақсылық Сәтібековтің сөзіне жазған «Қара кемпір» әні осы қайғыны өнер тілімен жеткізіп, бір ананың ғана емес, тұтас елдің мұңын бейнеледі.
Қара кемпірдің тағдыры – соғыс жылдарындағы аналардың төзімі мен үмітінің символы. Оның бейнесі бүгінгі ұрпаққа аналардың мейірімі мен қайсарлығын еске салып, мәңгілік тағылым болып қала береді.
«Ғұмыр-Дария» – ақпарат

Обсудить
Блок в статье:
АНАҒА ТАҒЗЫМ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ
12 май 2026, Вторник
Қымбатқа түскен ана тағдыры
12 май 2026, Вторник
Ғасырды әнмен тербеген абыз! (эссе)
12 май 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)