Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Өлеңінің әр жолы – өмірбаяны

Өлеңінің әр жолы – өмірбаяны

29 июль 2025, Вторник
90
0
Өткен жұмада қазақтың талантты ақын қызы, Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Құрмет» орденінің иегері, Меркі ауданының Құрметті азаматы Шырын Мамасерікованың  80 жасқа толған торқалы тойы мерейлі Меркі жерінде кеңінен аталып өтті. 
  Кеш қонақтары әуелі аудандық мәдениет  үйінің алдындағы Жауғаш батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті. Осы жолдардың авторы үкілі домырамен арнау жырдан шашу шашты. Мұнан соң қонақтар аудандық мәдениет үйінің кіре бересіне қойылған Шырын Мамасерікованың өмір жолына арналған "Ақ Шырын, ақын Шырын, ана Шырын" атты кітап көрмесін тамашалады. 
 Мұнан соң ақынның мерейтойына арналған "Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян" атты шығармашылық кеш басталды. Жиында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтың  ақынға жолдаған құттықтау хатын  облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев оқып берді.   
 Мұнан соң ақын тойына арнайы келген Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп: 
– Қазір Жазушылар одағының 1400 мүшесі бар. Мен сол ақын - жазушылардың сәлемін алып келіп отырмын. Шырын апайды жастық шағынан білемін. Қазақтың айтулы ақын қыздары өте тату болды. Шырын Бөкейқызы Алматы қаласына келгенде әйгілі ақындар Күләш Ахметова, Фариза Оңғарсынова бұл кісіні құрметтеп күтіп алып, сырласып, мәре-сәре болып жататын. Шырын ақын бірақ Меркісінен алыстаған жоқ. Шырынның ерекшелігі – Меркі ауданында жүріп, Алматы мен Астана қаласындағы қаламы қуатты ақындарды мойындатқан өлең жаза білуінде. Мерейтой құтты болсын. Шырын ақынға ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тілеймін, – деді. 
Кеш барысында Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов сөйлеп, ақынға жерлестері атынан құттықтауын жеткізді.   
Кешті танымал ақын, облыс әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман жақсы жүргізіп отырды. Жиын барысында Алматыдан арнайы келген ақындар, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасарлары Қасымхан Бегманов пен Ғалым Қалибек, Қазақстанның Құрметті жазушылары Пернебай Дүйсенбин, Елен Әлімжан, Көсемәлі Сәттібайұлы ағынан жарылып, ақ тілектерін аямай ақтарды.
Аймақтың аға буын өкілдері атынан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтап, ақынның қайраткерлік қырына, қоғамдық істегі белсенділігіне тоқталды.  
Келесі сәтте облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев, Меркі ауданының Құрметті азаматы Қамбарбек Иманалиев, Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бексейіт Жылысбаев та жылы лебіз білдірді.
Кеш барысында Шырын Мамасерікованың әсерлі  өлеңдері оқылды. Шырын Мамасерікованың сөзіне жазылған әндерді Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі  Оңал Азаматова, "Гауһартас" тобы, «Меркі әуендері» ансамблінің мүшелері шырқады. 
Кеш соңын ақын Шырын Мамасерікова қорытындылады. " Мені киіздей қағып, тулақтай сілкіп тағдыр өзі шыңдады. Сынақтарды көрдім, қиналдым, қайта еңсе   тіктедім. Бар сырымды өлеңге төктім. Өлең мені қиындықтан алып шықты. Бәріңізге көп рахмет" – деді.

Есет ДОСАЛЫ, 
журналист

Меркі ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Мерейтой
08 декабрь 2021, Среда
Мерейтой
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
05 май 2025, Понедельник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
05 май 2025, Понедельник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры