ТАУ БАЛАСЫ ТАУҒА ҚАРАП ӨСЕДІ
ШЫНДЫҚТЫҢ ЖОЛЫ ШЫРҒАЛАҢ
Қамбарбек Луговойдан Меркіге өз ықтиярымен ауысып келді. Келген соң Жданов ұжымшарына бас зоотехник болып орналасты. Ол жылдары Ермек Сауранбаев бірінші хатшы Қаратай Адамбаев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болатын, олар бұл ұжымшарында мал жетіспей жатқанын, Момыновтың шаруашылықты ақсатып жібергенін айтып, кемшіліктің неден болып жатқанын зерделеуді тапсырды. Иә, күдік расқа айналды. Ұжымшардың малына санақ жүргізгенде 1200 бас қой, 44 жылқы, 38 ірі қара мал кем болып шықты. Оның үстіне малшы қауым асық өнім үшін қосымша ақы алу дегенді білмейді екен. Жаңа келген зоотехник осы кемшіліктерді жиналыста ашып айтты. Қ.Адамбаев айтылған кемшіліктерді түзетуге әрекет жасады. «Алайда мені Е. Сауранбаевқа жамандаған Момынов та Павловский хатшы болып келген соң орнынан кетті. «Саурамбаевщина» деген топпен мен де, тіпті менің аудандық газетте редактордың орынбасары болып жүрген ұлым да қызметтен босады. Баламның не жазығы бар еді? Арызымды айтып Орталық Комитеттің біздің Жамбыл облысын қадағалап отырған инспекторы Айтмұхамбетовтың қабылдауында болдым. Ол кісі менің көзімше облыстық партия комитетіне қоңырау шалды. Сонымен тексеру барысында жала жабылып, заңсыз қызметтен кеткен ұлымды орнына қайта отырғызды. Ал, «кінәлі» деп табылған екі адамға партиялық жаза тағайындалды.
Иә, «сауранбаевщинаның» құрығына іліккен 30 адамның кейінгі екі жылда жазықсыз екені анықталып, олар ақталды. Ең бастысы ақиқат жеңді. Қ. Иманалиевті Жданов ұжымшарының азаматтары ашық дауыспен бастық етіп сайлап алды. Сол кезде Меркінің өзінде «дала академигі» атанған Оспан Үмбетов, Қайсарбай Ыдырысов, Артықбай Нарматов, Социалистік Еңбек Ері Рзабай Шаңбаев сынды тәжірибесі мол, көреген басшылар бар еді. Қамбарбек сол кісілермен кеңесіп, шаруашылығы шатқаяқтаған ауылды қалайша қалыпқа келтіруге болатынын ақылдасты. «Ең басты мәселе малшының жетіспеуін, машина-трактор паркіндегі техника құралдарының әбден ескіріп, тозығы жеткенін, қосалқы бөлшек дегеннің тапшы екенін білдім. Сонымен екі жыл ішінде ұжымшарға он екі «МТЗ» тракторын, екі астық оратын комбайны мен су, сүт таситын, шөп оратын техника алдым. Қоймамыз қосалқы бөлшектерге толды. Шаруалардың жағдайы өзгеріп, балтамырдың әр гектарынан 496 центнерден өнім алып, республикада бірінші орынға шықтық. Колхозшылар 100-150 қаптан шекер, 10-15 тоннадан бидай алып, қағанағы қарық болды да қалды. Ырғын жүгері өсірдік. Онымыз өз қырманымызға сыймай Шудағы «Бірлік» астық қабылдау орны мен Қырғызстанға өткіздік. Жүгеріміз пұлға айналып, шаруашылық кассасына доллармен қайтты. 80 мың долларға нан пісіретін қондырғы сатып әкелдік. Бұл өзі ел айлық табыстарын ала алмай жүдеп - жадап отырған мезгіл еді. Ал, біздің ұжымшардың мүшелерінің тұрмыс - жағдайы жақсы болды. Айлықтарын уақтылы алып тұрды. Біз ол кезде ауадай қат болып тұрған Қырғыстаннан кілем, Грециядан аяқ киім, Алматыдан видео, телевизор, жиһаз әкеліп колхозшыларға үлестірдік. Тігін цехын ашып, тон, кәстөм, көйлек тігіп, оны да саттық Мал бордақылау кешенін салып, онда тоқты бордақыладық. Бие сауып, орталық базарда қымыз бен ет сатуды қолға алдық. Жас отбасыларға үй салып бердік. 1993 жылы облыс басшылары мені Алматы облысы делегациясымен бірге Израильге «Мерхав» фирмасындағы товарлы-сүт фермасының озық технологиясымен таныстыру үшін іс сапарға жіберді. Келсем, қоймадағылар 100 тонна бидайды сатып жіберіпті. Енді олар қарап жатпай менің үстімнен арыз ұйымдастырып, Рысқұлов учаскесіне өз сыбайластарын жинап, бір қой сойып, бір жәшік арақ әкеліп астыртын әрекет жасайды. Мен аудан басшысы Әмзебек Жолшыбековке барып арыз тастадым. Шынымды айтсам, сонша алаөкпе болып шапқылап жүргендегі төккен терімді бағаламаған жандарға өкпем қара қазандай еді. Облыс басшысы Ө. Байгелдиевтің: «Орныңда қал» дегеніне де қарамай өз қолыммен өтініш бердім. Сөйтіп, менің орныма Еренсіз Майыров отырды. Ол кез демократияның өріс ала бастаған тұсы еді ғой. Осыдан үлгі алды ма, «Қазақстан» колхозында ауыл адамдары үш топқа бөлініп алып алғашқы сайлаудан өтпей қалған Мәжиев пен мені сайлауға түсірді. Мен көпшіліктің дауысын алып, бастық болып сайландым. Бірақ, Кеңесте халықпен етене жақын жұмыс істеу керек болды. Мен жастармен көбірек жұмыс жасадым. Иә, мені жақтаушылар да, жақтамайтындар да бар болатын..

Елдің ынтымағын ойлап жүрген қариалармен де әңгімелестім. Колхоздың 86 миллион қарызы бар екен. Сол қарызды 56 миллионға дейін азайттым. Жұртты жұмысқа жұмылдырып, пайдалы іске тарттық. Шаруашылық Меркі асыл тұқымды қой зауытына 8 отар қой берсе, олардың қарызынан құтылады екен. Сұрағанын Д. Садыровқа бердік. 8 отар қойымыз қалды. Егіннен түскен пайданы да қарызға төктік. Ал, қызылшадан алынған шекерді халыққа таратып бердік. Тұрғындар арасында ынтымақ пен бірлік орнап, олардың ертеңгі күнге деген сенімдері орныға бастады. Сол кезде мені облыс басшысы Амалбек Тышанов өзіне шақырып: «Ауданға бірінші басшы бол» деген ұсынысын айтты. Кейін де бір рет шақырды, бірақ ұзақ сөйлескен жоқ. Содан кейін мен Кеңеске келсем кіші ұлым қатты ауырып қалыпты. Сауранбаевқа үш рет босату туралы арыз бердім, әйтеуір өтінішім қабылданып, Меркіге келдім. 1998 жылдың март айынан 2003 жылға дейін ауданның әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту бөлімін басқардым» деп сөзін тамамдады Қабекең.
ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН
Иә, бұл айтылған әңгімелернен Қамбарбек ағаның партия, шаруашылық, комсомол қызметінде жүрген кездегі аумалы-төкпелі арпалыс пен күреске толы күндерін көз алдымыздан өткізгендей болдық. 45 жыл адамгершілік, ар, намыс, әділдік үшін басын «бәйгеге» байлаған ол арызқойлармен, жалақорлармен айқасып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп, қияметтің талай қыл көпірінен, сынағынан өтті. Бірақ адалдық пен азаматтық парызды, жүрегіндегі иманды бәрінен биік қоя білді. Қамбарбек аға қазір 84 жаста. 20 жыл үзбей аудандық ардагерлер кеңесін басқарды. «Ботбай» қоғамдық қорының төрағасы, «Қонаев» қорының мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарының, Жамбыл облысының Құрметті азаматы. 25 мемлекеттік марапаты бар. Ол облыстық мәслихаттың, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамоталарымен, «Еңбектегі ерлігі» үшін медалімен, республикалық ардагерлер ұйымының «Құрмет белгісі» төсбелгісімен марапатталған. Республикалық ардагерлер съезінің делегаты, аудандық билер алқасының төрағасы болды. 2003 жылы қасиетті Мекке-Медине сапарымен үлкен қажылыққа барып келді.
Жарқынай жеңгей екеуі үш ұл, бір қыз тәрбиелеп, немере, шөбере сүйіп отыр. Олардың шаңырақ көтергендеріне биыл 66 жыл толады. Жеңгей қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы, білікті ұстаз атанып, зейнетке шықты. Ұл-қызына да өнегелі тәрбие берді. Бақытжаны- заңгер, Бауыржаны - ғылым кандидаты, кенже ұлы «Нұржан» шаруа қожалығын басқарады. Қызы Гүлжан - тарихшы. Келіндерінің біреуі заңгер, екіншісі журналист, үшінші келін - кәсіпкер. Немересі Әсел - психолог, Абайы дипломат, Айғанымы ағылшын тілінің маманы, Жанара да заңгер, ал, Нұрсұлтан Астанада сот әкімшілігі саласында басшы қызметте.
Қамбар аға зейнетте жүрсе де қарап отырмайды. Осыған дейін Сайрамда Ботбай батырға, қырғыз елімен шекарадағы Вознесеновкада Андас батырға кесене салдырып, соның басы-қасында жүрді. Сыпатай батырдың 240 жылдығы мен Оспан Үмбетовтың 90 жылдық торқалы тойларын өткізіп, ас беріп, ат шаптырып дүйім жұрттың батасын алды. Бірақ, ол кісі зейнетте жүрсе де арызқойлармен айтысын тоқтатқан жоқ. Иә, Қабекең тынымсыз жан. Ерен тұлға. Өйткені ол тау баласы. Ал, тау баласы тауға қарап өседі, тау биіктеген сайын ол да биіктей түседі. Бірақ өзі биікте жүрсе де Оралхан Бөкеев сияқты төмендегілерге қарауды ұмытпайды. Өйткені қажы ағаның жаратылысы сондай. Қабекең өзі пір тұтатын Дінмұхаммед Қонаев ағаны екі рет көрген екен. Алғаш 1961 жылы, одан кейін 1993 жылы Түркістаннан келе жатқан сапарында көріпті. Осы жолы тау баласы тау тұлғаның қолын алып тұрып ішінен: «Е, Алла осы кісінің жолын бере көр», - депті. Иә, Димаш ағаны тазалықтың, әділдіктің символы десе де болады. Қамбар аға Иманалиев те өмір бойы осы кісідей болсам деп армандапты. Бұл расында бала Қамбар мен дана Қамбардың арманы. Қалай десеңіз де мерейлі Меркінің абызы осы кісі.

Сейсен ҚОЖЕКЕ,
ардагер журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)