Сексен жеті жастағы салымшы
Өткен сәуір айының кезекті бір сенбісінде олжалы оқиғаның куәсі болдым. Қаратау қаласындағы Атшабарда салым көкпар өтті. Оны ұйымдастырып жүрген ауданға белгілі атбегі - Шәріп Бейсенұлы. Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма. Салым көкпар деген соң көршілес аудандардан да тақымы мықты, білекті көкпаршылар сайланып кетіпті. Өзіміздің ауданнан да екі алақанын ысқылап келген шабандоздар көп-ақ. Бұл жарыстың басты ерекшелігі – салым көкпарға жасы келген ардагерлер қатысуға тиісті екен. Сонау бір жылдары малшы болып, маңдай терін төккен, бүгіндері ақсақал атанған біраз замандастарымды көріп мәре-сәре болыстық. Ойық ауылынан Мұсаев Әшкен, Орманов Канал келіпті. Соңғысы бәйгеге ат қосатын шабандоз еді. Атшабардағы небір сәйгүліктердің дүбірін көріп делебесі қозбағандар кемде-кем шығар. «Мына қан қысымы болмағанда, мен де салым көкпарға қатысатын едім» – деп Канал замандас өкінеді кәдімгідей. Соны естіген менің жанымдағы әппақ сақалы кеудесін жапқан ақсақал: «Сенің жасында аурудың не екенің білмей тана тартатын едік» деп шіренді. Көптен бері көрмегенім ғой, сөйтсек бұл ақсақал Шәкіров ауылынан келген Әбдікеш Әбуталиев деген кісі екен. Ілгеріде мал баққан атақты қойшының біреуі. Көзін ашқаннан аттын үстінде өскен кісі. Ұят та болса жас сұрастық. Айтуынша сексеннің жетеуіне келіпті. Өзіміздің төраға Әсемов Жұманның туған құдасы болып шықты. Ол қалжыңбастығына басып: «Тоқсан десеңші» деп жатыр. Қалжынды түсінбейтін қазақ бар ма. «Е тоқсанның да төбесі көрініп тұр» деп ақсақал күлді. Жіңішкелеу келген, саусақтары салалы Әбекеңе үлкен-кіші келіп амандасып жатыр. Тіпті бір-екеуі: « Ойбай, қолымды сыңдырдың» деп кәдімгідей наз айтып жатыр. Қызды-қыздымен әңгіме құрып отырып: «Салым көкпарды тамашалауға келдіңіз бе?» дедім. «Жоға,– деді ол, – қазір, Алла қаласа, үстімдегі шапанымды шешіп, көкпарға киетін киімімді киіп салым көкпарға қатысамын» дегені. Таңғалдық. «Паһ, шіркін!» дестік. Сол жерде отырып қойшының баласы болсақта атқа мінуден сырттап қалғаныма қатты өкіндім. Не деген қайратты, қайсар қарт бұл өзі!
Ақсақал сөзінде тұрды, киімін ауыстырып, немерелерінің жетектеп алдына әкелген торы атқа «Біссіміллә» деп қарғып мінді. Сөйтіп ердің үстіне қақшиып отыра қалды. Делебелері қозып жүрген көкпаршылар да сексен жеті жастағы салымшыға құрмет көрсетіп, «салым көкпар ақсақалдыкі» деп дуылдасып жатты. Үлкенді сыйлаған қазақтың баласы емеспіз бе, жүрегіміз толқыды. Сол күні тағы бір қазына қартпен жолықтым. Оның туып-өскен жері қаланың іргесіндегі Тамды ауылы болып шықты. Екі иығы қақпақтай, ала көздері өткір қара сұр кісі екен. Онымен де таныстық. Ныспысы- Жолтайұлы Сейтмахан. Жасы-сексеннің бесеуінде. Денесі тіп-тік. Мал баққан, көкпар тартқан, балуандыққа түсіп, күш сынасқан Секең де көшелі ақсақал болып шықты. Иірілген жұртқа, сүйінген сөз айтты. Айтпас та ма еді. Біреу қалжындаймын деп, оның шыққан ата-тегін тұспалдаған сыңайлы. Сол сол-ақ екен сөздің түйіні ағытылды.
«Ей, ағайын, – деді ол – бәріміз бір Қазақтың баласымыз, ата-бабаларымыз мына сайын даланы жанымен, қанымен қорғап қалған. Олар бірлікте болмаса мына алып даланы әркім-ақ жаулап алмай ма? Бізге мұра қылып тастап кетті емес пе?. Төле би бабамыз: «Бөлінгенді бөрі жейді» деді. Хакім Абай: «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген жоқ па?. Мына алмағайып заманда біріңді-бірің қажағанды, біріңді-бірің мұқатқанды қойып, жұдырықтай болып жұмылыңдар, қарақтарым. Анау жаман деп, мынау жаман деп бықсығанды қойындар. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген бұрынғылар. Тәуелсіздігіңнің қадірін біл. Мынандай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман қай уақытта болып еді? Соны көп көрмендер» деді.
Риза болдым, сөзін тыңдағандар қол соқты. Жөн сұрастық. Осыдан үш жүз жыл бұрын қолбасшы Қойгелді дос болып андасқанХангелді батырдың ұрпағы екен. Тектілігін көрсетті. Әңгіме үстінде мына тұрған Майтөбе ауылынан Тараз қаласына дейін жорға атымен екі сағатта жететінін айтқанда жүдә таң қалдым. Сөзінің дәлеліндей ол да шұбар айғырға қарғып мініп салымға түсті. Арқаланғанда Хангелді бабасынан аумай қалды. Қоштасарда айтқаны: «Көкпарда шыдай алмаймын. Біреу-міреу ішіп келеді ме деп жаным шығады. Ондай адамды көрсем қамшымен жонын тілуге пейілдімін. Қарағым, көкпар деген қазақтың ар-намысы, айла-амалы, тазалығы сынға түсетін жер. Сондықтан бұл ойын түрі қор болмаса екен деймін». Шіркін-ай, осындай абыз-қариялар көп болса қазағымның бағы басынан кетпес еді-ау!", – деп тебірендім мен.

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
ардагер журналист.
Талас ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)