ҚОНАЕВ ҚҰТТЫҚТАҒАН ҚЫРЫҚТЫҚШЫ ЖІГІТ
Еңбек бақытқа бөлейді. Өмірдің мәні де, сәні де - еңбек. Бұл – әлмисақтан айтылып келе жатқан, қазір де айтылып жүрген, болашақта да айтылуға тиіс қасиетті қағида. Бұл – халық даналығы.
Мен саналы ғұмырымда талай тамаша адамдармен, еңбек майталмандарымен кездестім. Әрқайсысы – бір тарих. Бәрінің де өмірлерінің өнеге тұтар тұстары бар. Сондай өмірі өнегелі, еңбектің қараторысы, Мойынқұмның майталманы, мақтанышы болған Шотай Тайбағаров туралы естелік айтқым бар, жастарға үлгі болсын.
Кеңестік кезеңде Қазақстан «көлеңкеде көп көрінбей қалатын» десек те, еңбекте де, ғылымда да, мәдениетте де, әдебиетте де, өнерде де жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан дарабоз даңқты ұл - қыздары көп болған. Солардың бірі механизатор, қой қырқудан Одақтық, республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпазы, Халықаралық сайыстарда да жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар олжалаған қарапайым қазақ, жерлесіміз Шотай Тайбағаров еді.
Мен осынау даңқты жерлесімізбен 1979 жылы танысып, оның шеберлігі мен әділдігіне тәнті болғанмын.
Сол жылы Алматы облысының Мыңбаев атындағы қой шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты базасында қырықтықшылардың республикалық жарысы өткізілген. Қызмет бабымен еліміздің солтүстігінде жүрген мен Ерейментауда жауапты қызмет атқарғанмын. Сонда қырықтықшылар сайысына қатысып, бес дүркін Целиноград облысының жеңімпазы болдым. Бірақ, бұл жолғы республикалық жарысқа облыс қырықтықшылар командасының нұсқаушысы ретінде қатыстым.
Жарыс басталар алдында жамбылдық жерлестерім – меркілік Мамаев, луговойлық Маймақов және мойынқұмдық Шотай Тайбағаровты арнайы іздеп барып таныстым. Осылардың ішінде Шотайдың аты әйгілі болатын. Олай дейтінім, 1969 жылы Белоруссияның Херсон қаласында өткен қырықтықшылардың одақтық жарысында «КСРО чемпионы» атанып, «Алтын жабағы» алтын медалін иеленгенін білетінмін. Ал, мына жарысқа Болгарияның Толбухин қаласында өткен қырықтықшылардың халықаралық аламанынан оралған беті. Бұл бәсекеде Шотай бауырымыз 10 қойды 10 минут 10 секундта қырқып, әлемдік рекорд жасаған. Әрине, аталмыш жарыстан да «қанжығасы майланып» қайтқаны айтпаса да түсінікті.
Сол жолы КСРО Халық әртісі Роза Бағланованың концертін тамашалап, жыр алыбы Жамбылдың Ұзынағаштағы музей – үйін аралап, мол рухани азық алып қайттық.
Айтпағым – еңбек адамының қашанда құрмет пен қошеметке бөленетіні туралы. Шотай Тайбағаорв – «Қой қырқудың жоғары санатты шебері» атағының иегері. Одақтың жоғары наградалары «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. Қазақстан Компартиясының екі бірдей съезіне делегат болып қатысып, Республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған халық қалаулысы.
Еңбекпен басына бақ қонған осындай қарапайым қазақпен таныс , тұздас – дәмдес болғаным мен үшін мақтаныш. Ол – өмірімнің естен кетпес ерекше сәттерінің бірі.

Тәліпбек ШАҚБАЕВ,
Тұрар Рысқұлов ауданы
ардагерлер кеңесі
тұрақты комиссияның төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)