Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » КӘСІПОДАҚ ҚАЙРАТКЕРІ

КӘСІПОДАҚ ҚАЙРАТКЕРІ

15 сентябрь 2022, Четверг
213
0
Еңбеккер мүддесі – ең бірінші кезекте.  Сәрсенбай Мыңбаев – саналы ғұмырында осы ұстаныммен қызмет атқарған азамат.
Ол мектепте де, институтта оқып жүргенде де қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысатын. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында факультет кәсіподақ комитетінің белсенді мүшесі болды. Әртүрлы іс-шаралар ұйымдастырудағы белсенділігі үшін студент кезінде-ақ облыстық атқару комитетінің Грамотасымен марапатталған. Оқу озаты, Лениндік стипендиат болды.
Мәскеудегі Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында білімін жетілдіріп, әлеуметтанушы мамандығын қоса игерген Сәрсенбай Бердалыұлы институттан кейін атқарушы органдарда қызмет атқарды. Жамбыл қалалық партия және атқару комитеттерінде жауапты қызметте болды. Осында қоғамдық-саяси жұмыстарда шыңдалып, аудандық және қалалық кеңеске екі рет депутаттыққа сайланды.
1984 жылы кәсіподақ жұмысына ауысқан Сәрсенбай одан кейінгі 35 жылдай саналы ғұмырын осы салаға арнады. Жамбыл облыстық кәсіподақтар кеңесінде алғашында тұрғын үй, коммуналдық-тұрмыстық, ұйымдастыру бөлімдерінің меңгерушісі, кейіннен облыстық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін 13 жыл абыроймен атқарған Сәрсенбай Бердалыұлы 1997 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастыру және халықаралық жұмыстар департаментінің директорлығына шақырылып, үш жыл ізденісті қызмет жасады. Одан кейін Астана қаласы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды. Осы лауазымда тапжылмай 18 жыл жұмыс істеген Сәрсенбай Мыңбаев 2011-2014 жылдары қоса атқарған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары қызметінде жаңа қырынан танылды. 
Біз сыдырта санап шыққан қызметтерде Сәрсенбайдың алға қойған негізгі мақсаты атқарушы органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайту және оны одан әрі  дамыту, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, оларға құқықтық қолдау көрсету болды. Ол мақсатына жетті де. Бірақ, оңай болған жоқ. Елімізде кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдары тарап, өндіріс орындары  жекешенің қолына көшіп жатқан өтпелі кезеңде қайдан оңай бола қойсын! Жекешелендіру сипатында қайта құрылған еңбек ұжымдарында кәсіподық ұйымдары өз-өзінен жоқ болып кетіп жатты. Еңбекшілер мүддесін ойлап, оның мұң-мұқтажымен санасып жатқан ешкім жоқ. Міне, осындай жағдайда Сәрсенбай сынды белсенділер кәсіподақ ұйымдарын сақтап қалуға барын салды.
Жекешелендірудің желігімен айдар-ынан жел ескендер кәсіподақ дегенді ескергісі де келмеген. Бірақ, Сәрсенбай Мыңбаев заң аясында жұмыс жүргізіп, үшжақты меморандумға отыру арқылы кәсіподақтардың беделін сақтай білді. Дәл сол сәтте қарапайым еңбекші қауым өздерінің шын жанашыры кәсіподақтар екенін сезінген. Сезінгендер қайтадан кәсіподаққа кіріп, біріге бастаған. Бұл іске адамдар арасында үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізген кәсіподақ белсенділерінің қосқан үлестері зор. Еңбектері ұшан-теңіз. Еңбек адамының мүддесін қорғаған сол қозғалыстың басында тұрғандардың бірі – Сәрсенбай Мыңбаев. Бұл орайда ол – «көшбасшы» деп атауға әбден лайық.
Осындай көшбасшылық қасиетімен қатар Сәрсенбай Бердалыұлы кәсіподақ беделін көтеруге көп еңбек сіңірді. Ол федерация төрағасы Сиязбек Мұқашевпен бірігіп Қазақстан кәсіподақтарының гимнін жазды.  Әні – Нұрболат Бектаевтікі. Бұл гимн еңбекшілер мүддесі жолында бірігіп, жұмыс істеуге шақырған ұран болды.
«Сен өткенге топырақ шашсаң, болашақ саған тас атар» деген қарғыстан  жаман қағида бар. Осы қағиданы ұстанған Сәрсенбай халықты кәсіподақ ұйымының тарихынан хабардар ету мақсатында музей ұйымдастыруды қолға алған. Ол мұрындық болған бұл жұмыс та өз нәтижесін берді. Ал, музейге материалдар мен жәдігерлер жиинаудағы қиындықтарды айтып жеткізу қиын. Іскер азамат,ұтқыр ұйымдастырушы сол қиындықтарды жеңудің жолын таба білді. 
Айта берсек, Сәрсенбай Мыңбаевтың кәсіподақтарда атқарған істері көп, салаға сіңірен еңбегі зор. Еңбек ескерусіз емес. Ол – республикалық федерацияның «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», «Кәсіподақ ардагері», Мәскеудегі кәсіподақтар конфедерациясының «За заслуги перед профсоюзным движением» («Кәсіподақ қозғалысына сіңірген еңбегі үшін») төсбелгілерінің иегері. Оның омырауында «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Астанаға – 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына – 30 жыл» медальдары жарқырайды.
Ой, санай берсең, Сәрсенбайдың жоғарыдан алған Алғыс хаттары мен Құрмет Грамоталарында сан жоқ. Осының бәрі ел үшін сіңірген еңбектің жемісі.
Сәрсенбай Мыңбаев ардагерлер ұйымдары жұмысына да белсене атсалысып жүр. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы. 
Астанада жүргенде-ақ ардагерлер ұйымы жұмысына атсалысқан. Қалада бірқатар «Ардагерлер орталығы» ашылуына бастамашы болған.  Атырауда өткен батагөй қариялардың «Батаменен ел көгерер» республикалық байқауында жүлделі орын алғаны дар бар.
Берекелі отбасының отағасы Сәрсенбай Бердалыұлы зайыбы, ардагер-заңгер Ұлдай екеуі – Құдайдың берген ұл-қыздарынан немерелер сүйіп отырған ата мен әже.

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Парасат
25 август 2021, Среда
Парасат
Жағымды жаңалық
29 апрель 2022, Пятница
Жағымды жаңалық
Біздің белсенділер
29 апрель 2022, Пятница
Біздің белсенділер
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры