Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ГҮЛМЕН СЫРЛАСАТЫН ҚАРИЯ

ГҮЛМЕН СЫРЛАСАТЫН ҚАРИЯ

08 август 2023, Вторник
80
0
"Таза болса табиғат, аман болар адамзат" деп жатамыз ғой. Қоршаған ортаны қорғау, оны аялау – біздің бәріміздің парызымыз. Өйткені, табиғатсыз адам заттың күні жоқ.
Ауыл тазалығының әрбір ауладан басталатынын ескерсек, өзінің тұратын ауласын, үйінің айналасын және көшесін таза ұстап, оны көрші - қолаң, ауылдастарына үнемі насихаттап жүрген кісілер арамызда, шыны керек, онша көп емес. Айналаны таза ұстап, үйіргелік жерге талдарақтармен қатар, жеміс ағаштарын егіп, гүл отырғызып, ауылға үлгі болып отырған сондай бір азаматпен апта басында кездесудің сәті түсіпті. Өзінің ауылының және қоршаған ортаның тазалығына белсене үлес қосып, көпке үлгі болып жүрген зейнеткер, еңбек ардагері Қайрат Сарыбаев Б.Момышұлы ауылындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінің байырғы тұрғыны екен. Өзі өтініш жасаған соң, қарияның үйіне бардық. Жері небәрі жеті соттықтан тұратын шағын ғана үйдің ауласына раушан (роза) гүлінің бірнеше түрін егіпті. Гүл аулаға, айналаға сән берумен қатар, жұпар иіс шашады. Оны егіп, отырғызудан бастап, гүлге күтім жасауды да қарияның өзі атқарады.
Одан бөлек, үйінің батыс жағы шағын бақ. Онда жеміс ағаштарынан алманың «Бабушка», «Белый налив» және «Золотой превосход», т.б. сұрыптары және алмұрт, шие және алхоры, басқа да жеміс ағаштары жеміс салып тұр. Шарбақтың ортасындағы шағын ғана алаңқайға қызанақ көшеті және қияр егілген.
– Өзім Қайрат ауылының тумасымын. Осында тұрып жатқаныма жарты ғасырға жуық уақыт болды. Көршілерімнің барлығы жақсы азаматтар. Бау - бақша және гүл өсіру - менің құмарым. Бұл қасиетім менің табиғатты жақсы көргенімнен болар. Мысалы, гүлді алып қарайтын болсақ, ол да тірі жан сияқты. Оны еккеннен кейін аялап қарап, күтім жасап, жақсы көруің керек. Гүл барлығын түсінеді. Гүлдің тілін түсінсең, онымен сөйлесуге, сырласуға болады. Осында көшіп келгелі бері гүл егумен айналысып келемін. Бұл әрекетіме көрші - қолаңның барлығы қызығады. Кейбірі мереке кездерінде сұрап алып жатады. Тұқымын алып, өз аулаларына егіп, көбейтіп жатқандары да бар. Өзім де аудан орталығындағы бірқатар мекемелердің және жекелеген тұрғындардың аулаларына гүл егіп беремін. 
Кейбір адамдар гүл егуді еріккеннің ермегі деп ойлауы әбден мүмкін. Олай емес. Гүл ексең, айналаң сәнді әрі хош иісті болады. Әсіресе, таңертең тұрғанда ауладағы гүлден өте керемет әсер аласың. Гүлді жақсы көрмесең, ол өспейді. Сондықтан мен гүл өсіру арқылы қоршаған ортаның қорғауға өз үлесімді қосудамын, – дейді зейнеткер Қайрат Сарыбаев.
Сексен екі жасты алқымдаса да қол еңбегінен қол үзбеген Қайрат ақсақал әлі де тың. Саламатты өмір салтын ұстанып, көбінесе жаяу жүргенді әдетке айналдырған. Үй шаруасын және бау-бақшаға күтім жасау жұмыстарын өзі атқарады. Қарияның өмірден көпті көргендігі және еңбекқорлығы жастарға, әсіресе, жас отбасыларына үлгі.
Қарияның өмір жолына аз-кем тоқталатын болсақ, Қайрат Сарыбаев өзінің саналы ғұмырын еселі еңбекке арнаған жан. Ол ұзақ жылдар автобазада, мал бордақылау базасында, «Казсельхозтехника» мекемесінде және жеміс-жидек базасында, ұжымшарларда механик-жүргізуші болып еңбек еткен. Соң 16 жылында аудандық орталық ауруханада қарауыл болып, зейнеткерлікке шыққан.
Бір өкініштісі, 40 жылға жуық отандасқан жұбайы осыдан төрт-бес жыл бұрын дүниеден озыпты. Жұбайы өмірінің соңғы жылдарында көзі көрмей біраз қиналыпты. Жігерлі қария өзі қиналмай кемпірін жетелеп, баласындай мәпелеп жүргенін талай көргенбіз. Қайрат Сарыбаев марқұм жұбайы екеуі бір ұл тәрбиелеп өсіріп, үш немере сүйді. Бүгінде қария солардың қызығын көруде.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналст.

Жуалы ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Ауласы көкжелекке оранған
14 июль 2023, Пятница
Ауласы көкжелекке оранған
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
08 август 2023, Вторник
АУЫЛДЫҢ ЕҢ СЫЙЛЫ АДАМЫ
Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры