Ауылдан шыққан археолог
Қарт Қаратаудың қойнауы қазба байлықтарына ғана емес, жазба шежіреге толы. Ғасырлар тереңінен жеткен аңыздар адамзаттың алтын бесігінің бірі осы өңірде болған деседі. Осыдан миллиондаған жылдар бұрын алғашқы адамдардың қоныстары да осы өңірде. Тәңірқазған, Бөріқазған, Ақкөл және Қараой қоныстары соған айғақ. Ата-бабаларымыз қола мен мыстан бұйым жасап, темірден түйін түйген, ағаштан ою ойған. Небір ісмерлер өткен. Біреулер жазып, айтып жүргендей, аталар атқа мініп, қойды қайырып, далақтап шаба бермеген. Өркениеттің өркешіне жармасып, адамдарға тиесілі бұйымдардың бәрін жасаған. Оған ауданымыздың аумағындағы ескі қорымдар, көне қалашықтардың орны дәлел. Өкінішке орай, сол тарихымызды тәпсірлеп, бүгінгі ұрпақтың құлағына сіңіретін, ұлтын сүйетін өлкетанушылар аз. Тарих пәнінің ұстаздарының біразы кітаптан оқыған, кеңес өкіметінде жазылған оқулықтарды оқытумен шектеліп жүр. Өз беттерінше ізденіп, тарихты жаңаша түсіндіруге құлықсыздық танытуда.
Бірақ, ел ішінде туған жерін, елін сүйетін, сол үшін жаны күйетін азаматтардың бары мені қуантады. Солардың бірі хәм бірегейі – өзі физика пәнінің мұғалімі болса да, туған халқының тарихын бір адамдай біліп қана қоймай, соны зерттеп, зерделеп жүретін азамат, Қараой ауылының тұрғыны Қуатбек Жолмұхамбетұлы. Жақында оның «Қараойым-асыл мекенім» атты қолжазбасы қолыма тиді. Туған өлкесінің тауы мен тасы, сайы мен саласы, өзен-көлі, өсімдігі мен аң-құсы оған таңсық емес екен. Туған өлкесін сүюдің үрдіс-үлгісін содан көріп, сүйсіндім. Шын мәнінде көп адамдар мәнісін айыра аламай жүретін туған жер, туған елге деген құштарлық оның тұла бойында тулап жатыр. Бүгіндері алты ұл-қыздан он алты немере сүйіп, жан-жары, ардақты ана Зейнекүл Қалыбаева екеуі туған жерден табан аудармай, бақытты ғұмыр кешуде.
«Әке көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді»,- дейді халқымыз. Байқаймын, ұл-қыздары да тәрбиелі. Соның біреуін ғана әңгіме етпекпін. Қолындағы ұлы Ербол Қуатбекұлы әке жолын қуып, туған өлкесін зерттеп, зерделеп жүрген, өлкетанушы, тіпті археолог деуге болады. Жұбайы – Жанна Оспанова көпбалалы ана, алтын алқа иегері.
Міне, сол Ербол бауырымыз мектепті бітірген соң, ауылда қалып, шаруа қожалығын құрып алды. Мал өсірді, егін екті. Қарап жүрмей, қалт еткен кезде туған жерінің қатпар-қатпар тастарындағы петроглифтерді зерттеп, ескі обалардағы, қорымдардағы ежелгі жәдігерлерді тауып, оны жинақтап, үйінен жеке мұражай ашыпты. Жәдігерлердің ішінде алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген адамдардың тастан жасаған құрал-жабдықтары, қола дәуіріндегі мүсіндер, орта ғасыр дәуірлеріндегі құмыралар, құмандар, түрлі әшекейлі бұйымдар, тіпті 1896 жылы шыққан Тула самаурынының бірнеше түрі, сақина - білезіктерінің топтамалары (суреттерде), не керек адамдарды қызықтыратын ондаған жәдігерлер жинақталған. Оның әрқайсысын археологтарша аршып, тазалап, музейіне көрнекті етіп қойған.
Ербол бауырымыз құнды жәдігерлерді ауылдағы Бірлесу орта мектебіне өткізіп, мұражай ашуға ниеттенген екен. Бірақ, мектеп басшылығы оның бұл ниетін құп көрмеген. Міне, біздегі тарихқа деген кертартпалық, өткеннің мұрасына деген бой күйездік.
Өткенде ғана облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау дерекциясының директоры болған Қуаныш Дәуренбековпен (қазір облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры), жолығысудың сәті түсті. Ерболдың тапқан жәдігерлері жөнінде ақылдастық.
- Ербол Қуатбекұлының еңбегіне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, - деді ол. Болашақты бағамдау үшін өткен тарихымызға үңілу нағыз азаматтық тірлік. Біздің ата-бабаларымыздың қолынан шыққан әр зат біз үшін теберік болуы тиіс. Сондықтан, Ерболдың жәдігерлерін Талас тарихи-өлкетану мұражайына өткізіп, арнайы бұрыш жасағанды жөн деп ойлаймын.
Қ.Дәуренбековтың бұл ұсынысы құптарлық. Ендеше, мұражай қызметкерлері Ерболмен кездесіп, құнды жәдігерлерді мұражайға алдырып, мемлекеттің қорғауына алғандары жөн болар еді деп ойлаймын.
«Ел іші – өнер кеші» деген осы. Ербол сияқты туған өлкесін сүйетін, тарихын дәріптейтін азаматтарды дәріптеп, құрметке лайық екендігін айтып жүру абзал болар.
Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ,
Қазақстан Республикасының
үздік өлкетанушысы.
Талас ауданы.

Обсудить
Блок в статье:
Жерлес жазушының жаңа туындысы
14 январь 2025, Вторник
«Өмір – өткен күндер емес, есте қалған күндер»
14 январь 2025, Вторник
Өзгерістер өз қолымызбен жасалуда
14 январь 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)