Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Бүгінгі күн ертеңгі тарих!

Бүгінгі күн ертеңгі тарих!

07 август 2024, Среда
96
0

Жуалы аудандық әкелер кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен, кеңес төрағасының орынбасары Байдалиев Д.Ж бастаған аудандық өлкетану музейінің қызметкерлері Билікөл ауылдық округінде орналасқан "Тау самалы" балалар сауықтыру лагерінде болып, оқушылармен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде бала тәрбиесіндегі әкелердің алатын орны туралы айтып, сол аймақтың өткен тарихымен I, III ғасырлардағы сақ, үйсін  обаларымен,  Дарбазадан табылған тас құралдармен, Берікқара шатқалының тарихымен таныстырды. Одан кейін  Билікөл ауылдық округінің Қарабастау ауылындағы 1941-1945 жауынгер, бауырластар  ескерткішінде болды. Ұлы Отан  соғысы Жеңісінің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған " Батырлар өткен жолмен" атты акция барысында Кеңес одағының батыры Савва Владимир туралы мәліметтер жинақтады. Савва В. 1943 жылы 842-ші, 240-шы атқыштар полкін басқарған. Днепрден өту кезінде  көзсіз ерлік жасаған. 1943 жылы 29 қазанда Кеңес Одағының батыр атағы берілген. 1948 жылы қайтыс болған. Жамбыл облысының Меркі ауылындағы  мектеп Савва Владимирдің есімімен аталады.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры