КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
Мойынқұмдық еңбек ардагері Орынбасар Бектанұлы кезінде техниканы шебер меңгеріп, шаруашылықта трактор тіз- гіндеген. Сексен бестегі ол әлі де тракторды орнынан қозғап, көкейге түйгенін ізба- сарларымен бөлісіп тұрады. Қазір зейнет демалысына шыққан қария еңбек жолын совхозда тракторшы болып бастаған. Содан бергі жылдарда ол өзіне міндеттелген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарай білді. Сексеуілдің ескіргендерін қырқып, жинап алуға барынша күш салатын. Аға буын өкілдері жас жігіттің жанкешті еңбегіне жоғары бағасын беретін еді. «Қазір техниканың түрі де көп қой. Шетелден келген көптеген тракторлар мен комбайндарды көруге болады. Біздің кезімізде негізінен ресейлік техникаларды пайдаланып келдік», - дейді еңбек ардагері. Ауылдастарының айтуынша, тракторшы зейнетке шыққанша бір жерде еңбек еткен. Арнайы білімі болмаса да кезінде шебер, аға шебер, тіпті бригадир болып та еңбек еткен. Жауапкершілік, талап пен ерінбеудің нәтиже- сінде ортасында сыйлы болды. Облысымыздың құрдасы Орынбасар Бектанұлы Отыншиев жан жары Көбейкүл екеуінен 4 ұл бала дүниеге келген. Екеуі ұрпақ өсіріп, оларға саналы тәрбие бере білді. Олардан бүгінде 16 немере 10 шөбере көріп, отырған бақытты ата-әже. «Жалпы, кәсіптің жақсысы-жаманы жоқ. Өз мамандығыңа құрметтеп, қызыға жұмыс істейтін болсаң, одан абыройға кенелуге негіз бар», - дейді ол.
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, "Ғұмыр-Дария"
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, "Ғұмыр-Дария"
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)