ТЫЛ АРДАГЕРІ ТАМАБАЙ
Ұлы Жеңіс оңай келген жоқ. Бейбітшілік пен тоқшылық заманда өмір сүріп жатқан қазіргі жас ұрпақ бәлкім оны сезіне алмайтын да шығар. Бәлкім біздер де сезіне алмаспыз. Дегенмен, біздер бала күнімізде ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен жылдардың куәгерлерін көрдік. Олар – майдангерлер. Ішінде он екі мүшесі түгел емес кемтар жауынгелерді де көзіміз көрді. Бірінің қолын оқ жұлып кеткен, екіншісі соғысқа аяғын берген. Енді бірінің көзіне зақым келген. Соғыстың салдарынан құлағы ауыр еститін, сөйлеу тілінен кемшілігі бар қарияларды да кездестірдік. Байқадық. Сол кезде бала болсақ та атың өшкір соғысқа лағнет айттық.
Ұлы Жеңіске майдангерлердің, кеудесін жауып тұрған оққа тосқан батырлардың үлесі өте мол. Оған талас жоқ. Жеңіс күнін жақындатқан тағы да бір күш бар. Ол – тылдағы еңбеккерлер. «Бәрі де майдан үшін», – деп бел жазбай еңбек еткен қайран аналарымыз бен бұғанасы қатпаған 8-9 жастағы, одан сәл ғана ересектеу балалар.
Сондай тыл ардагерінің бірі – Сарыкемер ауылында тұратын Тамабай Тұңғатаров ақсақал. Ақсақал бүгінде 89 жасқа аяқ басқан. Сөзі анық, жады мықты. Ол кезде Талас ауданының Аққұм ауылында тұрған екен. 8 жасынан тылдың тынымсыз тіршілігіне араласқан. Мұны бұғанасы қатпаған деп есіркеп отыратын уақыт емес. Майданда соғыс жүріп, азаматтарымыз от пен оқтың ортасында жүр. Бидай бастыру, өгіз соқамен жер жырту – балалардың міндеті. Сол бейнетті кешкен баланың бірі – Тамабай. Тамабай Тұңғатарұлы өгіз арбамен Аққұм ауылынан аудан орталығы Ақкөлге ат арбамен бидай тасыған. Өзіңіз ойлап көріңіз – 8 жасар бала 35 шақырымға күнді күнге, түнді түнге ұрып арба айдаған. Қазір 8 жасар бала жыламай тамақ ішпейді. Тамабай бала күнінен ширақ болып тыным тапқан жоқ. Арбаның үстінде жүрді. Қиын күндердің ауыртпалығын бірге кешірген апа - жеңгелері бір жағынынан күш берді.
Соғыс аяқталып, елге бейбітшілік заман орнаған соң да Тамабай еңбектен аянып қалған жоқ. Құрылыс прорабы мамандығын алып қызметке кірісті. Байзақ аудандық құрылыс мекемесінде шебер, құрылыс прорабы болып қызмет етті. Мырзатай ауылындағы көп қабатты үйлердің құрылысын жүргізіп, елдің алғысына бөленді. Құрылыс прорабы ретінде Байзақ ауданының жол құрылысында, еңселі ғимараттарында Тамабайдың қолтаңбасы бар.
Асыл жары Ақын Ердалиева да тылда еңбек еткен. Бейбіт күнде озат ұстаз ретінде танылған. Әуелі 20 жыл кітапханашы болған. Кейіннен орта мектептерде бастауыш сыныптарға сабақ берді. Кейінгі жылдары Сарыкемердегі №1 мектеп - гимназияда тер төкті. Өзінің ұстаздық еңбек жолында тек алғысқа бөленген. Қырық жылға жуық еңбек етті. Олар баласы Ғалымжанмен, келіндері Айгүлмен бірге тұрады.
Қазіргі таңда Тұңғатар ақсақал асыл жары Ақын екеуі 5 қыз, бір ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан 20 немере, 13 шөбере сүйіп отыр.
Тылда тыным таппаған ардагерлер Тамабай мен Ақын құрметтеуге лайық.
– Атымыз шықсын, мақтаулы болайық деген жоқпыз. Соғыс кезінде еңбек майданында жеңіс үшін тер төктік. Біз балалықтың, ойын ойнаудың не екенін білмедік. Біз бірден есейдік. Ойын баласы бола алмадық. Мұңға батқан аналардың, майданнан мүгедек болып оралған жауынгерлердің ауыр еңбегіне куә болдық. Кейбір шолақ белсенді бригадирлерді де көрдік. Аянбадық. Сол көрген қиын күннің өтеуіне Жеңіс келді, бейбіт күн орнады. Осы тыныштық ұзағынан болғай. Жастар тек білім мен еңбектің алдыңғы шебінен көріне берсін. Жастарға берген батам осы, – дейді тыл ардагері Тамабек Тұңғатаров.

Есет ДОСАЛЫ,
журналист,
Байзақ ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)