АБЫЗ АДАМ, АҢЫЗ АТАМ
Абыройлы ақсақал, қадірменді қарт, қадірі бар қария деп жатамыз. Бұлардың қай-қайсысы болмасын жасы егде тартқан кісілердің бәріне бірдей қарата айтыла бермейді. артында Салмақты, салиқалы ісі, қасиет шақыратын сөздері қалған. Ана дүниеге кеткеніне бір жылға жуықтап қалған Баттал Жаңабайұлы атамыз туралы естеліктерді, елден естігендерді сараптап, саралап қарайтын болсам осындай ойға келемін. Бұл жолы жалғыз мен емес көптің құрметіне бөленген қадірлі кісім туралы ойымды бөліскім келді. Қадірлі қария болу да бір бақыт екен. Ол кісінің шуақты сәттеріне көбірек куә болдым, айтқан асыл сөздерін жадымда жаттам өстім. Ғасырға жуық өмір сүрген абыз ақсақал Баттал Жаңабайұлы атамыз – әулеттің ғана емес елдің керуенін алға тартып, жөн сілтеген кісі. Ол кісінің басты қасиеті – еліне айтар басалқалы сөзі болды, адалдығымен, әділдігімен көптің есінде қалды. Ол кісінің атқарған қызметі мен қоғамдық істердегі белсенділігі бүгінде аңыз болып айтылады. Ардақты ардагер, қарымды қаламгер, беделді қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы деген бір адамның тақиясына тар келмейтін атақ ала жүріп, ол кісі мен осындай екенмін деп шалқайған да жоқ, кім көрінгеннің алдында еңкейіп елпілдеген де емес. Облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Aq jol») газетін ширек ғасыр басқара жүріп, басылымның абыройын асырды, ынтымағы жарасқан тас-түйін ұйымшыл,қабілеті зор шығармашылық ұжымның бірнеше буынын қалыптастырды. Баттал атам облыстық газетті өсірді, өзінің перзентідей болған басылыммен бірге өзі де өсті. Не бір дүл-дүл шәкірттер тәрбиеледі, артында өшпестей із қалдырды.
Шығармашылық талантын газеттің мазмұнын толықтыруға, басылымның беделін көтеруге арнады. Өзінің шығармашылық өміріне уақыт қалдырмады. Ол кісі шығармашылықпен зейнет демалысына шыққаннан кейін айналысты. Соның өзінде әдемі әңгімелер жазды, ел оқи жүрер естеліктермен бөлісті.
Ол кісі көзі тірісінде жазған «Сөз-құдірет», «Жақсылардың шуағы»атты екі кітабын бір деммен оқып шықтым. Атамыз арнайы қолтаңбасын қалдырып естелікке беріп еді. Тәрбиелік мәні өте зор, ой-зердеңді кеңейтетін, орамды ойларымен, әдемі сөз тіркестерімен әрленген кітаптарды оқи отырып, рухани жағымнан толыға түскенімді мойындаймын.
Студенттік шағымда ара-тұра атаның үйіне тоқтайтынмын. Сонда мені «бала деп қарамай» жөн сұрасып, оқуымды сұрап, әңгімеге тартатын. Кейін жасым үлкейіп, қызметке араласа бастағанымда менімен салмақты әңгіме айтатын болды. Ол кісінің өзімен салмақты тақырыпта әңгімелесу, кейбір мәселелер жөнінде ақылдасу маған үлкен өмір мектебі болды деп есептеймін.
Баттал Жаңабайұлының отбасылық өмірінің өзі біздерге үлгі-өнеге болды. Ол кісінің жары Фарида апамызбен қарым-қатынасы, сыйластығы жайлы мақтана айтуға болады. Бала тәрбиелеудегі, төңірегіндегі жақындарымен өзара қатынастағы ерекше сыйластығы мені таң қалдыратын. Баттал атаның өмірлік мектебінен қаншама ағайын-туыс сабақ алды. Соның ішінде өзім де бармын. Үлкен отбасына бара қалғанда шәй үстінде асықпай әдемі, тәлімді әңгімесін өрбітетін, ақыл-кеңесін айтатын, мағыналы-мәнді естеліктермен бөлісетін. Бір мен емес, Баттал ата бар бауырымен осындай қарым-қатынаста болды.
Сондай әңгіменің бірі есіме оралып отыр. Телефон соғып, келіп кетуімді сұрады. Уақыт созбай бардым. Ауылға барып, құран бағыштап, мешітке бармақшы екен. Сонымен мен, немересі Азиз, келіні Ақтоты үшеуіміз ағаны ауылға алып бардық. Жол-жөнекей аға туған ауылы жайлы тың әңгімелер айтты. Мен естімеген деректер екен.
–Ауыл жан тыныштығының отаны деп бекер айтпаса керек. Ауылда туған адам ауылдың кереметтілігін түсінетіні сөзсіз. Ауылға барсаң, қонақжай туыстарыңмен қауышасың,-деді көпті көрген көнекөз қария. – Сейфулла, мен айтайын саған, ауыл – балалық шағымның отаны. Үйдің кішісі болсаң да сен де ауылдан кеттің, туған жерге ұмытпай барып тұрғаның жөн.
Атаның осы сөзі менің есімде қалыпты.
Ауылда Әйтіміш атаның баласы Дастанның үйіне тоқтадық. Дастархан жайылып, ағайын -туыстар күтіп алды. Ауылда Жаңабай сопы мешітінде Баттал ата және ауыл имамы Қали молда құран оқыды. Одан арғы аялдама Қызыләуіт маңындағы Жаңабай атаның зираты болды. Ол кісі әкесінің зиратында ұзақ отырып, бар аруақтардың атын атап, құран бағыштады. Қайтып келе жатқанда да атаның көңіл күйі жақсы, өзін жеңіл сезініп келе жатқанын байқадым. Қайтар жолда енді аға ағайын-туыс, бауыр жайлы жылы естеліктерін айтып отырды. «Ағайын-туыстан алыстамаңдар, хабарын алып, қал-жағдайын біліп тұрыңдар. Туған ауылыңды ұмытпа. Қолыңда артық қаражатың болса, лажы болса ауылыңның жыртығын жамауға тырыс»деген сөзі есімде.
Бұл сапарымыз ағаның өмірден қайтуынан алты ай бұрын болған еді. Бәлкім бұл ауылға деген сағыныштың соңғы нүктесі екенін аға жүрегі сезді ме екен деген ой қалады.
Жаныңыз жанната болсын, абыз ақсақал, көнекөз қазыналы қарт Баттал ата!
Сейфулла ЖАҢАБАЕВ,
мемлекеттік қызметтің ардагері
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
Азаттық пен еңсесі биік елдіктің айшықты мерекесі
01 ноябрь 2024, Пятница
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)