АЙТАРЫ БАР АТХАН АҚСАҚАЛ
Жасы ұлғайған кісілер әр ауылда бар. Олардың арасында даналары да, даралары да аз емес. Бірде облыстық «Ғұмыр – Дария» газетінің бас редакторы Жаңабай Миллионов: «Қордайда Атхан Иманәлиев деген бір керемет қария бар екен. Аудандарды көп аралайсың ғой, сол кісімен сұхбат құрып, әңгімелессең жақсы бір дүние жазуға болар еді» деген ұсыныс айтты. Мен көп бөгелмей, Қордайға жолға шықтым. Ақсақал өз үйінің сыртынан күтіп алып, бірден жұмыс бөлмесіне ертіп келді. Бір қабырғада үш кісінің ғана суреті тұр. Еліміздің тұңғыш Президенті, өзінің анасы және өзінің студент кезі. Мұнысына да ішім жылыды. Кім айтса да сене бермейді, ере бермейді. Заман құбылып жатса да көзқарасын өзгертпейді. Өзінің пікірі мен тұжырымы бар адам.
Өмір жолын қысқаша ғана айтты. Қордай ауданының қазіргі Әлжан ана ауылында туған. Әкесі де сол ауылда ғұмыр кешкен. Ал, бұл әскерге барған. Ол кезде отандық борышты өтеу мерзімі – үш жыл. Әскерден соң Өскемен қаласында құрылыс инженері мамандығы бойынша институтта оқыған. Студент кезінде Қазима атты қызға үйленіп, отбасылы болыпты. 1971 жылы институтты бітіріп, дипломдық жұмысын үздік бағаға қорғап, Қордайға қайтады. Аудан орталығында «Межколхозстрой» мекемесіне жұмысқа кірмекші болған. Директоры қылышынан қаны тамып тұрған басқа ұлттың өкілі екен. Бұл да мінез көрсетіпті. Директорға күш жігерін жинап қайтадан кіріп: «Сіз неге маған жұмыс тауып бере алмайсыз? Өздеріңіз институтқа қаражат құйып, маман керек деп өтініш бердіңіздер. Енді бұл қалай?», – деп ызғарлана сөйлепті. Директор сонда жібіп: «Құрылыс шебері болып қабылдандың. Саған жас маман ретінде үй береміз» деп қай құрылыс мекемесіне баратынын көрсетіпті. Содан батылдық көрсеткенінің арқасында жұмыс та тауып, баспаналы да болған. Қазір де сол 53 жыл бұрынғы алған үйінде тұрып жатыр. Кейінірек Кенен ауылында салынған мәдениет үйінің құрылысына прораб болып жіберілген. Ол кезде де өзі қолына қалақ алып, жұмысшыларға қалай сылауды үйретіп, ортақ іске жұмылып кеткен. «Мен прорабпын» деп қос қолын қалтасына салып, шіреніп тұрмаған соң, құрылысты басқарып келген осы азаматты бүкіл ауыл жақсы көріпті. Ақыры Қордайдағы құрылыс мекемесінің басшыларымен сөзі жараспай, Бішкек қаласынан мамандығына сай жұмыс іздеп, аусымдық жұмысқа тұрады. Қырғыздар жоғары білімді Атханды зор ықыласпен қарсы алып, үлкен құрылыс мекемесіне бас инжинер етіп жіберіпті. Ақыры Бішкекте 25 жыл бойы қызмет істеп, Қордайда банк саласында бірнеше жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Жолдасы Қазима екеуі жеті ұл-қыз тәрбиелеп өсірсе, қазір ұлы ұяда, қызы қияда. Әттең, осыдан 12 жыл бұрын 68 жасқа қараған шағында асыл жары Қазима бақилық болған екен. Ақсақалдың қабырғасына, әсіресе осы жағы бататын секілді. «Жар қымбат баладан да, бауырдан да, басыңды сол сүйейді ауырғанда» демекші, өмірлік жарыңды жоғалту қайдан жеңіл болсын! Өмір жолын осылай шағын ғана уақытта баяндап шыққан қария менің назарымды тарихи деректерге аударды. Өзі қазақша мен орысшаға бірдей сауатты. Көбінесе, орысша тарихи кітаптар оқып, шежіреге назар аударып, терең ізденеді екен. Біздің дәуірімізге дейінгі 638-559 жылдары ғұмыр кешкен Арыс бабамыздан сөз бастады. Арыстың алты баласы болған. Ақ, Пан, Жан, Бол, Бек, Тен деген. «Алты ата Арыс», «Алты Алаш» ұғымдары сірә осы тұстардан көрініс берсе керек. Мұнан әрі аңыз жалғасады. Ағайынды Ақ пен Пан қыстың ең суық айында боранда адасып, қаза табады. Қазіргі күнтізбедегі айтылып жүрген «Ақпан» айы қарияның пайымдауынша осы Ақ пен Панның құрметіне қойылған сияқты. Атханның әкесінің анасы Әслима әжесі: «Екі ағайындының айы. Ол – сендер айтып жүрген «февраль емес» дейді екен. Атхан ата тарихты айтып отырып, арасына тағылымы мол әңгімелерді ұмыт қалдырмайды. «Бұрынғы жеңгелеріміз қайын атасы мен қайын ағаларының, енелері мен қайын, қайынсіңлілерінің атын атамаған ғой. Мәселен, біздің ауылда Кебек деген кісі болды. Келіндері «Қауырсын ата» дейтін. Сол ретпен: «Сексенді» – «Екі қырық», «Айдапкелді» – «Қуыпкел», «Темірбайды» – «Қаңылтыр», «Аязды» – «Суық», деп есімдерін әдемілеп мың құбылтатын. Бұл – ізет. Майқының балалары Ұзын, Қортық деп аталған. Азан шақырып ешкім, олай есім қоймайды. Жеңгелерінің қойып жүргені. Міне, ізет сол алыс дәуірлерден бар бізде. Жоғарыда айтылған біздің дәуірімізге дейінгі 638 жылдан шамамен 1980 жылдарға дейін жалғасқан құндылық бұл, деп бір ой түйіп қойды ақсақал. Қария талдап берген деректер бойынша жоғарыда Арыстың балаларын айттық. Арыстың Жан деген баласынан Ар, Ғұн , Бол деген ұлынан – Қып, Шақ, Қон, Рат, Бек деген перзентінен –Уақ, Керей, Нау, Ман деген ұрпақ өрбіген. Ертеректе қазақ халқының кісі аттары бір немесе екі буыннан ғана тұрған. Мәселен, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың: «Арғы атам – Абыл, Қайыр, Бақ, Тан, Пәр, Ман» деген жыр жолдары бар екен. Ақын мұны бекер айтып отырған жоқ. Қысқасы, ақсақал талдап бергендей, түбіміз – Түрік. Ол туралы Қарамзин деген зерттеушінің жазғанын да айтты. 1837 -1918 жылдары ғұмыр кешіп, Петербург академиясының академигі болған Радловтың: «Түрік ұлыстарындағы ауыз әдебиетінің үлгілері» атты 10 томдық кітабы болған. Атхан ақсақал: «Түрік қағанаты біздің дәуірімізден бұрынғы 552 жылдары құрылып, дәуірлесе, Майқы би біздің заманымызға дейінгі 89 жылдары ғұмыр кешкен. Сөз атасы Майқы би – біздің де атамыз. Біздің тарихымыз әріде жатыр. Сақ, Ғұн біздің – бабаларымыз. Ғұндар Еуропаға барғанда сол жақтағы халыққа Кентавр секілді айбатты көрінген. Біздің тарихымыз өте алыстарда жатыр. Атхан ата қазақ атауы туралы: «Біздің арғы бабамыз – Сақтар. Бізді өзге елдер «Сақ. Нағыз Сақ» деп атап жүрген. Содан айтыла айтыла «Нағыз» кейде «Нағаз» болып өзгерген. «Нағаз Сақ» болып жүріп, «Ғазсақ» болғанбыз. «Ғазсақ» сөзі айтыла айтыла «Қазақ» болып қалыптасқан. Ал, «Қазақ» атауын зерттеген басқа халықтың зерттеушілері: «Қаз-ақ» деп талдағанда, «Қаз» деген құстан тараған, «Ақ аққудан тараған» деп намысымызға тиген. Олай емес. Біз Сақтан тарадық. Нағыз Сақ атанып жүріп, «Қазақ» болдық. Осыны естен шығармасақ» – дейді. Ақсақалдың айтары көп. Жоғарыда қазақ халқының тарихы жайлы да ізденістерін құптауға болады. Тарих дәлме дәл солай болған күнде де, солай болмаған күнде де, ақсақалдың тұжырымында бір шындықтың бары анық. Ақсақал газет –журнал,кітапты жата жастана оқитын болған соң, жуналистердің ауыз екі тіліне, газеттердегі біраз мақалаларға сын айтты. Ол кісі: «Мәселен былай. «Біз кейін шегіндік» дейді. Үш ғана сөз. Бірақ, осы жерде бір сөз артық. «Біз шегіндік» десе де бәріне түсінікті. Адамның алдыға қарай шегінбейтіні белгілі. «Біз өзенге барып, суға шомылдық» дейді. Бұл жерде де кейбір сөз артық. «Өзенге шомылдық» десе де жетеді. Өзенге барған соң суға шомылатыны белгілі. Міне осындайосындай сөйлемдерге қарным ашады. Бұл сөйлемдер кәдімгі әдеби көркем кітаптарда жүреді. Сондықтан, орыс тілді кітаптарды көбірек оқимын. Қазақ тілді кітаптарда орыс әдбеиетіне қарағанда алатын нәрсе аз. Көп жазушы бетін қалқып, жеңіл жазады. Ізденбейді. Мен не жазсам да бір сөзді қайталамауға тырысамын. Мысалы, «Сұлу қыз сыпайы амандасты» десек, «сұлу» сөзінің синонимдері жетерлік. Сондай-ақ, қазақтың қандай сөзінің де баламасы бар. Баламасы жоқ деп айтуға болмайды. Сондықтан, не жазсам да құнарлы, мазмұнды жазғым келеді. Не жазсақ да зор жауапкершілік керек. Жауапкершіліктің түбі – жақсы нәтиже. Мен қазір мектептерде оқып жүрген, мектеп табалдырығын жаңа аттаған оқушылар қазақ тілінің құнарына қанып өссе, өзінің ана тіліне зер салып өссе деген ниет етемін. Бұл жұмысқа ауылдың барлық ақсақалдары атсалысса деген тілегім бар» деді. Ғ ҒИБРАТ 6 Д 10 қазан, 2024 жыл Мен Атхан ақсақалдың терең біліміне, тарихты тереңнен қопарып зерттеудегі ізденісіне таңдандым. Жасы 81 -де. Оңай жас емес. Бірақ, осы жасты мойындап тұрған Атхан ата жоқ. Әлі күнге дейін жекеменшік «Жигули» автокөлігін өзі жүргізеді. Осыдан бірер апта бұрын «Жигулиімен» Таразға барып қайтыпты. Кеше суретін сұрап тағы телефон шалып едім, «көк «Жигулиімен» Тараздан келіп отырған бетім еді» деді. Сексеннен асқан қария үшін бұл оңай сапар емес. Мен Атхан Иманәлиев атаның жүрегі қазақ деп соққан ғажап кісі екенін көңіліме түйдім. Ол – өңірге өлеңдері мен әндерімен, тарихты терең танып білуімен танылуы тиіс, деп ойлаймыз. Облыстық «JаmbуI» телеарнасы осындай қазыналы қартты сұхбатқа шақырып, сөздерін, ойларын, өлеңдерін, әндерін орындатып,насихаттаса, газеттеріміз ол кісі туралы жазып елге таратса деген тілегіміз де жоқ емес. Ол кісінің тағылымы талай ұрпаққа рухани азық болар еді. Атхан Иманәлиев тегін адам емес. Оның жас ұрпаққа берері көп.
Есет ДОСАЛЫ, журналист Қордай ауданы

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)