Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ орамды ойлары:

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ орамды ойлары:

10 октябрь 2024, Четверг
58
0
Кісі деген қанша қартайдым, қайғы ойладым дегенмен, оның көңілі сәби секілді ғой, жоқтан өзгеге қуанады, жоқтан өзгеге өкпелей қалады. Әдебиеті, мәдениеті күйреген халықтың ешқашан көсегесі көгерген емес. Ақылшым –туған жер, ұстазым - тәкаппар да қатал Алтай! Қасиетіңнен айналайын, қайран жерім, қажырлы елім! Жылдар өтер, бірақ осынау әр қойнауында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ел дәулетін тасытып отырған халқымды бейбіт өмірінен айыра көрме! Қасиетіңнен айналайын Жерім менің, қадіріңнен айналайын, Елім менің, жаманыңды жасыра, жақсыңды асыра шырқаған – әнім менің! Жер мен ел! Жырлап та, шырқап та айта бергің келетін, айтқан сайын жаңа қуат, жаңа соны серпінмен жаңғыратын мәңгі өшпес ғұмырнама. Тек қана алға, алға ғана тура тартқан, жастық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қың етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба?! Бақыт дегеніміз әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзімізбен шығарып салу. Өзгенің бәрі өзіңді алдау үшін тапқан қитұрқылар. Мәңгілікке ұласатын ұлылық – жалған дүниені майша шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті, ілініп-салынып алжығанша жасауда емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу, яғни өз өміріңді оқыс әрі әдемі аяқтау. Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады. Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ойы ғана. Біз қатігезденіп барамыз, біз имансызданып барамыз, біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз. Біз бабамыздың батасын ұмыттық, біз тарихымызды таспен бастырып, бір күні қызқызды қызыққа мастанып тасыраңдадық, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып құрдым дәуреннің әләулайын шырқап жүрміз... Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Иә, әруаққа адалдық, өткенге иман болмайынша тірілерге салауат жоқ. Тіпті біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, имандық бетбейнесі мен болмысын, келбет лайықтылығын анықтай алмай жүрміз...
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

СЕКСЕН АЛТЫ, 16 ЖЕЛТОҚСАН...
30 январь 2024, Вторник
СЕКСЕН АЛТЫ, 16 ЖЕЛТОҚСАН...
ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ
27 сентябрь 2023, Среда
ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ
Тәмсіл
14 октябрь 2020, Среда
Тәмсіл
ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ДАНА АНА
09 февраль 2023, Четверг
ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН ДАНА АНА
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры