СЕКСЕН АЛТЫ, 16 ЖЕЛТОҚСАН...
Тәуелсіздік - арманы еді бабамның,
(Есімде әлі, жыртылғаны жағамның.)
Сексен алты, он алтыншы желтоқсан,
Бостандыққа бастауы алғаш қадамның !
Қалың қазақ көтеріле бастады,
Жастарымыз сабақтарын тастады.
Бүгінгі күн, он алтыншы желтоқсан,
Болашақтың, жаңа күннің бастауы !
Зиялы жұрт шықты орталық алаңға,
Жаңалықтар тарап жатты ғаламға.
Елім деген, еңіреген ерлерге,
Болмады оңай, оқ атылды табанда.
Мәскеу жақтан қатал бұйрық берілді,
Жиылған жұрт лажсыздан шегінді.
Қыз - жігіттер ойда жоқта оққа ұшты,
Бейбіт күнде қара жерге көмілді.
Билік бәрін, деп ойлады, жайраттым,
Қателесті, өте таяз ойлап тым.
Жерлесіміз, Қаһарманы Халықтың,
Бар екенін, білмеді олар Қайраттың !
Мерт болды көп елім деген арысым,
Білерсіздер, осы айтқанның бәрі шын.
Қайрат сынды Батыры бар қазағым,
Бірақ, бірақ, таптатпады намысын.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Ер қазағым тағы да бір ерледі.
Бостандықтың символы ғой Көк Туым
Ілулі әне, тұрған қазір төрдегі!
(Есімде әлі, жыртылғаны жағамның.)
Сексен алты, он алтыншы желтоқсан,
Бостандыққа бастауы алғаш қадамның !
Қалың қазақ көтеріле бастады,
Жастарымыз сабақтарын тастады.
Бүгінгі күн, он алтыншы желтоқсан,
Болашақтың, жаңа күннің бастауы !
Зиялы жұрт шықты орталық алаңға,
Жаңалықтар тарап жатты ғаламға.
Елім деген, еңіреген ерлерге,
Болмады оңай, оқ атылды табанда.
Мәскеу жақтан қатал бұйрық берілді,
Жиылған жұрт лажсыздан шегінді.
Қыз - жігіттер ойда жоқта оққа ұшты,
Бейбіт күнде қара жерге көмілді.
Билік бәрін, деп ойлады, жайраттым,
Қателесті, өте таяз ойлап тым.
Жерлесіміз, Қаһарманы Халықтың,
Бар екенін, білмеді олар Қайраттың !
Мерт болды көп елім деген арысым,
Білерсіздер, осы айтқанның бәрі шын.
Қайрат сынды Батыры бар қазағым,
Бірақ, бірақ, таптатпады намысын.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Ер қазағым тағы да бір ерледі.
Бостандықтың символы ғой Көк Туым
Ілулі әне, тұрған қазір төрдегі!
Шакизат АКИМОВ,
мемлекеттік қызмет ардагері.
Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:

15 декабрь 2023, Пятница
ЕЛДІҢ РУХЫ ЕРКІНДІКТІҢ ШАМЫН ЖАҚТЫ. Желтоқсан оқиғасына жамбылдықтар да қатысты.
Комментарии (0)