ЫЗҒАРЛЫ КҮНДЕРДЕ ТУҒАН «КӨНЕ ТАРАЗ» КҮЙІ
1986 жыл. Желтоқсан айы. Жерде қар жатқанымен, күн шуағын төгіп тұрған. Мен - Алматы мемлекеттік консерваториясының үшінші курс студентімін. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. Қонаевты орнынан түсірген күннің ертеңінде сабақта отыр едім: «Проректор шақырып жатыр», – деп хатшы қыз ертіп кетті. Барсам, мен секілді «еті тірі» 5-6 жігітті жинап алыпты. «Алаңға бұзықтар шығыпты, соларды тәртіпке келтіреміз!» – деп бізді ертіп осы күнгі Алматыдағы Желтоқсан алаңына алып барды. Барсақ ешқандай да бұзықтар емес, Қазақ ауыл шаруашылығы институты мен Алматы зоотехникалық - малдәрігерлік институтының 30 - 40 - шақты студенті жүр екен. Олар біздерді көре салып: «Бізге қосылыңдар, жігіттер!» - деп шақырды. Басшыларымыздың «қайт, қосылма!» дегеніне қарамастан, соларға барып қосылдық. Бұл түске таман сағат 11-лердің кезі етін. Жанымызға небір адамдар келіп үгіттейді, үркітеді: «Қайтпасаңдар, сотталасыңдар! Оқудан шығасыңдар!» - деп. Алайда, олардың айтқаны болмай, керісінше алаңдағы топтың қарасы көбейе берді. Милиция жіберіліп, арандатушылық әрекеттер де басталды. Шет тілдер институтында істейтін асаба жігітті милиционерлер қоршап алып тепкілеп жатыр екен, барып құтқарып алдық. Түс қайта мұндай әрекеттер көп болды. Кешкісін алаңға студенттер де, милиция органының адамдары да лық толды. Атшаптырым алаңда бос жер жоқ. Қазіргі монумент түрған жерде тұрмын, алдымызда мінбер, соның жанында ұзыннан - ұзаққа созылған он шақты қатар милиционерлер. Қолдарында резенке сойыл, саперлық күрекшелермен қаруланған. Трибунадан «Мен – КГБ-ның бастығымын», «мен - түгеншемін, қайтыңдар!» деп бізді қорқытып сөйлеп жатқандарда есеп жоқ. Арандатушылықпен төбелес басталды. Басында біз: «Ешқандай арандатушылыққа бармаймыз. Барлық мәселені бейбіт жолмен шешеміз», - деп тұрғанбыз. Оған тыныш қоймады. Сойылдан құлап жатқан қыз балалар қаншама. Кейін шегініп бара жатсақ, қыздар бізге тас, мұз әкеліп береді. «Қорықпаңдар, жігіттері! Алға!» – деп бізді жігерлендіріп қояды. Қазақ қыздарының батылдығын сонда көрдім. Қас қарайған кезде техникамен су шаша бастады, онсыз да аяз қысып тұрған. Жаппай қаштық. Жатақханаға келіп, киімімізді ауыстырдық Сол күні түнгі сағат 2 - 3 – тер кезінде Абай даңғылында көше толы жастар келе жатыр екен. Шығайық десек, атақты-атақты апай - ағайларымыз бізді «жібермейміз» деп кіреберісте тұр. Оларға сондай тапсырма берген ғой. Шегініп, екінші қабаттан жерге секіріп кеттік.
Түнгі алаңда солдаттар мен милиционерлер қолдарында пластмасса «қалқаны», бастарында каска, иықтарында автомат, жандарында ит, қастарында бұйрық беретін командирлері бар, бізді күтіп тұр екен. «Ә» десе атуға дайын. Жер көктайғақ, қолымыздағы ағаштарды жағып, алауға жылынған болдық. Суық өңменімізден өтіп барады. Жаналғыштарымыз да жанымызда, 3 - ақ метр жерде тұр. Үш-төрт жігітті «жүріңдер, сөйлесеміз» деп алып кетті. Олар біраз уақыттан кейін келіп: «Қайтамыз», – деді. Сірә, оларды қорқытса керек. Біз оларға ренжіп тұрғанда таң да ата бастады. Қатарымыз да сиреп қалыпты. Содан жатақханаға қайтып кеттік. Бір тәулік тыным таппағандықтан ба, қатты ұйықтап қалыппын, кешкілік ояндым. Алаңға қайта бет алдық. Енді бізге жау көп: бір жағынан солдаттар, екінші жағынан орыстың бұзықтары, үшінші жағынан милиционерлер, Рессейден әкелінген «спецназы» тағы бар. Орталық стадионның артқы жағынан өте бергенде милиционерлер мінген 5 - 6 – машина бізді қоршауға ала бастады. Жан - жаққа қаштық. «Шахта» деп атайтын тамақтанатын жеріміз бар еді, соның биіктігі 2 метрлік қоршауына секіріп шыққанымда, «Аман, көмектес!» деген дауыс естілді. Бұрылып қарасам, Сапар деген қарағандылық толықтау келген жігіт шыға алмай жатыр екен, соған қарайласып жәрдемдестім. Тағы бір қоршаудан өте бергенімізде «спецназдың» ұзын бойлы солдаттары қуып жетіп, қолындағы резеңке сойылмен басымнан қойып кеп қалғаны. Етпетімнен түстім, есеңгіреп қалдым. Аяғымнан сүйреп апарып милицияның кішкентай машинасына лақтыра салды. Жолай біз секілді 5 – 6 баланы ұстап Калинин аудандық ішкі істер бөліміне апарып жауып қойды. Апарғандар бізді тастады да, қайтадан «ереуілшілерді» аулауға кетті. Бізді басқа адамдар сұраққа алды. Менен сұрақ алған ұлты қазақ жас милиционер бір жапырақ қағазға: «Еш нәрсені мойындама, қорықпа, алаңда болған жоқсың!» – деп жазып көрсетіп, оны қайта жыртып тастады. Сөйтті де, сұрақ алған болды, сосын «алаңдағы оқиғаға қатысы жоқ!» деген анықтама жазып берді. Таң ата босатты. Жатақханаға келіп енді дем ала берген кезімде мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің капитаны келіп, бізді жауып қойып, сұраққа алды. Одан кейін ішкі істер министрлігінің неше түрлі мекемелерінде болып, тергеуге алындым. Соның барлығында ұлты қазақ милиционердің жазып берген анықтамасы құтқарды. Партияда болмасам да, консерваторияның партия және комсомол ұйымдарының жиналысына салып, мәселемді талқылады.
Содан бері де 37 жыл өте шығыпты - ау! Мен желтоқсан көтерілісіне қатысқаныма еш өкінбеймін. Кейбіреулер сияқты «Мен – желтоқсаншымын» деп кеудемді кермеймін де. Бірақ, іште «Бүгінгі Тәуелсіздік таңының атуына мен де үлес қосқанмын» деген мақтаныш сезімі болатыны рас.
Сол жылы «ауылдағылар қалай болып жатыр екен» деген алаңдаулы ойдан «Көне Таразға сағыныш» күйім дүниеге келген. Неге екенін қайдам, қалаға тарихи атауы қайтарылмаса да, мен күй атауына «Тараз» сөзін қостым. Әрине, бір тылсым түйсік болғаны сөзсіз. Кейін айтулы ақын Жақсылық Сәтібеков ағамыз күйімнің атын қысқа да нұсқа «Көне Тараз» деп қойды. Мен ол кісінің «Осы атаудың өзі - ақ үлкен ұғым беріп тұр» дегеніне келістім.
Одан кейін біраз күйлер мен әндер келді ғой дүниеге. Бірақ, тура Желтоқсан көтерілісі кезінде керемет тебіреністен туған «Көне Тараз» күйі – менің шығармашылығымның шоқтығы. Оны орындап отырғанымда тарихқа қазақ жастарының қанымен жазылған Желтоқсан көтерілісінің көріністері көз алдымнан көлбеңдеп өтіп жатады. Бәрі де бүгінгідей көз алдымда. Мәңгі - бақи ұмытылмас оқиға ғой ол.

Аман МАЛДЫБАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің
профессоры, күйші, композитор.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)