ЖАМБЫЛ АҚЫННЫҢ МҮСІНІ ДҮНИЕГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІ? Тараз қаласының төріне ақын Жамбыл Жапаұлының ескерткіші қойылғанына 60 жыл болды.
Тастың да тарихы бар. Бала кезімізде «Байзақ ауданындағы Құмжота ауылының маңайындағы шағын тауда Қара Қыпшақ Қобыландының тұлпарының ізі бар, тіпті, батыр отырған тас та ойылып қапты» деген әңгімені естуші ек. Құлан ауылына бара жатқан жолдағы Ақыртасыңыз да көне замандар куәсі. Ал, енді көне түркі қағандығының шежіресі таңбаланған Тоныкөк, Күлтегін құлпытастары, одан басқа қазақ даласындағы ежелгі сынтастар, балбал тастар өз алдына бөлек әңгіме. Кезінде Балуан Шолақтың (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) қалың елді таңғалдыра көтерген 51 пұт (816 кг) кір тасы да сол тастар тарихының бір мысалы деуге болады.
Сол көне тастармен қатар, архитектуралық сәулет өнері саласындағы бедерлі бейнелер мен мүсін өнерінің ғажайыптары боп саналатын жиырмасыншы ғасыр ескерткіштерінің де өзіндік тарихы бар. Өйткені, олар да мәрмәр мен гранит тастардан қашалған. Кейбіреулерін мыс, қола сияқты бағалы металдармен де қаптаған. Біздің мәдениетіміз бен өнеріміздің бастауында ежелгі Рим скульпторлары Рафаэль Санти, Микеланджело Буонарроти, Донателло Сандро Боттичели, Лоренцо Бернини сияқты шеберлеріміз болмаса да, қазақ мүсін өнерінің тұңғышы да, хас шебері де бір өзі болған Хакімжан Наурызбаевымыз бар. Талантты титтейінен танып, Алматыға оқуға алдырған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың әруағына мың алғыс. Жар дегендегі жалғызымыз болса да, аты-жөнін жер-жаһанға жасқанбай жар салуға болатын сол хас таланттың қолынан Тараз қаласының қақ ортасында тұрған ақын, жыршы Жамбыл Жапаұлының шынайы бейнесі дүниеге келді. Әуелі Алматыдан ұлы ақын Абай (1960 жыл), одан кейін Жамбыл қаласынан жыр алыбы Жамбыл ескерткішін (1963 жыл) асқақтатты. Екеуі де қазақ мүсін өнеріндегі қайталанбас туынды. Кейбір адамдар оларға жәй ғана ескерткіштердің бірі деп самарқау қарауы мүмкін. Жоқ, ол – қажырлы еңбек пен үлкен шеберліктің ұлт мүддесі деген ұлы мақсатқа адалдық жолындағы жұдырықтай жұмылуының арқасында дүниеге келген және тарих сынына мызғымас ғажайып өнер туындысы.
Қайсыбір жылы осы ескерткішті жылы орнынан қозғап, облыс әкімдігі орналасқан ғимараттың алдына әкеп қойды. Сол кезде Наурызбаев нұсқасының орнына бір халтурщиктің көшірмесін қонжитып, оның арты үлкен дауға айналған. Әкімдіктегі идеологтар мен шенеуніктер бір жақ, облыстағы көзі ашық, көкірегі ояу зиялы қауым өкілдері бір жақ болып айтысқан сол дауда әкімдік шешімін жақтағандар да, «жоқ, түпнұсқаға тиісуге болмайды» деп қарсы шыққандар да болды. Талқылау, пікір алмасу көпке дейін созылды. Біз сонда қазақ мүсін өнерінің қайталанбас туындысының мемлекет мәдениеті тарихынан көпе-көрнеу жойылып кетпеуін ойлап, қауіп ететінімізді айттық. Облыс әкімдігіндегі идеолог басшылар маған өздері құрылтайшы боп отырған газеттің директор-бас редакторы екенімді есіме салып, сөздерін сөйлемегеніме ренжіген кездері де болды сонда.
Сонымен, Жамбыл Жапаұлының ескерткіші елі үшін несімен құнды? «Біріншіден», «екіншіден» деп санамаламай-ақ қоялық, ең бастысы ол - қазақ мүсін өнеріндегі тұңғыш кәсіби суретші-мүсінші Хакімжан Есмаханұлы Наурызбаевтың қолымен жаратылған мәдени мұра, көркемдік талапқа сай, эстетикалық қуаты мол ғажайып туынды. Себебі, ол туындыны енді ешбір мүсінші қайталай алмайды. Жамбыл бабамыздың бет-бейнесі мен домбыра ұстап, құшағын жайып, тікесінен тік тұрған қалпындағы тұлғасының соншалықты табиғи тартымдылығын айтпағанның өзінде, жәй көзге біліне бермейтін, тіпті, кейбіреулер көре де, сезе де алмайтын сәтті бедерлері мен нәзік иірімдері де мол. Жәкең бет-бейнесіндегі, сол бет-бейнесінен білініп тұрар мінезіне дейін дәл тапқан Хакімжан суреткерлігін былай қоя тұрып, қаһарманының тек қана бөркіндегі шынайылықты алайықшы. Ескерткішті тамашалағандарыңыз бар болса, шетін қаракөлмен көмкерген бөрікті мұқият қараған адам елтірінің майда, жұмсақ бұйрасын өз қолымен сипап көргендей әсерге бөленері хақ. Мүсінші таланты да осында. «Е, ол бөрік қой» деместен, яғни ерінбестен, жалықпастан (ерінбей, жалықпай еңбектену - шын таланттың ғана маңдайына жазылған бақыт), елтірінің бұйралары қашан табиғилығын тапқанша иіріп, шиырып, өрнектей берген. Қазіргі ақша қуған халтурщик скульпторлар болғанда қазақы бөріктің елтірісін теп-тегіс ғып қашай салар еді. Еңбегін аяр еді. Жамбыл ескерткішінің түпнұсқасын құтты қонысынан жұлып тастап, оның орнына әкеп қонжита салған көшірме тура осындай болды. Атамыздың басын да, басындағы бөркін де танымай қалдық...
Тоғыз жасында мектепке алғаш барған бала Хакімжанның оқуын соғыс үзді. Бірақ, арманы мен үмітін үзе алмады. Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына астық дайындау науқанына байланысты жұмыспен келгенде бала Хакімжанның өнеріне тәнті болып, Алматы көркем-сурет училищесіне оқуға шақырды. Хакімжанның «мен адамдар мен жан-жануарлардың бейнелерін оқымай-ақ жасай алам» деп Нұртас Оңдасыновты күлдіретіні де осы тұс. Училищенің екінші курсынан соң ел Үкіметінің жолдамасымен Мәскеудегі архитектура институтының дайындық бөліміне оқуға барады. Мәскеу Алматыдай емес екен, «небары алты сыныптық білімің бар» деп институтта оқуға мүмкіндік бермейді. Бірақ, оқуға, мүсін жасауға деген жүрек құштарлығы мен құлшынысы оны сол институттың от жағушысы (кочегар) боп жұмысқа тұруына мәжбүр етті. Ал, сабаққа еркін тыңдаушы ретінде қатысады. «Өнер – құрбандықты талап етеді» деген белгілі сөз тура осы Хакімжанға қарата айтылған сияқты. Қолын бір сілтеп, Алматыға, болмаса Қостанайына тартып тұрмайды. Талант деген осындай қажымас еңбектен, қайтпас қайсарлықтан тұратынын ерте сезіп, ерте есейеді. Сол жерде талантты суретші, профессор Сергей Фотиевич Беседин қазақ жігітінің талабы мен талантын танып, «Мәскеуді қой, Украинаға жүр» дейді. Сөйтіп, Хакімжан Наурызбаев 1945 жылы Харьков мемлекеттік көркем-сурет институтының мүсін факультетіне оқуға түседі. Міне, Ұзынкөлі, Алматысы, Мәскеуі және Харькові бар, оқу мен өнер қуып жүрген осы аралықта ол ылғи Жамбыл бейнесінің түрлі эскиздерін сызып, бюсттерін жасаудан жалықпайды. Бір сурет, бір ескерткішпен шектелмей, неше қырынан бейнелей береді. Алматыға келген сайын Қастектегі Жамбыл атасының ауылына барып, қарт Жамбылдың баласындай боп қасында шүйіркелесіп отырады. Әңгімесін тыңдап, мінезін зерделейді. Эскиз, кескіндемелерін салады. Сол еңбектің нәтижесінде оның «Бала Жамбыл» деген мәрмәр бюсті 1946-1947 жылдары Мәскеуде өткен Бүкілодақтық көркемөнер көрмесіне қойылды. Ол ол ма, Харьковтегі институтты тәмамдар кездегі дипломдық жұмысын «Ат үстіндегі Жамбыл» деген тақырып бойынша қорғады.
Ал, Тараз қаласының төрінде тұрған Жамбыл ескерткішінің дүниеге келуін ерекше сөз етуге болады. Ол кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің келген шетел делегациясын атақты мүсіншілердің шеберханасына шақырып, қазақ мүсін өнері иелерінің шығармаларымен таныстыру дәстүрі болған. Мысалы, Хакімжан Наурызбаев жыр алыбы Жамбыл атасының Тараз қаласында тұрған ескерткішін жасап жатқан кезде алыстағы Үндістан елінен келген туристер мүсінші шеберханасын тамашалаған. Қазақ мүсін өнеріне сүйсінген. Ақынның бала кезіндегі өксікке толы өмірбаянына, мүсіншінің шеберлік жолындағы бұралаң жолдарына таңдай қаққан. Ал, 1985 жылы Қазақ КСР-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Алматы қаласында өткен суретшілер мен мүсіншілер шығармашылығына арналған көрмеге арнайы барып, дарабоз мүсінші Хакімжан Наурызбаевпен кездесіп, хал-жағдайын біліп, шебер қолынан шыққан еңбектерді тамашалаған.
Хакімжан сынды мүсіншінің кескіндеме-эскиздерінің арасында Жамбылдың ат үстіндегі бейнелері де баршылық. Соған қарағанда, Жамбыл атасын көбінесе ат үстінде көрген Хакімжан ұлы жыраудың образын ер қанаты - ат үстіне отырғызып қашау ұлт ерекшелігіне жақын болатынын білген сияқты. Бірақ, тапсырыс беруші партия билігі қазіргі нұсқасын қалаған болуы мүмкін.
Сонымен, ескерткіш туралы да, сол ескерткішті өмірге әкелген хас талант жайлы да қысқа болса да нұсқалап айттық. Енді сол ескерткіш бұрынғы Жамбыл, қазіргі Тараз қаласына қашан, қалай қойылды? Бұл сұраққа жауапты облыстың сол кездегі бірінші хатшысы болған, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, горбачевшіл-колбиншіл итаршылардың айтағымен жазықсыз қуғын көріп, коммунистер түрмесінің тас қапасында отырып келген аңыз-адам Асанбай Асқаровтың естелігінен табуға болады. Ол өзінің «Тағдыр» атты кітабында:
-Бір жолы КОКП Орталық Комитетінің хатшысы А. Б. Аристовтың кабинетіне шақырды. Жүрек алып-ұшқан жағдайда кабинетке кірдім. Жәйлап басып, Аверий Борисовичке жақын келдім. Ол кісі соншама сабырлы шырайда амандасып, жайғасып отыруыма ізет білдірді. Мен тура жазу үстелінің алдындағы мамық орындыққа жайғастым. В. М. Чураев менен қашығырақ, әдетте шағын жиын өткізілетін үлкен үстелге отырды. Аверий Борисович әңгімені облыстың экономикасы, мәдени-тұрмыстық ахуалдарынан суыртпақтап сыр тартудан бастады. Ел-жұрттың ұлттық құрамына да едәуір көңіл бөлді. Әңгіме біршамаға созылғанымен емін-еркін арнада өтіп отырды. Ол кісі бір сөздің ретінде қазақтардың Ұлы Отан соғысында ерлікпен соғысқанын, қаһарман халық екенін де айтып өтті. Ондай бір сәтте:
-Жамбыл облысы Жамбылдың құрметіне байланысты аталған ба? – деді.
-Иә.
-Шын мәнінде ол кісі қайда туған өзі?
-Жамбыл облысының жерінде, Жамбыл тауының етегінде.
-Қалада ол кісіге арналған қандай ескерткіштер бар?
Ол кісі сәлден кейін бұл сұрағын тағы қайталады. Мен сәл әбіржіп, бірден жауап қайтара алмай мүдіріп қалдым. Аузым бірден бара қоймағанымен ақыры:
-Әзірге ешнәрсе жоқ, - дедім. Ол сөзін жартылай әзілге сүйеп:
-Е, қазақтар-ай, сондай ұлы адамға осы уақытқа дейін ескерткіш орнатпағандарың жарамаған, - деді. Жамбылға соншама көңіл бөліп, ықылас білдіргені мені қайран қалдырды. Көздерін маған қадай, тесіле отырысы жауап күткенін аңғартқандай. Мен болсам еш уәждің ретін таппай отырмын. Ақыры өзі сөйледі.
-Мен ол кісінің өлеңдерін оқыдым. Әсіресе, соғыс жылдарындағы ленинградтықтарға арналған «Ленинградтық өренімнің» сөздері керемет қой. Сірә, ондай адамға ескерткіш орнату жөн шығар-ау, - деп сөзін аяқтады.
Мен уәде бердім. Ол бұл мәселені назарында ұстайтынын айтты. Шынында да, ол кісі кейін жәрдемшісі арқылы оқтын-оқтын мәселенің жай-жапсарын біліп те тұрды.
1963 жылы 7 желтоқсан күні көкбазар алдынан қазақтың тұңғыш кәсіби мүсіншісі Хакімжан Наурызбаевтың қоламен өрнектеп, граниттен сомдаған ұлы Жамбылдың асқақ бейнесі - қайталанбас ескерткіші бой көтерді. Оның ашылу салтанатында ұлы ақынның ізін басқан асқақ үнді Кенен Әзірбаев жырдан шашу шашқан. Хас талант Хакімжан Наурызбаев халық жүрегінен мәңгілікке орын алған ұлы жыршының асқақ бейнесін қалай сомдағанын тебірене әңгімеледі. Жамбылдың жұрағаты, батасын алып, жолын қуған өнер дүлдүлі Нұрғиса Тілендиев ақын ескерткішіне бас иіп, халықтың ризашылығын алған, - деп жазады.
Міне, сол ескерткіштің дүниеге келгеніне биыл 2023 жылы 7 желоқсан күні тура 60 жыл толды. Ұлы ақын, алып жырау, абыз ақсақал, 99 жасқа келіп дүниеден озған сүйегі асыл Жамбыл Жапаұлының туған күнінде осы ескерткішке гүл қою, рухын еске алу облыста дәстүрге айналған. Бұл – өте дұрыс дәстүр.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Тараз қаласы.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)