Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » САМАРҚАНҒА ЖОЛ ТҮСТІ

САМАРҚАНҒА ЖОЛ ТҮСТІ

11 октябрь 2023, Среда
136
0
«Өзбек – өз бауырым» деген сөз бар ата-бабаларымыздан қалған. Шуақты Өзбекстан жерінде біздің тарихымызбен тамырлас көптеген шежірелі орындар бар. Алты алаштың  төбебиі атанған Төле би бабамыз Ташкентте жатыр. Шымыр атаның зираты да осында. Ал, қаһарымен төрткүл дүниені тітіренткен Ақсақ Темір бабамыз Самарқанда жерленген. Осынау тарихи шежірелерді білу кейінгі ұрпаққа парыз болса керек.
Осыған орай, 1800-ден астам ардагері бар Т.Рысқұлов ауданындағы ең ірі Құлан  ауылдық ардагерлер ұйымы жуырда орта Азиядағы ең көне қалалардың бірі Самарқанға саяхат ұйымдастырды. Жеңіл көлікке отырған жеті ардагер ең алдымен Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласына барып, Төле би және Шымыр бабаларға зиярат етті. Құран бағыштады. Одан кейін– Самарқанға бет алған қариялар жол қысқарсын деген ниетпен туған өлке тарихы, ата - баба шежірелері жайында әңгіме тізгінін ағытып отырды. 
Архитектуралық келбеті ерекше Самарқан қаласында қариялар ең алдымен Ақсақ Темір бабамыз жатқан кесенеге барып зиярат етіп, дұға жасады. Екі күндік сапарда құландық ардагерлер Ташкент пен Самарқанның тарихи орындарын тамашалап, тамсанып қайтты. 
Рухани байып, көтеріңкі көңіл - күймен ауылға оралған ардагерлер бұл саяхатқа демеушілік жасаған ауданның жомарт қолды іскер азаматтарына ақ тілек алғыстарын жаудырды.

Тұрсынхан ЖАМАНБАЕВ, 
ардагер журналист.

Тұрар Рысқұлов ауданы.
Обсудить

Похожие материалы:

Алғыс
16 август 2021, Понедельник
Алғыс
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
11 октябрь 2023, Среда
ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ
Тәрбие басы - талбесік
19 март 2020, Четверг
Тәрбие басы - талбесік
ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
27 сентябрь 2023, Среда
ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры