Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

ҚАРИЯЛАР ҚАЛЫС ҚАЛМАЙДЫ

11 октябрь 2023, Среда
74
0
Бүгінде қарияларымыз қоғамдық істерге белсене араласып, өңіріміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда. «Қариясы бар ел – қазыналы ел», «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген қағиданы ұстанған білікті басшылар өмірлік бай тәжірибесі бар,өндірісте шыңдалған, істің жай - күйін жақсы білетін аға буын өкілдерімен ақылдаса отырып, жұмыс жүргізуді үрдіске айналдырған. Одан ұтпаса, ұтылмайды. Өз кезегінде қариялар да қоғам дамуына үлес қосудан аянып жатқан жоқ.
Біздің Т. Рысқұлов ауданында осындай жақсы дәстүр қалыптасқан. Өңірде Қожайхан Бижанов басқарып отырған ардагерлер ұйымы билікпен бірігіп жұмыс атқарудың арқасында айтулы жетістіктерге қол жеткізуде.
Жуырда ауданымыздың құ-рылғанына 85 жыл толуына арналған айтулы мерекеде осының бәрі айтылып, соның дәлеліндей ардагерлердің белсене қатысуымен қызықты іс - шаралар өткізілді. Соның бірі - спорттың бірнеше түрінен ардагерлер арасында өткізілген жарыс. Бұл жолы ардагер - спортшылар дойбыдан, үстел теннисінен және де бәсекеге түсіп, ойшылдар, ширақтар мен қолмергендер сайысында бақ сынасты.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген бар, ардагерлер спартакиядасында жүзден жүйрік шығып, оза шауып бәйге алғандар лайықты марапаттар мен сый – сияпаттарға ие болды.
Ойшылдар ойыны – дойбыдан ерлер арасында Тоқабай Тастанбеков бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орындар Нұрғаш Мәткерімов пен Сержан Байқошаевтің еншісіне тиді. Әйелдер арасында Айсұлу Иманбаева – бірінші, Зайда Нұрманова – екінші, Меруерт Кентаева – үшінші орындардан көрінді.
Үстел теннисінен ерлер арасында Мэлс Ергембердиевке ешкім шақ келген жоқ. Одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Айдос Сүлейменов пен Рахымжан Әлібаев бөлісті. Әйелдер арасында Сағаткүл Базарқұлова шеберлік танытып жеңімпаз атанса, одан кейінгі жүлделі екінші, үшінші орындарда Надежда Өмірбаева мен Забира Қартбаева.
Қолмергендер ойыны – дартста ерлер арасында ең көп ұпай алған Сейіт Сәрсенбаев жеңіс тұғырынан көрінсе, екінші, үшінші орындар Шахият Әлібаев пен Рахым Қанарбаевқа бұйырды. Әйелдер арасында Жанат Тұтқабаева – бірінші, Айсұлу Иманбаева – екінші, Сағаткүл Базарқұлова үшінші орынға шықты.
Ардагерлер арасында спорт жарысын ұйымшылдықпен өткізуге аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерлік Шабаев пен бұқаралық спорттық іс – шаралар орталығының директоры Жанат Балғынбековтің ықпалының зор болғанын айтуға тиістіміз.

Тәліпбек ШАҚБАЕВ,
Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесі денешынықтыру жөніндегі тұрақты
комиссиясының төрағасы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры