Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ШАХАНОВ ШЫНДЫҒЫ

ШАХАНОВ ШЫНДЫҒЫ

15 декабрь 2023, Пятница
95
0
1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан көтерілісі – жетпіс жылдан астам уақыт көптеген ұлттар мен ұлыстарды сұрқия саясатпен бодандықтың уысында ұстаған КСРО-ның бетпердесін сыпырып, іргесін шайқалтып, шаңырағын ортасына түсіруге себепші болған бірден бір оқиға.
Кеңестік сұрқия саясат осы оқиғаға орай халқымызға «қазақ ұлтшылдығы» деген жалған, жала жапқанда шындық іздеп шырылдаған Мұхтар Шаханов 1989 жылдың 6 маусымында КСРО халық депутаттарының бірінші съезінде «қайта құру» көсемі Михаил Горбачевтен «Арал проблемасы туралы айтамын» деп алдап сөз сұрап алып, мінберден Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі туралы шынайы шындықты айдай әлемге паш еткені тарихтан мәлім.

Осы оқиғаның қазақ халқынан бодандық қамытының сыпырылуына, Тәуелсіз Қазақстанның дербес мемлекет болып шаңырақ көтеруіне, бүгінде дүниежүзі таныған және мойындаған елге айналуына басты себеп болғанына ешкім таласа қоймас.
Бұл ұлы істе ұлтымыздың ұлы перзенті, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың зор үлесі бар екенінде де ешкімнің дауы жоқ. Ол – шынайы шындық. 
Шаханов осы шындықты тарих сахнасына шығаруы арқылы халқы үшін басын бәйгеге тіккен еді. Оған 1990 жылы оның пошта жәшігіне салып кеткен қорқыту – хат дәлел. Хат мәтіні керек еді ғой. Әйтпесе, қандай хат екенін кім бідеді.
Әрине, бұл қоқан – лоққы. Ол қорқыту ұлтшыл азаматқа тоқтау сала алған жоқ. Ұлтының өр мінезді өрені ешқашан өз ұстанымынан айныған емес.
Біз Шахановты мақтамаймыз, Шахановпен мақтанамыз.
Ақынның осы оқиғаға арнаған «Желтоқсан алаңы» атты өлеңінің өзі - ақ осы айтқандарымызға айғақ.

«Желтоқсан алаңы»

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оралған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...

Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі – бүгін дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.


Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ?!
Ал, біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ,
Кемсітпекші «Желтоқсанның жалаң аяқтары» деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.

Тірліктегі әр ісіңнің жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады,
Сол заңға сай сені бақыт, не сор іздеп табады.
... Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкім бүркей алмас. Оны да еске салады
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.


Желтоқсан көтерілісіне, желтоқсаншы қайсар қазақ жастарына ешкім бұдан артық баға бере алмайтыны айдан анық.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры