Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » «ҚҰЛАҒЫҢА АЛТЫН СЫРҒА» Осы тіркесінің мағынасын қалай түсінесіз?

«ҚҰЛАҒЫҢА АЛТЫН СЫРҒА» Осы тіркесінің мағынасын қалай түсінесіз?

18 март 2024, Понедельник
107
0
Мен осы жөнінде сұрастырып көрдім, жастар түгіл, кейбір үлкен кісілердің өзі елдің аузында көп айтылатын сөз тіркесінің тура мағынасын білмейтін болып шықты. Әркім әртүрлі түсінеді екен. Оқығаны бар, оқымағаны бар, әйтеуір мен әңгімелескендердің сексен пайызға жуығы «Құлағыңа алтын сырға» деген сөзді: «Сен осыны құлағыңа құйып ал. Немесе осы сөз есіңде жүрсін. Осы жұмысты жасау керек» және тағы басқадай түсіндірді. Кейбір «сөз қадірін біледі - ау» деген зиялы адамдардың өзі білгендерінше түсінік берді. Тіпті, журналистердің де көбісі осы сөзді жоғарыда отырғандарға құлаққағыс ретінде айтады. Кейде басшылар да осы сөзді қол астындағыларға айтып қалады. 
Ал, менің бұл сөз туралы ертеректе (қай газет екені есімде жоқ) бір қазақ басылымынан оқығаным және әке-шешемнен естігенім бар еді. «Құлағыңа алтын сырға» деген сөзді келіндерге немесе жас ұл - қыздарға айтатын болған. Себебі, қонақта немесе өзге жерлерде үлкендер әңгімелесіп отырған кезде араларында жас келіндер отырса, солардың көзінше айтуға болмайтын әрі оларға қатысы жоқ сөздер айтылып қалса: «Айналайын келінжан, құлағыңа алтын сырға» - дейді. Ол: «Сен бұл сөзді естімегендей бола сал. Және елге жайма» - деген мағынаны білдіреді екен.
Енді осы сөз тіркесіне байланысты бастан өткен оқиғаны баяндап өтуге тұра келіп тұр. Жуырда Алматы қаласында әр жастағы және әр саланың мамандары бас қосқан бір отырыста осы сөз туралы әңгіме қозғалып кетті де, әркім әртүрлі пікірлері мен ойларын ортаға салды. Сонда мен «Құлағыңа алтын сырға» сөзінің ең дұрыс мағынасын өзімнің білуімше айтып едім, жасы жетпіске жетіп қалған  Мұратхан есімді бір профессор аға менің сөзімді қоштап, қолымды алды да: «Мен бұл сөздің негізгі мағынасын сенімен бесінші адамнан ғана естіп тұрмын», - деді.
Теледидардан бір шенеунікпен сұхбат - хабар жүргізіп отырған журналист әңгіме арасында әлгі кісіге:  «Осы мәселеге де көңіл бөлсеңіздер екен. Құлақтарыңызға алтын сырға», – деді. Сол сәтте арамызда отырған Сыр елінің тумасы Қыстау Омаров деген егде тартқан білімді кісі бойын реніш кернеп: «Қазіргі кейбір журналистердің өзі де қазақы сөздердің мағынасын жете түсіне бермейді. Бұл сөздің мағынасы мүлдем бөлек емес пе?» - деп отырғандарға тіркестің мән-мағынасын жоғарыда мен айтқандай етіп түсіндіріп берді. 
Кейде әкімдер мен өзге де басшылар  тұрғындармен жиын өткізгенде көпшілік өздерін  толғандырып  жүрген мәселелерін айта келе: «Құлақтарыңызға алтын сырға», - деп аяқтайды сөздерін. Мұндайда меніңше «құлаққағыс» деп айтқан дұрыс болар. 
Осы сөздің шын мағынасын жете түсінбейтінінен шығар кейбір басшылардың халықтың жанайқайын естімегендей болып жүретіндері.
Жалпы қазақ сөзге шешен халық қой. Көп жағдайда тыңдаушысына ойын айтпай, астарлап жеткізген. Тыңдаушысы да түсіне қойып, айтушының астарлап жеткізген әңгімесін жақсы қабылдаған. Қазақтың сөйлеу өнеріндегі осы бір қалыптасқан құбылыс бүгінде ұмыт қалып бара жатқандай. Ел алдында жүрген үлкендер қауымы жастар тәрибесінде осы жағдайға көбірек назар аударса деймін.
Бақытжан ӘЛІҚҰЛОВ,
журналист.
Тараз қаласы.
Обсудить

Похожие материалы:

Айтамыз!
14 октябрь 2020, Среда
Айтамыз!
Батагөй қария
10 ноябрь 2021, Среда
Батагөй қария
Қазақ бол!
17 июнь 2020, Среда
Қазақ бол!
Парасат
26 октябрь 2021, Вторник
Парасат
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры