75 жаспен құттықтау

Оны сырт көз өздерінше бағалап жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен ағалықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар істерді үкілеп келе жатқан сіздің бойыңыздан ізгі қасиеттерді көреміз.
Сіз еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныттыңыз. Деніңізге саулық отбасыңызға амандық тілейміз,-дей келе бүгін Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова ТИГУ-де ұстаз, экономика ғылымдарының кандидаты Мұрат Жұмадәлдаевты мерейлі жасымен құттықтады.
Құттықтауға облысымызға танымал бір топ ардагерлер қатысып, ізгі тілектерін жолдады.
Обсудить
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (1)