Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Мойынқұмға газ қашан келеді?!

Мойынқұмға газ қашан келеді?!

08 август 2024, Четверг
117
3

Осыдан бес ай бұрын, ақпан айында әлеуметтік желідегі парақшам арқылы мойынқұмдықтардың – арманына айналған газ мәселесін қозғаған болатынмын. 

Араға екі апта салып Жамбыл облыстық энергетика басқармасынан зарыға күткен жауап та келген. 

«Бүгінде, облыс бойынша Мойынқұм ауданы ғана толық газдандырылмай отыр (халық саны - 28 430 адам). Ауданды газдандыру үшін кешенді іс-шаралар жоспары жасалған.

Бұл ретте, бастапқыда 13 елді мекенді (халық саны - 23 334 кісі) газдандыру көзделген болатын. Бірінші кезекте ауданның 3 елді мекеніне (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газ құбырын жүргізу қарастырылған. Осы жеткізуші газ құбыры арқылы Мойынқұм ауданының қалған елді мекендерін табиғи газбен кезең-кезеңімен қамту көзделіп отыр.

Жобаның жалпы құны - 18,5 миллиард теңге, соның ішінде 2024 жылы құрылыс жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен 600,0 миллион теңге бөлінген. Жоба 2025-2026 жылдарға өтпелі.

Қазіргі таңда аталған жоба аясында құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурстық құжаттамалары әзірленуде, алдағы уақытта тиісті өтінім мемлекеттік сатып алу басқармасына тапсырылатын болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы бір ай көлемінде анықталып, құрылыс жұмыстары қолайлы ауа райы кезінде атқарылатын болады.

Сонымен қатар, 2024 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауында осы жобаға қосымша 2,0 миллиард теңге қарастыру үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды.

Аталған мәселе тұрақты, қатаң бақылауда», – делінген құзырлы мекеменің жауабында.

Қош, қырықына шыдап, қырық біріне шыдай алмаймыз ба? Жақсы бір игілікті жұмыс басталған екен. Бірақ соңы сиырқұйымшақтанып, созылып кетпес пе екен?!

Естеріне бұл жолы «Ғұмыр-Дария» газеті арқылы салып қояйық деп қолға қалам алған едім. Халық күтіп отыр, «түтіндетіп пеш жағудан құтылатын болдық», деп.

Айналайын ат үстіндегі азаматтар, нағыз қажетті дүниеге ең бірінші назар аударып, ауылдықтарды қуанышқа   кенелтсеңіздер екен.

Мұқан САБЫРОВ, 

 еңбек ардагері,

Мойынқұм ауданының 

Құрметті азаматы.

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (3)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
dianalas151
dianalas151 Посетители 9 августа 2024 17:42
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 10 августа 2024 08:54
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
dianalas151
dianalas151 Посетители 11 августа 2024 02:11
Привет. Подписывайся на телеграм канал знакомств и выбирай себе девушку по вкусу, переходи по ссылке: https://t.me/Lovzeo Или пиши в поиске телеграма: @Lovzeo
Сотрудники
Партнеры