Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қарттар саулығы – бас назарда

Қарттар саулығы – бас назарда

08 август 2024, Четверг
82
0

      

Бар ғұмырын еңбекке, елін гүлдендіруге, ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуге арнаған қарт адамға не керек? Ең алдымен денсаулық керек деп айтар едік. Ал енді елімізде халықтың сапалы медициналық қызмет алуын кепілді негізде қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Әсіресе қарт адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау бірінші кезекке қойылуы керек. 

Жақында облыстық ардагерлер кеңесінде жақсы бір жиын өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Досмайлова және осы басқарма жанынан құрылған ақылмандар кеңесінің төрайымы Жұмакүл Даулетқызы Әбілқазина бас болып, қаладағы барлық емханалардың бас дәрігерлері, олардағы ақылмандар кеңестерінің жетекшілері «Ардагерлер орталығы» ғимаратына келіп, қаланың бірқатар белсенді қарияларымен, ардақты аналарымен кездесті, ашық сұхбаттасты.

Біздің ойымызша бұл басқосудың екі жаққа да пайдасы зор болды. Ардагерлер алдында облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған ақылмандар алқасының төрайымы Жұмакүл Даулетқызы Әбілқазина, Тараз қаласындағы № 6 емханасының бас дәрігері Дүйсенкүл Керімқұлқызы Керімбаева, № 9 емхана ақылмандар кеңесінің хатшысы Нұрсая Шәріпбекқызы Орынбаева, № 4 емхананың бас дәрігері Рыскүл Әбдірәшитқызы Мырзақұлова, Жамбыл аудандық орталық ауруханасы ақылмандар кеңесінің төрағасы Жақсылық Жаңабекұлы Әміреев және басқалар биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында артқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Олардың айтуынша қаладағы барлық емханаларда тіркеу бөлімдерінде зейнеткерлерге арналған арнайы терезе ұйымдастырылған, емханалардың күндізгі бөлімдерінде қарт адамдарға арналған төсек қойылған, тегін дәрі-дәрмек беру мәселесі тәртіпке келтірілген.

Барлық бас дәрігерлер мен ақылмандар алқалары төрағаларының сөздерінен кейін жиынға қатысып отырған белсенді ардагерлер өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері жөнінде сұрақтар қойды, қарттардың денсаулығын қорғау жөніндегі ұсыныстарын айтты. Әлі де болса қала емханаларында ардагерлердің мәселесіне сергек көңіл бөлінбейді, олар ұзақ сонар кезекке тұрады, өздеріне тиесілі тегін дәрі-дәрмекті уақытылы ала алмайды, дәрігерлер тарапынан қарт адамдарды қабылдағанда ең алдымен олардың шынайы пейілі, біліктілігі жетіспей жатады.

Кездесуде сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев емханаларда тіркелген науқастардың арасында ардагерлердің тізімі көп жағдайда нақтыланбаған, оларға шынайы қамқорлық көрсетіле бермейді. Әлі де болса дәрігерлердің қызметінде қағазбастылық көп, ауруханаға жатуда қиындықтар бар, «Барып кел, шауып келмен» жүргенде қарттар ауруларын асқындырып алып жатады.

Басқосуға қатысқан ардагерлер өздерін толғандырып жүрген көптеген мәселелерді көтерді.

Жиынға қатысып отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Досмайлова ардагерлер тарапынан қойылған мәселелердің орынды екендігін және оларды жолға қою жөнінде жұмыстар атқарылатындығын мәлім етті.

Жиынды қорытындылаған облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы ақылмандар кеңесінің төрайымы Жұмакүл Әбілқазина алдағы уақытта да облыстық және Тараз қалалық ардагерлер кеңестерімен бірлесе жұмыс атқара беретіндіктерін, бұл кездесудің екі жақ үшін де пайдалы болғандығын атап көрсетті.

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ

 

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры