Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ДАҢҚЫ ӨШПЕС, БАТЫР РУХЫНА МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ

ДАҢҚЫ ӨШПЕС, БАТЫР РУХЫНА МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ

03 август 2024, Суббота
176
0
Екінші дүниежүзілік соғыс батыры, «Даңқ» орденінің толық иегері ержүрек жерлесіміз Тайыр Тастандиевтің есімін өскелең ұрпақ ұмытқан жоқ. Майдан даласында пулеметші болған қазақ жігіті қайсарлығымен және ержүректілігімен көзге түскен. Тайыр Бүркітбайұлы 1924 жыл Жуалы ауданы Қызыларық ауылында дүниеге келген. 1942 жылы тамызда әскер қатарына алынған ол бірінші және екінші Балтық бойы, төртінші Украин майданының құрамында елді неміс басқыншыларынан азат ету ұрыстарына қатысқан. Донецк қаласының жанындағы кескілескен ұрыста өзінің бөлімшесімен жаудың күшті бекінісін алып, аса жауапты жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін ІІІ дәрежелі, жау ДЗОТ-ын гранатамен жарғаны үшін ІІ дәрежелі, Днепр жағалауындағы кескілескен ұрыста көрсеткен ерлігі үшін І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. 
🖋Жорық жолында талай жаудың бетін қайтарып, жеңіс күнін жақындатқан Тайыр Тастандиевтың 100 жылдығына орай Бәйтерек ауылында орналасқан батыр есімі берілген мектепте еске алу кеші өтті.
Мектеп алаңындағы бюст маңында жиналаған көпшілік  батырды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. 
Жуалы аудандық ардагергер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев алғы сөз сөйлесе, батырдың ұлы Дәулетжан Тайырұлы әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.
🖋Еске алу кеші Т.Тастандиев атындағы орта мектеп ішінде жалғасты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова ізгі тілегін білдіріп, батырдың ұрпақтарына естелік сыйлық табыс етті.
Сондай-ақ, Тайыр Тастандиевтің ұл-қыздары өз естеліктерімен бөлісіп, жастарды бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. 
Шараны аудан өнерпаздары әндерімен әуелетіп әдемі кешке айналдырды. 
✅️Ия, ұлысын  ұлықтау халқымыздың  асыл қасиеті. Жас ұрпақтың өз Отанын, отбасын сүю үшін, еліміздің патриоты болып қалыптасу үшін батыр бабамыздың  ерліктерінің, қаһармандық үлгі өнегесінің берері мол.
Осындай тұлғаның Жуалы жерінен шыққанына мақтан етеміз.  Бір ғасырда бір-ақ рет туылатын біртуар  батыр ағамыздың өшпес ерлігіне мың тағзым.

Жуалы ауданы
Обсудить

Похожие материалы:

Ер есімі - ел есінде
08 апрель 2020, Среда
Ер есімі - ел есінде
ДАҢҚ
05 май 2021, Среда
ДАҢҚ
Жүз жасаған жауынгер
09 март 2022, Среда
Жүз жасаған жауынгер
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры