БАТЫР АНА МУЗЕЙГЕ СЫЙ ЖАСАДЫ
Жазылбек Қуанышбаев атындағы аудандық музей қоры тағы бір жәдігермен толықты. Ауданымыздың алтын құрсақты батыр анасы Тұрсынкүл Көпбергенова «Музейге сый» акциясы өтіп жатқанын естіп, Қазақстанның құрметті кітапханашысы Гүлсім Нарбаевамен бірге келіп, өз қолымен тоқылған қолөнер туындылары мен әдемі болып өскен бөлме гүлін музейге сыйға тартты.
Батыр ана өзінің қолынан шыққан қолөнер туындылары музейдің бір бұрышынан табылып, музейге келуші жастардың өнер, әдемілікке деген қызығушылықтарын оятып, болашақ ұрпақ тоқыма өнерінен қол үзбесе екен деген тілегін жеткізді.
Музей қызметкерлері батыр анаға алғыстарын білдіріп, қонақтардың иығына ақ жаулық жауып, арнайы дайындалған ақ дастарханның сыйлы қонағы етті.
Ләйла ҚОЖАГЕЛДИЕВА,
Ж.Қуанышбаев атындағы Мойынқұм
аудандық музей директоры.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)