ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН
Қарттарға есігін айқара ашқанына 3 айдың жүзі болған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекекттік мекемесінің бүгінгі тыныс – тіршілігі осылай бағалауға лайық. Орталық бүгінде ардагерлердің жиі келетін, бос уақыттарын қызықты, көңілді, тиімді өткізетін орнына айналған. Онда әртүрлі іс - шаралар, байқаулар ұйымдастырылып тұрады. Жуырда өткізілген «Шебердің қолы – алтын» қолөнер туындыларының көрмесі осының айғағы.
Іс – шараны ұйымдатырушы – қолөнер, тігу үйірмесінің нұсқаушысы Айгүл Базарбекова. Мақсат – ұлттық қолөнерді дәріптеу, қызмет алушылардың қызығушылықтарын арттыру, тәжірибе алмасу. Көрмеге ұлттық нақышпен тоқылған заттар, жүннен жасалған ою – өрнектер, кескіндеме (живопись), суреттер, басқа да бұйымдар қойылған. Көрмедегі шебер жасалған бұйымдар тамашалаушылардың қызығушылығын туғызып, оларды үлкен әсерге бөледі. Көрмеге туындылары қойылған белсенді ардагерлер Раиса Кауменко, Роза Тен, Гүлжайнар Еркінбекова, Гүлбағира Сағындықова, Надежда Титоренко, Мырзакүл Тәжиева, Орынкүл Атаева, Патиха Әмірқұлова, Елена Шевцовалардың шеберліктеріне көрермендер дән риза болды. Көрмені ұйымдастырушылар жиналғандарды әсем ән мен мың бұралған билерімен де тәнті етті.
Аманкүл ЫСҚАҚОВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)