ЖАҚСЫ СӨЗ ЖАН СЕМІРТЕДІ
Бұрынғы қариялар: «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бар» - деп тілеген ғой Жаратқаннан. Міне, біз бейнеттің зейнетін көріп отырмыз. Ол еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықтың арқасы.
Құдайға шүкір, зейнетақымызды уақтылы алып отырмыз. Бір мезгіл барып бос уақытымызды тиімді өткізуге мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр. Жуырда өңір басшысының қолдауымен Тараз қаласында облыс әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ашылуы – аға буынға қамқорлықтың бір парасы.
Одан бөлек облыс аумағындағы шипажайлар демалушылар мен ем алушыларға әрқашан қызмет көрсетуге әзір. Оларда әртүрлі аурулардан емделуге, демалыс уақытын көңілді әрі қызықты өткізуге барлық жағдай жасалған. «Меркі - Мейірім» шипажайы сондай демалыс орындарының санатынан.
Келушілерге сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан бұл демалыс орны – шипалы сумен, лаймен, физкабинетімен, уқалаумен, басқа да емдік шаралармен және мәдениетті қызметімен өңірде ғана емес, елімізге кеңінен танымал.
Жуырда осы шипажайда бір топ ардагерлермен бірге демалып қайтудың сәті түскен. Тау етегінде орналасқан демалыс орны іші кірсе – шыққысыз. Ғимаратқа кіргеннен көңіліңіз көтеріліп жүре береді. Демалушылар мен ем алушыларға қажетті ақпараттар көрнекі жерлерге ілініп қойылған. Безендірілуі көз тартады.
Ал, енді, жатын бөлмелердегі жасалған жағдайлардың жөні бөлек. Не қажеттің бәрі бар. Бөлмелері таза, жайлы, жылы, жарық.
Ем - шара қолдануы ерекше. Денсаулығымыз дәрігерлер бақылауында. Дәрігерлердің, медбикелер мен тазалықшылардың қызмет көрсету мәдениеті жоғары. Қазақта «Жақсы сөз жан семіртеді» деген бар ғой, олардың жылы сөздерінің өзі дертіңізге дауа болғандай. Мұнда демалушылардың бос уақыттарын көңілді, қызықты өткізуге де жағдай жасалған. Күнде қызықты іс - шаралар ұйымдастырылады. Оған демалушылардың өздерін де тарту ойластырылған.
Қысқасы «Меркі – Мейірім» шипажайында демалыңыз, көңіліңіз көтеріліп, денсаулығыңыз жақсы болып қайтасыз. Мен өзіммен бірге болған ардагерлер атынан шипажай қызметкерлеріне ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.

Аманжол АМАНБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)