ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ - ӨЗІМІЗГЕ БАЙЛАНЫСТЫ. Таразда зейнеткерлер мен ардагерлердің сауықтыру орталығы ашылды.
«Армандар орындалады» деп жатамыз. Кеше Тараз қаласында ардагерлердің есінде ұзақ уақыт сақталатын айтулы оқиға болды. Неше жылдан бері аймағымызға келген әрбір әкімнің алдынан шығатын маңызды бір мәселе болушы еді. Қай әкім келсе де, облыстық ардагерлер кеңесі тарапынан айтылатын негізгі мәселенің бірі - зейнеткерлер үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығын ашып беру болатын. Уәделер үйіліп - төгіліп берілді де. Сәті солай болды ма, кеше Тараз қаласындағы Комратов көшесі бойынан облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығы қала ардагерлері мен зейнеткерлеріне есігін айқара ашты. Егде тартқан жандар үшін қолайлы жағдай жасалған бұл орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевтің өзі келіп қатысты. Аймақ басшысы жаңа орталықтың бөлмелерін аралап, ардагерлерге көрсетілетін қызмет түрлерімен танысты. Ендігі жерде тараздық үлкендеріміз зейнет жасына жеткеннен кейін өздерінің өмір сүру жасын ұзарту мақсатында осында ем түрлерін пайдаланады, дәрігерлердің кеңесі беріледі, психологиялық тренинг, физиотерапия, массаж, тұзды шахта, басқа да ем түрлері қолданылады. Сөйтіп, зейнеткерлердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыруға, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ішкі шығармашылық әлеуетіне жағдай жасау арқылы қоғамның белсенді өміріне тартуға орталық жағдай жасайтын болады. Облысымызда тұңғыш рет ашылып отырған орталықтың аумағы бір мың шаршы метрді алып жатыр. Екі қабатты әсем ғимаратта қарияларымыз алдағы өмірлерін қызықты, мәнді, мағыналы өткізулеріне толық мүмкіндік жасалған. Орталықта тренажер залы бар, мұнда йогамен, үстел теннисімен айналысуға болады. Қариялар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, билярд ойнап, бір мезгіл сергулеріне де мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, тиісті мекемелермен байланыс жасау арқылы мәдени іс - шаралар ұйымдастырылады, бассейнде шомылуға мүмкіндік туғызылады. Аталған қамқорлықтар мен мүмкіндіктер барлық деңгейдегі зейнет жасындағы кісілерге ақысыз, тегін ұйымдастырылады.
«ҒҰМЫР – ДАРИЯ» - АҚПАРАТ.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)