ҚАРИЯЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ КЕМІМЕЙДІ
«Ғұмыр - Дарияның» өткен санында Тараз қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылғаны жөнінде сүйінші хабар жарияланған болатын. Мекеменің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бұл орталық облыстық ардагерлер ұйымының ұсынысымен дүниеге келгенін тілге тиек етті. Әрине, онда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтің зор үлесі бар екені айтпаса да түсінікті. Еркінбек Бейсенбекұлы бұл мәселені көтергелі бері біраз уақыт болған. «Сабақты ине – сәтімен», орайы енді келіп отыр. Оған «игіліктің ерте - кеші жоқ» деп ризашылық білдіреді ардагерлер.
Осы мекеменің жұмысы, орталық қызметін кімдер пайдалана алатыны туралы сұрақтармен Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Гүлжан Керменбаева редакциямызға қайырылған болатын. Оқырмандарымыздың орталыққа деген қызығушылығын тудырған бұл сауалды біз өз кезегінде орталық директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Баян Шолпанқызы Оразбековаға жолдағанбыз:
Осы мекеменің жұмысы, орталық қызметін кімдер пайдалана алатыны туралы сұрақтармен Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Гүлжан Керменбаева редакциямызға қайырылған болатын. Оқырмандарымыздың орталыққа деген қызығушылығын тудырған бұл сауалды біз өз кезегінде орталық директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Баян Шолпанқызы Оразбековаға жолдағанбыз:
Баян Шолпанқызы орталықтың қызметі жөнінде түсініктеме берді:
– Облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі облыста тұңғыш рет Тараз қаласында ашылып отыр.
Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасына жеткен белсенді, өмір жасын ұзартуды көздеген қарттарға толық мүмкіндіктер жасау арқылы көңіл-күйін қолдау және бос уақытын дұрыс өткізуді ұйымдастыру.
Ардагерлер мен зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуді жүйелі ұйымдастыру, қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, ішкі шығармашылық әлеуетіне жағдай жасау арқылы қоғамның белсенді өміріне тарту – орталық жұмысының басты бағыты. Осыны басшылыққа ала отырып, облыста тұңғыш рет ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» 1000 шаршы метр аумақты алып жатқан 2 қабатты ғимаратында қарияларымыздың алдағы өмірін қызықты, мәнді, мағыналы өткізуіне барынша жағдай жасалған.
Орталықта тренажер залы, йога, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд залдары бар. Ұлттық би, вальс, хор, вокал, сәндік-қолданбалы өнер, емдік дене шынықтыру, тіл үйрену, тағы басқа үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ, тиісті мекемелермен байланыс орнату арқылы мәдени іс-шаралар (кино, театр, серуен) ұйымдастыру, бассейнге бару (болашақта) мүмкіндіктері де ойластырылған.
Дәрігердің тағайындауы бойынша емдік уқалау, нуга бест төсегі, фитошай, тұзды шахта қызметтерін алуға болады. Сонымен қатар, психологтың кеңесін алуға, психолог жүргізетін түрлі тренингтерге қатысуға мүмкіндік мол.
Орталық күндізгі сағат 09.00-12.00 және 14.00-17.00 аралығында жұмыс істейді.
Орталыққа тіркелуге жеке куәліктің және зейнеткерлік куәліктің көшірмелері, аумақтық (учаскелік) дәрігерден алған амбулаторлық карта үзіндісі және ФГ (флюрография) қағазы қажет. Келушілер өздерімен бірге ішетін су, сүлгі, ауыстыратын аяқ киім, ауыстыратын киім (қажет болғанда), кілемше ала келгендері абзал. Байланыс телефоны: 87010771763
Осы қамқорлықтар мен мүмкіндіктер барлық деңгейдегі зейнет жасындағы кісілерге ақысыз, тегін көрсетіледі.
Орталыққа қалалық тіркеуде тұратын зейнеткерлер қабылданады, – деді орталық директорының орынбасары Баян Оразбекова
Міне, билік аға буын өкілдеріне осындай қамқорлық көрсетіп отыр. Құрметті ардагерлер! Орталық қызметін тиімді пайдалануға асығыңыздар.Ендігі жерде қалада тұратын зейнеткерлер өмірлерін сәнді де мәнді ету үшін және салауатты өмірге бір табан болу мақсатында көп әуре болмайтын болды. Тараздың Комратов көшесіндегі ұзақ өмір сүру орталығының ардагерлерге жан - жақты сауықтыру және денсаулықты қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсету үшін есігі әрқашан ашық екенін еске саламыз.
«ҒҰМЫР – ДАРИЯ» - АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)