Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЖАҚСЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

ЖАҚСЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

08 август 2023, Вторник
101
0
"Елімізде егде тартқан адамдардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп отыр"- десем, артық айтқандық болмас. Сонымен қатар, қарттардың денсаулықтарын жақсарту мен мәдени игіліктерді пайдалануы да басты назарда. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа жуырда "Айша бибі" шипажайында демалып, ем алып қайтқанымда куә болдым.
Қарт адамдардың қыңқыл – сыңқылы көп. Оның үстіне, жасы келген кісілерге буын аурулары үйір келетіні айтпаса да түсінікті. Әсіресе, қимыл – қозғалысқа қатысты құяң сияқты аурулар. Тыныс аурулары тағы бар. Міне, осындай ауруларға «Айша бибі» шипажайында жасалатын емдік шаралардың пайдасы зор екен. 
Мысалы, Ақкөлдің балшығы. Біз демалған шипажай маңында бұрындары облыстық аурухананың балнеологиялық бөлімі болғанын білетінбіз. Онда негізінен балшықпен емдейтін. Шипажайда осы балшық балғын күйінде пайдаланылады екен. Шипалық қасиеттері бар компоненттерге бай болғандықтан шығар, осы балшықпен емделгендердің көпшілігі құлан – таза айығып кеткендерін айтады емдеуші дәрігерлер. Ондай әсерді өзіміз де сезіндік.
Емдеу – сауықтыру сипатындағы шипажайда келушілерге жақсы жағдай жасалған. Жатын орын жайлы, төсек-орын - таза әрі ыңғайлы. Бөлмелерінің басым көпшілігі екі кісілік екен. Тамақтандыру мәселесі де көңіл көншіткендей. Ас мәзірі адамды қуаттандыратын дәрумендерге бай. Күніне төрт рет тамақтандырады.
Әрбір емдік шаралардан кейін жаныңыз жай тауып қалады. Жақсы жабдықталған жаттығу залы бар. Онда қалауыңызша денеңізді сергітіп, ширатуға болады. Бірақ, бәрі де дәрігерлер мен емші бикелердің бақылауымен.
Шипажай ауасы таза аймақта орналасқан екен. Мұнда серуендегеннің өзі бір ғанибет. Демалушылар мен ем алушылардың бос уақыттарын тиімді, қызықты өткізу шаралары да қарастырылған.
Жалпы айтқанда, «Айша бибі» шипажайында дем- алушыларға жақсы жағдайлар жасалғанын жеткізе отырып, ардагерлердің төл басылымы «Ғұмыр – Дария» газеті арқылы ризашылығымды білдіргім келеді. 

Доқтырхан БАЙБАТШАЕВ,
Жамбыл облысының Құрметті ардагері.

Шу ауданы.


РЕДАКЦИЯДАН: Ардагердің алғысына орай шипажайдағы қызметтің жай жапсарынан қариялары толық хабардар ету үшін мекеменің бас дәрігері Райымбек Нұржановпен хабарласқан болатынбыз.
– Қызметімізге лайықты баға берген ардагер ағамызға біз де ризамыз. Рахмет! – деді Райымбек Бестайұлы. – Шипажай 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бізде остеохондроз, артрит, артроз, құяң, бедеулік ауруларына ем - дом жасалады. Емдеу шараларына қажетті дәрі – дәрмектер, құрал- жабдықтар және медициналық аспаптардың барлығы бар. Келіп демалуға, ем алуға ниет білдіргендерге есігіміз ашық. Шипажайға Қазақстанның барлық түкпірлерінен келушілер көп. Олар электрондық портал арқылы емдеу мекемелерінің жолдамасымен және жеке өз қаражаттарымен келіп демалуларына мүмкіндіктері бар. Оларға тиісінше қызмет көрсетіп жатырмыз және барлық жағдайды жасауға әзірміз.
Мүмкіндікті пайдалана отырып  менің де айтпағым бар. Шипажайда 8 дәрігер, 32 медбике, ондаған тазалықшы қызмет атқарады. Олардан бөлек мәдени – тұрмыстық қызмет  көрсетушілеріміз бар. Бәрі де жұмыстарына өте жауапты. Солардың ішінде мекемеде бірқатар жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан емдеу бөлімінің меңгерушісі Альфия Серғазиева, бас медбике Ұлбосын Жылқышиева, аға медбике Ельмира Шынасылова, медтіркеуші Арайлым Сатымхан, медбикелер Майра, Сейдалиева, Сәуле Жетпісбаева, медаға Нұрлан Жақыпов, шаруабикелер Нұргүл Төлеубаева, Рапинат Қарымсақова, тазалықшылар Айгүл Малтабарова, Ләззәт Тәжиева. аспазшы Әйнекүл Тағаева және мәдени ұйымдастырушы Қарлығаш Оралбекованы бөліп атасам, өзгерлер өкпелей қоймас.
Жоғарыда айтқандай, шипажайға еліміздің барлық өңірлерінен келушілер болатынын ескере отырып, Тараз қаласы мен оның маңайындағы тарихи - мәдени орындарға саяхат ұйымдастырамыз. Тараз – тарихи қала. Құдайға шүкір, демалушылар тамашалайтын тарихи ескерткіштеріміз көп. Облыстық мұражай жәдігерлерге бай.
Мекемеге өнер ұжымдарын шақырып, тынығушыларға концерттер ұйымдастырып тұрамыз. Демалушыларды қатыстыра отырып, өз ішімізде оқырмандар конференцияларын, әртүрлі мәдени – көпшілік, спорттық жарыстар өткізу де ойластырылған. Жақсы өнер көрсеткендерге, жеңімпаздарға, белсенділік танытқандарға қал – қадерімізше сый – сияпаттар жасалады.
Обсудить

Похожие материалы:

Алғыс
16 август 2021, Понедельник
Алғыс
Білгенге-маржан
29 июль 2020, Среда
Білгенге-маржан
Сұхбат
01 июль 2022, Пятница
Сұхбат
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры