Ғұмырын адамдардың саулығына арнаған
Қуантай Исатайұлы 1946 жылы 26 тамызда жер жанаты атанған Жуалы өңірінің Қаратас аулында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық балғын шағы сол ауылда өтіп, 1964 жылы орта мектепті бітіріп, жолы болып Семей мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне түсті. Бұл - оның бала кезінен арманы болатын. Жоғары білім алып, дәрігерлік диплом алғаннан соң 1970-1972 жылдары әскери дәрігер болып қызметін жалғастырып, Отардағы әскери бөлімшеде абыроймен қызмет етті. Содан кейін туған өңіріне оралып, Жамбыл қаласының (қазіргі Тараз) №2 ауруханасына дәрігер-невропатолог болып қызметін жалғастырды, осында бірер жыл неврология бөлімшесіне жетекшілік етті.
1977 жылы Жамбыл облыстық ауруханасына ауысып, неврология бөлімшесінің дәрігер-ординаторы, сәл кейінірек бөлімше меңгерушісі болып қажырлы еңбек етті. Жас мамандарды даярлауға көп үлес қосты. Бүгіндері оның шәкірттері біраз емдеу мекемелерінде дәрігер-невропатолог қызметін атқарып жүр. Білікті маман-невропатолог ретінде санитарлық авиация көмегімен аудандық ауруханаларға шұғыл жетіп, жаны қиналып жатқан талай ауыр науқасқа дер кезінде қолұшын бергені, олардың тез айғып кетуіне үлес қосқаны жайлы әңгіме бөлек. Онымен бірер сәт әңгімелескеннен кейін науқастың оған деген сенімі артып, бойына күш-қуат келіп, берген емі шипа беретін.
– Менің кәсіби маман-невропатолог болып қалыптасуыма облыстық ауруханада бірге қызметтес болған абзал ағамыз, медицина ғылымдарының кандидаты Әзімбек Мәмлеевтің, Ресейдегі Мәскеу қаласында клиникалық орданатурасын бітіріп келген білгір маман Раиса Мұсафированың, білікті дәрігер-невролог Тана Мұхамеджановалардың еңбектері зор болды. Олар менің кәсіби тұрғыдан қалыптасуыма бағыт-бағдар беріп, неврологияның қыр-сырын үйретіп, ме-дициналық этика мен деонтология және адами биіктіктің де үлгісін көрсетті. Сөйтіп олар маған нағыз тәлімгерлер бола білді. Сол үшін оларға деген ризашылығым шексіз. Қанша жылдар өтпесін әріптес-ұстаздарымды жиі еске алып отырамын. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деп қазақ атамыз бекер айтпайды екен. Неврология ілімінің қыр-сырын үйреткен оларға рахмет. Сол алдыңғы толқын әріптестерімнен алған білімім мен тәжірибемнің арқасында елге танылдым, кейінгі жастарға өзім де ұстаз атандым. Өмір сабақтастығы деген, сірә, осы шығар. Әрине институтта қатар оқып, дәрігерлік қызметті бірге, бір қалада бастаған Сейтқасым Тәжбенов, Анархан Әзімханов, Исатай Миятов сияқты тонның ішкі бауындай жақын араласқан әріптес-достарым менің жақсы маман болып қалыптасуыма себепкер болды десем артық айтқаным емес. Қиын кезеңдерде қасымнан табылып, сөз жәрдемдерін беріп, демеу болғандарын қалай ұмытуға болады. Нағыз қимас достардың арамызда сиреп, азайып бара жатқаны өкінішті, сол жаныма батады. Ол да өмір заңы болар. Артымыздағы ұрпақтарымыз аман болсын..,– деп толғанады ардагер-дәрігер Қуантай Исатайұлы.
Ол 2001-2009 жылдары облыстық МСЭК-тің сараптамашысы болып қызмет атқарды. Зейнетке шыққанан кейін қаладағы «Мейірім», «Жасұлан» медициналық орталықтарында дәрігер-невропатолог болып абыроймен еңбек етіп, науқастарға кеңес берді. Оның бойындағы еңбекқорлық пен жауапкершілік, ізденімпаздық пен алдына келген адамға деген жанашырлық, ерекше байқалып тұратын адамгершілік қасиеттері көпшілікті тәнті етеді.
Қуантай Исатаев білімді де білікті маман-дәрігер ретінде науқастар мен әріптестері арасында үлкен беделге ие. Ол – білімі терең, ары таза, көңілі жарқын, жақсылық жасауға асығып тұратын жаны жайсаң жан. Өз ортасында салмақты ойлар айтып, сабырлылығымен, сыпайылығымен, ойының тереңдігімен ерекшеленіп тұрады. Білікті маман алдына келген науқастың алдымен көңілін жазады, сосын барып тиісті шипалы ем-шара жүргізіеді. Оның дәрігерлік мамандығына деген беріктігі мен адалдығы кейінгі буынға бағыт-бағдар болып қала береріне күмән жоқ. Қуантай аға – дәрігерлік қызметті де, азаматтық борышты да абыроймен атқарып жүрген дегдар жан.
Дәрігер Қ.Исатайұлының ұзақ жылдардағы қажырлы еңбегі мен жетістіктері, ізденпаздығы мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі еленіп, бірнеше мемлекеттік, мерекелік медалдар мен Құрмет грамоталармен, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаталған. Дәрігер үшін ең қымбат сыйлық – жарты ғасырлық медициналық еңбек жолында мыңдаған науқастар мен олардың жақындарының ақ батасы, жүрекжарды алғысы, көңіл марқайтар ақ тілегі. Әріптесіміз ұл-қыз өсіріп, бүгіндері немерелерінің қызығын көріп отырған бақытты жан, ардақты ата, берекелі отбасының алтын діңгегі. Қыздары әке жолын қуып, медицина саласында еңбек етуде. Олардың әрбір жетістіктеріне біздің бүгінгі кейіпкеріміз балаша қуанып, бақытқа кенеліп отырған жайы бар.
Сексеннің сеңгіріне шаршамай-шалдықпай көтеріліп отырған құрметті әріптесіміз Қуантай Исатайұлын мерейлі жасымен шын жүректен құттықтап, бойынан ұзақ жылдар күш-қуат кетпей, дені сау болып, саналы өмірінің бақытты да саялы болуына тілектеспіз.
Сағындық ОРДАБЕКОВ,
дәрігер-хирург, медицина профессоры,
Журналистер одағының мүшесі.
Айгүл НЕСІПБЕКҚЫЗЫ,
дәрігер-невролог, медицина ғылымдарының кандидаты.
Тараз қаласы.

Обсудить
Блок в статье:
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ
12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА
12 август 2026, Среда
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ – ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕДІ
12 август 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)