АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН

Еңбек жолын 1963 жылы Қостанай қалалық перзентханасында акушер-гинеколог болып бастайды. Жұбайы инженер Опабек Досаевтың қызметіне байланысты 1965-1967 жылдары Қордай ауданындағы ауылдық учаскелік аурухананың бас дәрігері болады. Жамбыл аудандық орталық ауруханасында оншақты жыл акушер-гинеколог болып қызмет атқарғаннан кейін 1975 жылдан бастап облыстық ауруханада дәрігер-гинеколог, дәрігер-статист, статистика бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін үздіксіз зейнет жасына келгенше абыроймен атқарды. Зейнетке шыққаннан кейін де қол қусырып қарап отырмай облыстық сақтандыру қорында, медициналық қызметтің сапасын бақылау мекемесінде жұмыс істеді.
Тоқтагүл Аманжолқызының ұзақ жылғы қажырлы еңбегі "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Алтын дәрігер", "Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін", "Еңбек ардагері" төсбелгілерімен аталып өтті. Ол бірқатар мерейтойлық медалдармен де марапатталды.
Т. Досаева өмірде сыпайы, жаны таза, ойы терең, кәсібіне адал, қызметіне жауапты, ұжымда абыройлы, сыйлы кісі болды. Денсаулық сақтау саласында елу жылдан астам қызмет ете жүріп көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Жұбайы Опабек ақсақал екеуі 3 ұл тәрбиелеп, 6 немере, 4 шөбере сүйді.
Әріптесіміз Тоқтагүл Аманжол-қызының жарқын бейнесі оны білетіндердің есінде ұзақ уақыт сақталатын болады.
Сабыр ОСПАНОВ,
облыстық көпбейінді ауруханасы ардагерлер кеңесінің төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
«Тәрбиелі жастар – қоғам тірегі»
15 февраль 2025, Суббота
Ұлы Жеңіске тағзым
13 февраль 2025, Четверг
АУДАНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
12 февраль 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)