БАБАЛАР ІЗІН ЖАЛҒАҒАН
Даурықпа сөз, жалаң ұран емес, көпке ой салар салмақты да ұлағатқа толы сөзі, кемерінен асқан ақыл мен парасаттан тұратын бағалы-бағлан батасы бар кешегі батагөй бабаларымыздың ізін жалғап келе жатқан бүгінгінің бірегейлері бар ма? Міне, тап осы сұраққа жауапты аудандық мәдениет үйінде өткен «Батаменен ел көгерер» атты аудандық батагөйлер байқауынан тапқандай болдық. Байқауға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев, зиялы қауым өкілдері, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері мен өнерге қызығушылығы зор аудан тұрғындары көптеп қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық билер кеңесінің ұйытқы болуымен аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған ғибраты мол болған іс-шараға барлығы 12 үміткер қатысты.
Батаның тәрбиелік мәнін насихаттап, бата түрлерін жаңғыртуды мақсат еткен 86 жастағы Т.Рысқұлов ауылдық округінің тұрғыны Тілеуғали Шегенбаев, аспаралық 78 жастағы ақсақал Жарылқасын Байжұманов, кеңестік аузы дуалы атамыз Бауыржан Байдәулетов, Тәттіден ат терлетіп жеткен Белгібай Айнақұлов, Ақермен ауылының баталы ақсақалы Нұржан Жұманов, жаңатоғандық сөз шебері Сейсенбай Қойлыбаев, меркілік Мұхамеджан Әлімқұлов, Сұраттан келген үміткер Сәрсебай Ұзақбайұлы, сарымолдаевтық сайыпқыран Базарбай Айтбаев, Ақтоған ауылынан Мақсат Бортанов, сонымен қатар, аудандық «Бала би» байқауының жеңімпаздары Айбар Райымқұл мен №17 мектептің үкілеген үміті Әшімхан Нұралы байқаудың сәнін келтіріп, мазмұнын ашты.
Батагөйлер байқауы 4 кезеңнен тұрды. Олар – «Өзін-өзі таныстыру», «Ел есіндегі белгілі тұлғалардың батасын беру», «Ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сұраққа жауап беру» мен іріктеліп алынар соңғы төрттік үшін «Жазылмаған қазақ заңдары бойынша сұрақтарға жауап беру» болды
Аудандық байқаудың қазылар алқасымен таныстырсақ, осы іс-шараның ойдағыдай, жоғары дәрежеде өтуіне көп еңбек сіңірген Медербек Өзбеков қазылар алқасының төрағасы болса, мүшелері қатарында мәдениет саласының ардагері Қыдыралы Бөрібаев, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Уәли Қырғызбаев, Меркі ауылдық округі билер кеңесінің төрағасы Сәрсен Әбенов, аудандық ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ержан Шолпанқұлов, №2 Аспара орта мектебінің мұғалімі Әлімжан Бабалиев, сонымен қатар, осы жолдардың авторы Әлихан Нұралиев өздерінің әділ бағасын берді.
Батагөйлер байқауында арнайы шақырылған еңбек ардагері, соңғы 10 жылда бірнеше батагөйлер байқауына белсенді түрде қатысып, жүлдегер атанған Исабай Қалысбаев ақ батасын берді. Өз кезегінде байқауды ұйымдастырушылар Исекеңнің иығына шапан жауып, батагөйлік бағыттағы еңбегіне алғыс айтты.
Жоғарыда айтылған 3 кезеңде әділ қазылар алқасы үміткерлердің ұлттық киім үлгісі, сахна мәдениеті, батаның мазмұны, сөз шеберлігі мен дауыс ырғағына аса мән берді. «Ботаның құны бір ақ жұт, бата балаға мәңгі құт» дегендей, бата мен тілектің бас-аяғы түгел жауыр болған жаттанды сөзден емес, оның жүректен шыққандығы соншалық – көпшіліктің оған сенімділігі артып, әрбір сөзі қабыл болатындай әсер қалдыруы басты өлшемі етінде бағаланды. Әділ қазылар алқасының төрағасы Медербек Өзбеков пен қазылар алқасының мүшелерінің алдына қойған басты ұстанымы да осы еді. Сахна төріне бірінен кейін бірі шығып отырған әр ауылдан келген батагөй қариялар ел алдында көсіліп бата-тілектерін жеткізді, сұрақтарға барынша тиянақты жауап қайтарды. Ақсақалдрдың ақ баталарын жиналған жұрттың әрқайсысы өздеріне айтылған тілек ретінде шынайылықпен қабылдады. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" демекші бәсеке болғаннан кейін оның жеңімпазы, жүлдегерлері анықталуы керек. Ал әр ауылдан іріктеліп келген баталы қариялардың ішінен үздіктерін анықтау әділқазылар алқасына да оңай соққан жоқ.
Батагөй қариялар кезекпен шығып өздерінің берекелі баталарын кезектесіп беріп жатқан тұста аздаған үзілісті пайдаланып «Береке» әжелер тобы және өнерлері өрге жүзген өнерпаздар жеке дауыста ән шырқап, байқауға қатысушылар мен зал толы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап отырды.
Сонымен, алғашқы 3 бөлімнің нәтижелері бойынша 4 батагөй қария ақтық кезеңге шығып, қосымша сұрақтарға жауап беріп, жеңіске жету жолында өздерінің шешендік, көсемдік қасиеттерін сынға салды. Осы ретте әділқазылар алқасы бір ауыздан бас жүлдеге Кеңестен келген қазыналы қариямыз – Бауыржан Байдәулетовті лайық деп тапты. Байқауда бірінші орынды әділқазылар алқасының ұйғарымымен жаңатоғандық Сейсенбай Қойлыбаев жеңіп алды, екінші орынды Тәттіден келген тарланбоз Белгібай Айнақұлов, үшінші орынды сұраттық Сәрсебай Ұзақбайұлы жеңіп алды.
Ал, байқаудың қорытынды-сымен аталымдар бойынша Базарбай Айтбаев «Ел құрметі», Мақсат Бортанов «Текті сөздің төресі», Нұржан Жұманов «Өнегелі өмір иесі», Мұхамеджан Әлімқұлов «Берекелі бата иесі», Тілеуғали Шегенбаев «Ұлағатты қария», Жарылқасын Байжұманов «Парасатты батагөй», Айбар Райымқұл «Үздік жас би», ал, Әшімхан Нұралы «Тілге шешен жас талап» арнайы марапатқа ие болды.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы Диплом, Алғыс хаттарға және демеушілер тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтарға ие болды. Демеушілер туралы айтқанда, «Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші аудандық батагөйлер байқауына сонау мұхиттың арғы жағындағы Америка Құрама Штаттары-ның Калифорния штатының Сакраменто қаласынан жерле-сіміз, Кеңес ауылында туып-өскен Ердана Нүсіпов пен жұбайы Эльмира Нүсіпованың жолы түсіп, келе қалғаны! Кезекті бір демалыс сәтін пайдаланып, туған жерге ат басын тіреген олар ауданымызда өтіп жатқан ұлағатты іс-шарадан құлағдар болып, оны тамашаламақ үшін арнайы келіпті. Ердана бауырымыз сахна төріне шығып, кіндік қаны тамған жерде қазақтың игі дәстүрінің бірі – батагөйлер байқауына қатысушыларға сәттілік тілеп, олардың әрқай-сысына 100 АҚШ долларынан сый-сияпат жасады. Көпшілік оны қазекеңнің ұлттық өнерге деген құрметі, халқымыздың бауырмашылдығы һәм барымен бөлісетін кеңпейілділігі деп қабылдап, ризашылықтарын білдірді.
Сонымен, кезекті аудандық батагөйлер байқауы да сөре сызығына жетті. Бұл жолы қасиетті құндылығымыз – бата беру дәстүрін тағы бір қырынан танығандай болдық.
Әлихан НҰРАЛИЕВ, журналист, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Обсудить
Блок в статье:
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ
12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА
12 август 2026, Среда
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ – ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕДІ
12 август 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)