Оқырмандар қатарының кемімеуін қалаймыз
Бүгін біздің мәртебелі оқырман-дарымыз облыстық ардагерлер кеңесінің қолдауымен шығатын "Ғұмыр-Дария" газетінің екінші жартыжылдықтағы алғашқы санын қолдарына алып отыр. Қатарымызды толықтырып, газетіміз бен рухани серіктестігін сақтап қалған оқырмандарымызға ризашылығымызды білдіреміз.
Әрине, мың құбылып тұрған мына заманда баспасөзге жазылу мәселесінде қиындықтардың болып тұрғанын біз жақсы білеміз.
Оның үстіне "Қазпошта" сияқты салаға үстемдік орнатып отырған монополист мекеменің жұмысындағы жолсыздықтар баспасөзге жазылу науқанында ісімізге қолбайлау болуда. Бұл арада оның барлығын тергіштеп жатуды мақсат етіп отырған жоқпыз. Ол – басқа әңгімеге арқау болатын мәселе.
Бұл арада айтайын дегеніміз газетіміздің шығуына қолдау көрсетіп отырған облыстық, Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері мен бастауыш ардагерлер ұйымдарының газетке жазылу науқаны кезіндегі зор жауапкершілігі мен жанашырлығы туралы болмақ.
Биылғы жылдың екінші жарты-жылдығында 1 шілдедегі мәлімет бойынша "Ғұмыр-Дария" газетін облысымыздың 5337 азаматы алып оқитын болады. Көрсеткіш былтырғыдан және биылғы жылдың бірінші жартыжылдығынан едәуір төмен болды, дегенмен ардагерлер ұйымдарының жазылу науқаны кезіндегі жоғары белсенділігін атап айтуға тиістіміз. "Қазпошта" тарапынаан болып жатқан түрлі кедергілерге қарамастан біздің ардагерлер кеңестері, бастауыш ардагерлер ұйымдары жақсы жұмыс істеді.
Биыл да Тұрар Рысқұлов және Жуалы аудандары көш бастады. Қожайхан Бижанов басқаратын Тұрар Рысқұлов ауданындағы жа-нашырларымыз 679 дана "Ғұмыр-Дарияға" жазылды. Ал, Сейтхан Жұмашев төрағалық ететін Жуалы аудандық ардагерлер кеңесі болса 600 данаға дейін газетімізді алып оқитын болады. Алғашқы күннен бастап белсенділік танытқан Талас, Жамбыл, Шу аудандарының ардагерлер кеңестеріне ризашылығымыз бөлекше. 900 дана көлемінде газетке жазылуды ұйымдастырған Күләш Әбдікешова басқаратын Тараз қалалық ардагерлер кеңесі биыл да жоғары белсенділік танытты.
Сөйтіп, оқырмандарымыз бізге зор сенім көрсетті. Біздің міндетіміз – оқырмандардың сенімінен шығу, олардың қатарының кемімеуіне қол жеткізу. Ол үшін республика көлемінде ардагерлерге арналған бірден-бір бірегей басылымымыздың сапалық деңгейін түсірмеуге қол жеткіземіз деген сенімдеміз.
Жаңабай МИЛЛИОНОВ,
"Ғұмыр-Дария" газетінің
директоры-бас редакторы

Обсудить
Блок в статье:
БОЛАТ ЖОЛДЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫ
12 август 2026, Среда
МОЙЫНҚҰМДА – ЖАҢА ТӨРАҒА
12 август 2026, Среда
ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ – ЖҮРЕККЕ ЖЕТЕДІ
12 август 2026, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)