АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
Қордай ауылында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл толуына байланысты «Ақ әжем» атты аудандық байқау өтті. Байқаудың мақсаты – отбасылық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, әже мен немере арасындағы рухани байланысты нығайту, қазақ халқының салт дәстүрін, сөз өнерін, отбасылық құндылықтарын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін қалыптастыру, әжелердің тәлім-тәрбиелік өнегесін дәріптеу, жас ұрпақтың өнерге, әдебиетке қызығушылығын арттыру.
Байқау әжелеріміздің өнегелі өмірін, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеудегі тағылымын паш етті. Ақ жаулықты аналарымыз бен асыл әжелеріміз өз өнерлерін көрсетіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Байқауға ауылдық округтерден 16 әже немерелерімен қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдеге Ұлдар Ермаханқызы Мыңжасарова (Күнбатыс-2 ауылы), бірнші орынға Бақыткүл Исаева (Қарасай ауылы), екінші орынға Салима Кенесбайқызы Ерменова (Қаракемер ауылы), Толқын Еркенқызы Мамбетова (Ауқатты ауылы), үшінші орынға Джузимхан Абуқызы Шомшиева (Кенен ауылы), Марьям Магомедқызы Байзулаева (Сұлутөр ауылы), Нурила Нұртлеуқызы Изтурганова (Үлкен Сұлутөр ауылы) ие болды. Байқаудың жеңімпаздарына, әр аталым бойынша бәсекеге қатысушыларға Дипломдар, Алғыс хаттар, бағалы және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Біржан ӘЛІМБЕТ, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Обсудить
Блок в статье:
ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
10 июль 2026, Пятница
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ
10 июль 2026, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)