ЖЕҢІМПАЗДАРҒА БАҒАЛЫ ЖҮЛДЕ
Жамбыл ауданында «Батаменен ел көгерер» атты аудандық батагөй ақсақалдарының байқауы өтті. Байқауға барлық ауылдық округтерден 12 үміткер қатысты.
Байқауды құттықтау сөзбен аудан әкімінің орынбасары Мақпал Досымбекова ашты. бәсекесінде аудандық Батагөйлер ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев сөйлеп, бүгінгі батагөй ақсақалдар байқауы халқымыздың асыл қазынасы, мұрасы болып табылатын бата беру дәстүрін одан әрі салтымызға, тұрмысымызға еңгізудің бір амалы болып табылатынын тілге тиек етті. – Қазақ үшін бата жай ғана тілек емес, ұрпаққа жол көрсететін өнеге, жүректен шыққан ақ ниет, қасиетті сөз, баталарыңыз қабыл болсын, елге береке, халыққа тыныштық әкелсін, –деді төраға. Батагөйлер байқауы үш кезеңнен ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде ақсақалдар ұлттық салт-дәстур бойынша баталарын арнады. Байқаудың екінші кезеңінде ел есіндегі белгілі тұлғалардың баталарын жаңғыртты. Үшінші кезеңде ақылман ақсақалдар ұлттық салт дәстурге байланысты сұрақтарға жауап берді. Аудандық батагөйлер байқауының қорытындысы бойынша бірінші орынды – Қызылқайнар ауылдық округінен келген Бегалы Ысқақов, екінші орынды – Гродеково ауылдық округінен қатысқан Қожамқұл Алдабергенов, үшінші орынды – Айша Бибі ауылдық округінің батагөйі Есенбек Мамырбек иеленді. Бірінші орын алған батагөйге тоңазытқыш, екінші орын иегеріне мұздатқыш, үшінші орын иеленген қазыналы қарияға теледидар сыйға берілді. Байқауға қатысқан барлық батагөйлер «Дарынды қария», «Парасатты қария», «Көнекөз қария», «Өнегелі қария», «Өнерлі қария», «Зейінді қария», «Сымбатты қария», «Ойшыл қария», көзайымы» «Көрерменнің аталымдары бойынша марапатталды. Аталым жүлдегерлеріне ұлттық нақыштағы қабырға сағаттары тапсырылды. Байқау барысында аудан өнерпаздары көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынды. «ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ, ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!
10 июль 2026, Пятница
АҚ ӘЖЕЛЕРДІҢ ӨРІСТІ ӨНЕГЕСІ
10 июль 2026, Пятница
АР-ҰЯТЫ БАР АДАМ АДАСПАЙДЫ
10 июль 2026, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)