Аудандық іріктеу кезеңі

Бүгін Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының мәдениет үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған "Жеңіс туы желбіресін" атты облыстық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі өтті.Байқауға ауданның бірқатар ауылдық округтерінен ардагерлер мен аналар қатысты.4 номинация бойынша өткен байқауға облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы Есіркепов,аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қалмағамбетұлы Қасымов,"Аманат " партиясының төрағасы Индира Абылханқызы Спаналиева ,сазгер-әнші Сәрсенбек Бәкір төрелік етті.Аудан ардагерлері мен аналар соғыс,жеңіс туралы әндерді әуелете шырқап,көрермен құрметіне бөленді.Әсерлі де қызықты өткен байқау қорытындысы бойынша "Ақ көгершін" әнімен ардагерлер хоры және жеке дауыстағы(вокал)бірнеше ән облыстық байқауға ұсынылды.Іріктеу байқауына қатысқан барлық қатысушыға арнайы Алғыс Хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.Үздік өнер көрсеткен хор тобына теледидар ,аспапты ансамбльге қысқа толқынды пеш табысталды Ал,"Аманат" партисының төрағасы Индира Спаналиева көрермен көзайымы сыйлығын(сертификат 20000тг)ден екі қатысушыға Ынтымақ а/о келген "Асыл әже" тобы мен ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырға табыстады.Келешек ұрпаққа тәрбиелік мәні зор іс- шаралар жалғасын таба берсін.
Обсудить
Блок в статье:
Руханият
13 июнь 2025, Пятница
Ұлағат
13 июнь 2025, Пятница
Өнеге
13 июнь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)