Қоғамдық істердің көш басында
Жуырда Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы болып, оның жұмысына облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Ізтілеуов, «Amanat» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков және пленум мүшелері қатысты.
Пленумда аудандық ардагерлер кеңесінің өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев баяндама жасады.
Өткен жылы аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен көптеген саяси-қоғамдық, мәдени-көпшілік іс-шаралар өтті. Бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары үлкен белсенділік жағдайында ұйымдастырылды. Есеп беру-сайлау жиналыстарының қорытындысы бойынша ауданда 17 бастауыш, 30 цехтық ардагерлер ұйымы нақтыланып, бекітілді. Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі Жаңабай Миллионов Гродеково және Бесағаш ауылдық бастауыш ардагерлер кеңестерінің есеп беру-сайлау жиналыстарына қатысып, оң бағасын берді. Сайлау қорытындысы бойынша 16 бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағалары қайта, бір төраға жаңадан сайланды. Бүгінде ауданда 8850 ардагер бар. Оның 159-ы – тыл еңбеккері, 91-і – соғыс ардагеріне теңестірілген.
Бақыт Уәлиұлының айтуынша, аудан ардагерлері барлық жағынан белсенді. Соның нәтижесінде соңғы он жылда облыста 8 рет бірінші орынды, екі рет екінші орынды жеңіп алған. Былтыр да 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша Жамбыл ауданы бірінші орынды иеленді.
Жыл бойы белсенді жұмыс атқарған бастауыш ардагерлер ұйымдары және жеке ардагерлер марапатталды. «Үздік ардагерлер ұйымы-2023» аталымы бойынша Гродеково бастауыш ардагерлер ұйымы (төрағасы С.Асанов), «Үздік би-2024» номинациясы бойынша О.Рысбаев (Жамбыл ауылдық округі) атанды. «Белсенді ардагерлер» номинациясы бойынша К.Оңғарбаев (Тоғызтарау), Ә.Ахметов (Бесағаш), С.Тәжиев (Полатқосшы) марапатталды.
Өткен жылы бірқатар ардагер «Айша бибі» шипажайында және Тараз қаласындағы оңалту орталығында ем алды. Оған аудандық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 50 ардагер Түркістан облысындағы киелі жерлерге саяхаттап қайтты, – деген Бақыт Сырлыбаев аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар, әкелер кеңестерінің жұмыстары туралы бірқатар ақпарат берді.
Бақыт Сырлыбаев сөзінің қорытындысында:
– Биыл – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы. Осы мерекені бүкіл халық болып атап өту – бүгінгі ұрпақтың парызы. Ардагерлер ұйымдары соғыс құрбандарына арналған ескерткіштердің қайта жөндеуден өтіп, жаңаруына бақылау жүргізіп, майдан даласынан қайтпай қалған және елге оралып, еңбек етіп қайтыс болған жауынгер аталарымызды ұлықтауға тиісті, – деді.
Пленумда аудандық билер кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы аудандық билер кеңесінің төрағасы Батырбек Саршаев баяндама жасады.
Баяндамаларды талқылауға Айша бибі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқын Қалыбаев, Қызылқайнар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжетай Құрманқұлов, Полатқосшы ауылдық билер кеңесінің төрағасы Рахымберді Саламатов қатысты.
Пленумда сөз сөйлеген облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы Есіркепов аудандық ардагерлер мен билер кеңестерінің атқарған жұмысын жоғары бағалап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Серікұлы Ізтілеуов жас ұрпақ тәрбиесінде аға ұрпақ өкілдерінің орны бөлек екендігін, жергілікті билік тарапынан ардагерлерге әркез қолдау болатындығын қадап айтты.
Пленумда белсенді ардагерлерге түрлі марапаттар табыс етілді.
Нұрасыл СҰЛТАНБАЕВ,
журналист.
Жамбыл ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Мойынқұмның елге сыйлы Балжаны.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Ұл мен келін қабағыңды жүр бағып.
08 март 2025, Суббота
Похожие материалы:
Комментарии (0)